Мимар Синан патшаға:
«Сұлтаным! Хаттат (сәндеп нақыш етуші) кара-
хисари бұл мешітті жазумен безендіріп жүргенде,
жанарынан айрылып соқыр болып қалды. Бұл абырой-
ды оған берейік!...» – дейді.
Ұлы мешітті осындай ізгіліктерге толы еңбектерден
кейін Хаттат Карахисари ашты.
Сүлеймания мешітінде сәулет өнеріне құлшылық-
тың руханияты сіңген. Іші жарық та әдемі, әсем, мүминді
көңіл серпінімен терең бір әлемге алып кетеді. Тасы мен
топырағы да рухаинятқа ие болған бұл мешіт Исламның
ең ұлы әдіспен материяда көрініс табуы. Ол бейне бір
үнсіз және үнсіздігі көптеген нәрсе ұқтыратын адам.
Мешіттің рухани ауасының адамның жан дүниесіне
беретін әсері өте ашық. Бұл мешітті зиярат етіп келген
түрлі діндерге тәуелді көптеген туристер де көрген ру-
хани ауаның тартымдылығымен бақыт пен тыныштық
ішінде рухтарын демалдырады.
Қандай шынайы инфәқтың берекеті бұл еңбек!
Шамамен бес ғасырдан бері қаншама жер сілкінісіне
шыдап тік тұрып, мұсылман елінің жерін Ислам сәуле-
тінің асқақтығымен илеуде, көк күмбезімізді азан
үндерімен толтыруда. Күмәнсіз, бұл бақыт – Аллаһтың
ықыласқа сыйлаған берекеті...
ИНФӘҚТАҒЫ ЫҚЫЛАС
244
Достарыңызбен бөлісу: |