Хазіреті Мәуләнә бұл ақиқаттардан шабыт алған-
дай былай насихаттайды:
«Көңіл аулауға ден қой, әлсіздерге қызмет ет!
Әлсіздерді, көңілі түскендерді қорға! Олар сондай
адамдар ешқандай табысы жоқ. Бірақ жүректері
тыныш, кішіпейіл, жабырқаулы. Оларды ізде, тап!»
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
234
Міне, негізгі ізгілік осындай мұқтаждың қолынан
тұта білу. Яғни сұрауға ұялып, күйін жасырған тақуа иесі
мұқтажды іздеп табуды және оларды жүздерінен тану-
ды жүрегіміздің ерекшелігіне айналдыру. Раббымыздың
әмірі, күмәнсіз, бұл ерекшелікке қол жеткізе білу, мүлік-
тің адалдығы мен көңілдегі ықылас мөлшерінде ғана
мүмкін.
Адал мүліктен тек иләһи ризалық үшін шын көңіл-
ден жасалған инфәқ зая кетпейді. Аллаһ оны лайықты-
ларға нәсіп етеді.
Аллаһ жолындағы қабілетті де мамандығы бар
адамға қол ұшын беру кейде мыңдаған адамға көмек
көрсеткенмен тең. Өйткені үлкен қабілет иелерінің ал-
дына барлық мүмкіндіктерді ұсынсаңыз да ысырап бол-
майды.
Хазіреті Пайғамбар
r
да өзін Аллаһ жолына ата-
ған және «Асхабүс-Сұффа» деп аталған кедей сахаба-
ларын ерекше бақылап және ауқатты мүминдерді олар
үшін инфәққа шақыратын.
Хақ досы Хазіреті Мәуләнә да нағыз мұқтаж-
дың ақысы инфәқты кімге және қайда беретінімізге мән
беруіміздің маңыздылығына сүйене отырып, былай дейді:
«Әділет дегеніміз не? Жеміс ағаштарын суғару.
Зұлымдық дегеніміз не? Тікендерді суғару...»
Олай болса инфәғымызбен руханият бақшаларын
немесе нәпсіқұмарлықтың тікендерін көгалдандырып
жатқанымызға мән беруіміз шарт.
235
ИНФӘҚТАҒЫ ЫҚЫЛАС
236
Инфәқтың құндылығы мүліктің адалдығы дең-
гейінде. Адал мүлікпен жасалған жақсылықтар Аллаһ-
тың сыйымен оған ең лайықты адамдарға нәсіп бола-
ды. Осы тұрғыда инфәқтар табыстың рухани рентгені
іспеттес.
Хақ достарынан Әбу Аббас Нихауандиге сауда-
мен айналысатын ауқатты біреуі келіп, садақасын кімге
бергені дұрыс болатынын сұрайды. Ол:
«Көңілің кімге шешім берсе, соған бер!» – дейді.
Ұстазынан айрылган шәкірт жол үстінде тіленшілік
жасаған бір соқырды көреді. Көңілі оған ауады, зекет-
ке арнаған бір ыдыс алтынды шығарып, оған береді.
Ыдысты қолымен ұстап көрген ол, қуанып кетеді.
Ертесінде тура сол жерден өтіп бара жатқан әлгі
шәкірт бір күн бұрын өзі зекет берген соқырдың басқа
бір соқырмен сөйлесіп тұрғанын көреді. Олардың мына
сөздерін естиді:
«Кеше маған бір бай мырза толық бір ыдыс алтын
берді. Мен де шарапханаға барып, жақсылап көңіл
көтердім»
Бұл жағдай шәкірттің жанына қатты батады. Тіке-
лей Әбу Аббастың құзырына барады. Оқиғаны енді
баяндамақ болғанда Әбу Аббас оның сөйлеуіне мүм-
кіндік бермей, оған сатқан баскиімінің ақшасын алдынан
шыққан алғашқы адамға беруін ескертеді.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
237
Шәкірт ештеңе дей алмай, берілген тапсырманы
орындау үшін ол жерден шығып кетеді. Өзіне ескер-
тілгендей алдынан шыққан алғашқы адамға ақшаны бе-
реді. Бірақ ішін кемірген қызығушылықпен ол адамды
аңдиды. Адам біраз жүріп, бір құлап жатқан үйге кіре-
ді. Кейін киімінің астынан өлі бір кекілікті шығарып,
жерге тастайды. Тура сол жерден шыға бергенде шәкірт
алдынан шығып:
«Ей, жігіт! Аллаһ үшін шындығыңды айт, бұл не
күйің! Мына тастаған өлі кекілік не?» деп сұрайды.
Адам өзіне ақша берген адамды көріп, қобалжы-
ғанынан кекештеніп мынаны айтады:
«Жеті күн бойы бір нәрсе тауып бала-шағама жегізе
алмадым. Әйелім екеуіміз шыдадық. Бірақ балаларым
аштыққа шыдамады. Оған қарамай тіленіп, адамдар-
дан бір нәрсе сұрау әсте жасай алмайтын ісім еді. Бұл
күйзеліс күйде болғанымда сен көрген шіріп кетуге
аз ғана қалған мына өлі кекілікті тауып алдым. Зәру
болғандықтан оны балаларыма апарар едім. Ішімнен
Аллаһқа жалбарынып, «О, Раббым! Жағдайым мүшкіл,
жәрдем ет!» – деп дұға етіп жүрдім де, сен алдымнан
шығып, ақша бердің. Мен де Раббыма шүкірлік етіп,
жеуге жарамайтын құсты осы қоқысқа тастадым. Енді
базарға барамын да берген ақшаңмен жейтін бір нәрселер
аламын...»
Бұған таң қалған шәкірт дереу Әбу Аббастың жа-
нына барады. Ол ештеңе демей былай дейді:
ИНФӘҚТАҒЫ ЫҚЫЛАС
238
«Ұлым! Демек, сен табысыңа күмәнді, арам нәрсе-
нің араласып-араласпағанына мән бермегенсің. Сондық-
тан берген мұқтажға мән берсең де ол зекетің шарапқа
кетті. Өйткені табыс, табылған нәрселер қайдан және
қалай келсе, солай кетеді. Айтқанымдай, сенің бір ыдыс
алтыныңа қарағанда менің бір ғана ақшам салих адам-
ның қолына түсуі де оның адал болуынан».
Демек, садақаны лайықты адамдарға бере білу
ол затты қай жолмен тапқанымызға да байланысты
екен. Ақша да солай табыс жолына қарай оған тарту
немесе босқа кету заңы жүретін сияқты. Ақша жылан
сияқты келген тесігінен кетеді. Халал табыс жақсылық
пен ізгіліктерге себеп болса, харам табыс жамандық
жолдарына жетелейді. Сондықтан мүліктің адалдығы
жұмсалған жерінен-ақ белгілі болады.
Инфәқтың рухани жағдайы өзін белгілі түрде көр-
сетеді. Кей адамдардың қайырымдылығымен жасал-
ған жақсылықтардың көңілге айрықша бір бақыт әке-
луі ақшаның адалдығы мен көңілінің шынайылығын
көрсетеді.
Бір жағынан дінімізде әрбір мүмкіндікте садақа беру
айтылған. Егер мұны ықыласпен орындайтын болсақ,
Аллаһ ерекше береке береді. Сондай берілген садақа
кей кезде оған лайықты емеске кеткендей көрінсе де,
Аллаһтың сыйымен алған адамның бейқамдықтан оя-
нып, көңілінде жақсылыққа қарай болымды бейімнің
бүршік жаруына себепші болады.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
239
Бұл шындыққа ишарат еткен Аллаһ Елшісі
r
бір
хадисінде ертеде бір адам садақа беруге ниеттеніп, түнгі
қараңғыда білмей бір ұрының, екінші түні бір зина-
кештің, үшінші түні бір байдың қолына ұстатып жібереді.
Мұны естіген халық таң қалып, ол адамды айыптай-
ды. Бірақ ол адамның инфәқ еткендегі ықыласының
берекетімен түсінде мына сөздерді естігені баяндалады:
«Ұрыға берген садақа, бәлкім, оны жасаған ұр-
лығынан ұялып, бас тартқызар. Зинакеш, бәлкім,
жасағанына өкініп, намысты әйел болар. Бай да,
бәлкім, бұдан ғибрат алып, Аллаһтың өзіне берген
мүлкінен мұқтаждарға таратар»
(Бұхари, Зекет, 14;
Мүслим, Зекет, 78)
.
Бұл даналық пен ақиқаттың бір мысалын Пайғам-
бар мұрагері – Хақ достарының бірі Махмуд Сами
Достарыңызбен бөлісу: |