155
Хазіреті Пайғамбар
r
Мырзамыз:
«Мүминнің парасатынан сақтаныңдар! Өйтке-
ні ол Аллаһтың нұрымен қарайды» – деген
(Термези,
Тәфсір, 15)
.
Хадистегі «Сақтаныңдар!» деген ескерту «Кәміл
мүминдердің құзырына жасырын есептер мен көңіл
аласапырандығымен бармаңдар, олар ерекше парасат-
тылықпен сендердің жасыруға тырысқандарыңды кө-
реді» мағынасына келеді. Сондықтан «Ғалымдардың
алдында тіліңе, әулиенің алдында діліңе ие бол!» –
делінген.
Осы тұрғыдан көңілдері Аллаһтың ерекше мейірім
назарына ие болған Хақ достарына үлкен тиянақты-
лықпен әдепке мән берілуі керек. Олардың құзырында
рұқсатсыз сөйлеу, отыру, тұру, дөрекі іс-қимылдар жа-
сау рухани пайдаға зиян тигізетіні сияқты Аллаһтың
ашуына алып келеді.
Османлы мемлекетінің ариф көңілді сұлтандарының
бірі Явуз Сұлтан Сәлім Хан әулиелердің құзырына
кіргенде үлкен әдеп көрсететін. Қажетсіз бір сөз де
айтпайтын. Шамда үлкен әулиелердің бірі Мұхаммед
Бәдахши Хазіреттің зияратында сөйлемеген, тек тың-
даған. Кейін құзырынан сол күйі кері оралған. Онымен
бірге жүрген мемлекет адамдары таң қалып:
«Сұлтаным! Тек тыңдап, бір сөз де айтпадыңыз ғой!
Мұның қандай хикметі бар?» – деп сұрайды. Явуз
ӘДЕП пен НӘЗІКТІК