«Олай болса, бұл етті соларға алып бар!» – деді.
262
шығып кетеді. Ал жетімдер жесе, мәңгі қалу үшін ұлық
Аршқа шығады!» – деді.
Хақ досы Ұбәйдұллаһ Ахрар Хазірет былай дейді:
«Бір күні базарға бардым. Бір адам жаныма келіп,
аш екенін айтты. Бірақ кедей едім. Ол кезде ешбір
мүмкіндігім жоқ еді. Тек ескі, тозығы жеткен сәлдем бар
еді. Ол аш адамды ертіп, бір асханаға бардым.
Аспазға:
«Мына сәлдемді ал. Ескірген, бірақ таза. Ыдыста-
рыңды құрғатарсың. Тек бұған өтем ретінде мына аш
адамды тойғызасың ба?» – дедім
Аспаз кедейге тамақ берді, сәлдемді маған кері
қайтарып берді. Бірақ сөз бергендіктен кері алмадым.
Өзім де аш күйде кедей тойғанша күтіп отырдым»
(Хадаиқұл-Уәрдия, 651)
.
Ұбәйдұллаһ Ахрар кейін үлкен байлыққа ие болды.
Егістігінде мыңдаған адам жұмыс істейтін. Хазірет сол
кездегі жағдайын былай түсіндіреді:
«Самарқандта Мәуләнә Құтбұддин медресесіндегі
төрт науқастың қызметін өз мойныма алдым. Аурулары
ұлғайып, жатын орындарын тез кірлететін. Мен оларды
қолыммен жуып, киімдерін кигізетінмін. Үнемі қызмет
еткенім үшін аурулары маған да жұғып кетті де, мен де
жатаққа түстім. Бірақ сонда да су алып келіп, аурулардың
астын тазалап, киімдерін жуа бердім»
(Хадаиқұл-Уәрдия,
653)
.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
263
Ұбәйдұллаһ Ахрардың жағдайы қандай ғибратты!
Хазірет қаласа ие болған байлығымен өзі абыржымай-
ақ бұл қызметін басқаларға да жасата алар еді. Бірақ
исар ізгілігінен мақрұм қалмау үшін жеке рахаттығынан
пидакештік танытып, бас тартты.
Достарыңызбен бөлісу: