ЫҚЫЛАСТЫң БЕЛГІСІ –
ШЫН МӘНІНдЕ МұҚТАЖ
АдАМдЫ ТАБА БІЛу
Садақаны ең лайық адамға беруге тырысу – маңыз-
ды инфәқ әдебі. Істің жеңіл жағын ойлап, кез келгенге
бере салу емес. «Олар зекет беру үшін іскерлік етеді»
аятында
(Мүминун, 4)
айтылғандай ақы тура орнын табуы
үшін құлшылық ниетімен, салмақты күш жұмсап беру
керек.
Өзімізге бағалы бір нәрсе сатып аларда қалай мән
беріп іздестірсек, тура сондай ұқыптылықпен уақыт
пен күшімізді беріп, аманатты нақты иесіне жеткізуіміз
керек. Өйткені инфәқ – Аллаһтың бұл фәни әлемде
берген мүмкіндіктерінен беріп, мәңгі әлемдегі шексіз
нығметтерді сатып алу ретіндегі рухани сауда. Бұл
сауда-саттықты ең пайдалы түрде жасау шын мәніндегі
мұқтажды іздеп табуға байланысты. Бұл тура сол
мезетте инфәқ еткеннің көңіліндегі ықылас деңгейін де
көрсетеді.
ИНФӘҚТАҒЫ ЫҚЫЛАС
Аятта инфәқ етушінің шын мәнінде мұқтажды іздеуі
былай әмір етілген:
Достарыңызбен бөлісу: |