«Аллаһ – жомарт, сый иесі. Жомарт пен көркем
мінезді сүйеді...»
(Суюти, Жамиғус-Сағир, 1, 60)
.
Иманның ләззаты болған жомарттық халықтың да,
Аллаһтың да сүйіспеншілігін тартады. Құдси хадисте
былай айтылған:
«Бұл дін (яғни, Ислам) – Өзім үшін таңдап разы
болған дін. Оған тек жомарттық пен көркем мінез
жарасады. Мұсылман болып өмір сүрген сайын оны осы
екі ерекшелікпен жоғарлатыңдар»
(Хәйсәми, 8, 20; Әли әл-
Мүттақи, Кәнзүл-Ұммәл, 6, 392)
.
Жомарттық Аллаһ пен ахіретке деген толық мағы-
надағы сенім нәтижесі.
Хазіреті Әли
мұны тамаша
баян етеді:
«Иман ағаш сияқты. Тамыры – яқин (нақты се-
нім), бұтағы – тақуа, нұры – ұят, жемісі – жо-
марттық».
Достарыңызбен бөлісу: