Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет130/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Шәйх Сағди бұл ақиқатты тамаша түсіндірген:

«Аллаһ  ешкімге  жақсылық  есігін  жауып  қойма-

ған.  Мынаны  біл:  әркімнің  жақсылығы  оның  күшіне 

қарай.  Байдың  қазынасынан  бір  мөлшер  алтын 

беруі,  бір  кедейдің  өз  қолымен  тапқанынан  бір  мөл-

шер  бергеніндей  бола  алмайды.  Шегірткенің  аяғы 

құмырсқаға ауыр жүк».

Йәрмук  шайқасында  үш  шәһидтің  соңғы  демде-

рінде  үлкен  жанашырлықпен  бір  кесе  суды  бір-біріне 

ұсынуы, ақыры сол судың ортада қалуы, бәлкім, қанша-

ма үлкен деп есептелген инфәқтардан асып кеткен. Мәсе-

ле бір торсық суда емес, көрсетілген көңіл байлығының 

әсемдігінде.

Аз  мөлшерде  беру  сараңдық  болған  жағдайда  жо-

марттық  тек  ауқатты  адамдардың  иелігіндегі  мүмкіндік 

ЖОМАРТТЫҚ  пен  ИНФӘҚ




192

пен ерекшелік болар еді. Алайда, байлық немесе кедей-

лік – бұл дүниедегі сынақ сырының өзімен алып келген 

иләһи  тағды-ры.  Құлдың  ауқатты  немесе  мұқтаж  бо-

луы өзіне байланысты емес. Сондықтан жомарттық пен 

сараңдық дүние-мүлік және қазына мәселесі емес, көңіл 

мәселесі.

Яғни мүмкіндігі шектеулі мұсылман қаласа, жомарт 

бола  алады  және  болуы  да  тиіс.  Иманымыз  қандай 

жағдай  болса  да  жомарт  құл  болуымызды  қажет  етеді. 

Жомарттық  пен  сараңдық  ие  болған  мүмкіндіктеріміз-

ден  қанша  мөлшерде  емес,  қай  деңгейде  инфәқ  ете 

алғанымызға байланысты.

Хазіреті  Пайғамбар 

r

  бай-кедей  болсын  барлық 



мұсылмандарды инфәққа шақырады. Бір құрмадан бас-

қа ешбір нәрсесі болмағандарды:



«Жарты  құрмамен  болса  да,  тозақ  отынан  сақ-

таныңдар,  оны  да  таба  алмасаңдар,  көркем,  жылы 

сөзбен қорғаныңдар» – деген 

(Бұхари, Әдеп, 34)

.

Осы  мәселедегі  Хазіреті  Пайғамбардың 



r

  айтқан 

сөз бен үндеулерінен бірнеше мысал:

«Ей, Айша! Жарты құрмамен болса да бер, кедей-

ді кері бос қайтарма!» 

(Термези, Зүһд, 37)

.

«Дін бауырыңның жүзіне күлімсіреп қарағаның да 

садақа болып есептеледі» 

(Термези, Бир, 36)

.

Хазіреті Пайғамбар 



r

 кедей сахабасы Әбу Зәрмен 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



193

  кездескенінде  кедейліктің  жомарттыққа  тосқауыл 



емес екендігін меңзеп, оған:

«Сорпа  пісіргеніңде  суын  көбірек  қос.  Сосын  көр-

шілеріңе  барып  назар  сал  да,  қажет  деп  білгендеріңе 

көркем түрде тарту ет!» – деген 

(Мүслим, Бирр, 143)

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет