Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет190/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Хазіреті  Пайғамбарға 

r

  бір  адам  келіп  қай 



садақаның сауабының үлкен екенін сұрайды.

Хазіреті Пайғамбар 

r

 былай деп жауап береді:



«Күш-қуатты  кезіңде  денсаулығың  орнында, 

сараңдығың  үстінде,  кедей  болудан  қам  жемегенде 

(не  бұның  қарама-қайшысы)  көбірек  бай  болуды 

қалағаныңда  берген  садақаңның  сауабы  көбірек.  (Бұл 

істі)  жан  алқымға  келіп  те:  «Пәленге  мынанша, 

пәленшеге  мынанша»  –  деп  қалдырма.  Өйткені 

ол  мүлік  негізінде  мирасшылардан  оныкі  не  мұныкі 

болған» 

(Бұхари, Зекет, 11)

.

Басқа бір хадисте былай деген:



«Адамның  (дені  сау  кезде)  өмірінде  бір  дирһәм 

садақа  бергені  өлім  кезінде  жүз  дирһәм  садақа  бер-

генінен әлдеқайда артық» 

(Әбу Дәуіт, 3/2866)

.

Шәйх Сағди бұл ақиқаттардан аян алғандай, былай 

насихат айтады:



«Ахірет  азығыңды  өміріңде  өзің  жина!  Өйткені 

сен  өлгеннен  кейін  туыстарың  әуестікке  беріледі. 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

280



Сенің  рухың  үшін  ешбір  жақсылық  жасамайды.  Ал-

тынды,  нығметті  қолыңда  болғанда  сен  бүгін  бер! 

Сен  өлгеннен  кейін  олар  қолыңнан  шығады,  ие  бола 

алмайсың!

Азығың о дүниеге өзі алып барған нағыз бақ-дәу-

летке  кенелген  адам.  Арқамды  мені  ойлап,  басқасы 

емес тек өз тырнағым ғана қасиды.

Қандай  қазынаң  бар  болса  да  уысыңа  қой,  бере-

тін  жерлерге  бер!  Бере  алмасаң,  ертеңгі  өкініштен 

бармағыңды шайнайсың».

Шынымен-ақ  дүние-мүлікті  уақыт  бар  кезде  бер-

мей,  оны  рухани  тәрбиеден  мақрұм  өскен  және  қалай 

жұмсайтыны  белгісіз  мирасқорларға  қалдыру  ауыр  ахі-

рет  есебін  арқалау  болып  табылады.  Бұл  дұрыс  ақыл 

емес.


Сахабадан Әбу Зәр 

 даналыққа толы насихатты 



айтады:

«Бір мүлікте үш ортақ бар. Біріншісі – мүлік иесі, 

яғни сен. Екіншісі – тағдыр. Ол жақсылық па, апат 

па  әлде  өлім  сияқты  жамандық  па,  алып  кететінін 

сенен  сұрамайды.  Үшінші  ортақ  –  мирасшы.  Ол 

да  ертерек  басыңды  жерге  қоюыңды  (яғни  өлуіңді) 

күтеді.  Өлгенде  мүлкіңді  алып  кетеді,  сен  де  есебін 

бересің.  Егер  күшің  жетсе,  сен  бұл  үш  ортақтың  ең 

әлсізі болма!...» 

(Әбу Нұайм, Хилия, І, 163)



.

Өлгенде  түксіз  қалатын  дәулетті  адамдар  –  бір  қиял 

281

ЖАҚСЫЛЫҚҚА  АСЫҒУ




әлемі  болған  дүниеде  өзін  бай  есептеп,  өліммен  ақиқат 

таңыңда  оянғандарыңда  қолында  уысында  еш  нәрсе 

қалмағанын көрген мәңгілік мақрұмдары. Негізінде, бай-

лық  ажалмен  жоқ  болмау.  Керісінше,  мәңгі  дәулет  пен 

қазынаға қол жеткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет