Редактор: Закия Махитжанқызы


«Садақаларды әшкере берсеңдер, қандай жақсы



Pdf көрінісі
бет168/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«Садақаларды әшкере берсеңдер, қандай жақсы. 

Егер оны құпия түрде әрі кедейлерге берсеңдер, бұл 

сендер  үшін,  тіпті,  жақсы...» 

(Бақара,  271)

  –  аятын 

өзгелерді  ынталандыру  үшін  зекеттің  ашық,  ал  садақа 

мен  басқа  жақсылықтардың  жасырын  жасалуы  керек-

тігін айтқан.

Сөздің  қысқасы,  жақсылықтың  жасырын  не  ашық 

жасалуы  жағдай  мен  әне  шарттарына  қарай  өзгереді. 

Жүректегі  ниет  тұнықтығын  сақтағанда  ашық  инфәқ 

етуде кемшілік жоқ. Тіпті, қажетті жағдайда адамдарды 

жақсылыққа  ынталандыру  үшін  бұл  жол  таңдалады.  Осы 

екі  түрлі  инфәқтың  ізгілігі  мен  сыры  –  жүректің  рия  мен 

көзбояушылықтан  сақтануы,  тақуалық  пен  ықыластың 

қорғалуы.

Садақаның  ашық  берілуі  оны  алған  кей  адамдарда 

ұят сезімдерінің азаюына, ұят сезімінің азаюы уақыт өте 

садақа күтуінің үйреншікті күйге келуіне, бұл жұмыс істеу 

ынтасы  мен  ұмтылысының  жоғалуына  себепші  болады. 

Әсіресе  ашық  жасалған  инфәқ  берген  адамды  мақтан-

шақ  пен  тәкаппарлыққа  жетелеп  өзін  ұнату  ықтималы 

245

ИНФӘҚТАҒЫ  ЫҚЫЛАС




болғанындай,  алған  адамның  ренжу  ықтималы  да  көп. 

Бұндай жағдайларда жасырын инфәқ ету дұрыс болады.

Хазіреті  Омар 

  түні  бойы  арқасына  ұнды  көтеріп, 



кедей көшелерін аралап, ешкімге көрінбей, тіпті, көбіне 

кім екенін жасырып, мұқтаждарды қуантатын.

Хазіреті  Әлидің  немересі  Имам  Зейнелабидин  де 

әр  түні  Мәдина  кедейлерінің  есігі  алдына  арқасында 

тасыған  азық  қаптарын  тастап  кетіп,  ешкімге  көрінбей 

кері оралатын. Бір күні таң атқанда кедейлер есіктерінің 

алдына азық қойылмағанын көрген. Таң қалып, себебін 

сұрастырғанда,  Зейнелабидиннің  қайтыс  болғаны  тура-

лы  хабар  барша  Мәдинаға  жайылады.  Бәрі  терең  қай-

ғыға шомады.

Зейнелабидиннің  денесі  жуылып  жатқанда  ар-

қасынан  іші  су  жинаған  үлкен  жаралар  көрінеді.  Жа-

қындарынан  мұның  себебін  сұрағанда,  ол  мүбәрак 

адамның  сыры  да  аян  болады.  Өйткені,  арқасындағы 

жаралар  кедейлерге  тасыған  азық  қаптарынан  пайда 

болған  болатын 

(Ибн  Кәсир,  Бидая,  9,  112,  122;  Әбу  Нұаайм, 

Хилия, 3, 136)

.

Міне,  мейірімге  толы  мүмин  көңілдердегі  ықылас 



көрінісі және жақсылық сауабына адами ілтипатпен дақ 

түсірмеу үшін көрсетілген аса үлкен сезімталдық.

Бабаларымыз  бұл  сезімталдықтың  ең  көркем  үлгі-

лерін  паш  еткен.  Фатих  Сұлтан  Мұхаммед  Ханның 

уақф/қор жарғасындағы мына сөздері бұл мәселедегі өте 

назар аудартатын жайт:

246

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




247



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет