Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет19/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   293
Абдұллаһ  Ибн  Омар 

v

  Меккеде  аяқ  асты  нау-



қастанып  қалады.  Риуаяттарға  қарағанда  Хажжаж 

уландырған.  Ибн  Омар  үлкен  азап  шегеді.  Қарт  болса 

да, оны бір шатырға алып барады. Сол сәтте сөйлей де, 

еш  әрекет  жасай  алмай  қалады.  Жанындағыларға  бір 

нәрселер  айтқысы  келді.  Бірақ  олар  оның  не  қалаға-

нын түсіне алмайды. Шарасыз күтіп тұрғанда, шатырға 

Абдұллаһ  ибн  Омарды  жақсы  танитын  біреу  кіріп  келе-

ді.  Олар  оған  Абдұллаһ  ибн  Омардың  өздеріне  бір 

нәрселер  айтқысы  келгенін,  бірақ  ұға  алмағандарын 

айтады. Ол:

–  Сендер  алдында  оған  не  жасадыңдар?  –  деп 

сұрайды.


Олар:

– Дәрет алдырдық – дейді.

Ол тағы да:

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

36



–  Жарайды,  дәрет  алдырғанда  құлағын  мәсіх 

еттіңдер ме? – деп сұрайды.

Олар:

– Жоқ, ұмытып кеттік! – дейді.



Ол кісі:

–  Сендер  оны  танымайсыңдар  ма?  Ол  өмір  бойы 

Пайғамбарымыз 

r

  Мырзамыз  жасаған  әрбір  ісін  жа-



сауға,  сақтанған  нәрселерінен  сақтануға  тырысатын  – 

дейді.


Осымен  бірден  құлағының  арқасына  мәсіх  етеді. 

Бұдан кейін Абдұллаһ ибн Омардың көңілі жай тауып, 

күлімсірейді  де  артынша  мүбәрак  рухын  шаттық  күйде 

тапсырады.

Міне,  көңілдері  Мұхаммеди  махаббатқа  толы  ға-

шық сахабалар Аллаһ Расулының 

r

 бұйрықтары сияқ-



ты Оның ым мен белгілеріне дейін үлкен мән-маңыз бе-

ретіні соншалық, Оған ілесу үшін Оны ізгі бір амал жа-

сап жатқанын бір рет көрсе де, олар үшін жеткілікті бо-

латын.  Тіпті,  қадірменді  сахабалар  ардақты  Пайғамба-

рымыздың ондай істі жеке-дара әмір етуін қажет етпей, 

әсем сүннетті өмір бойы іске асыруға тырысатын.



Әнәс 

 былай дейді: 



«Бір  күні  Аллаһ  Расулының 

r

  Дұха  намазын 



алты рәкәат етіп оқығанын көрдім. Сол күннен бері бұл 

намазды еш тастамадым».

ХАЗІРЕТІ  ПАЙҒАМБАРДЫ  ЖҮРЕКПЕН  ТАНУ

37



Бұл риуаятты жеткізген Хасан Басри да тура сон-

дай ынтасымен былай дейді: 

«Хазіреті  Әнәстің  бұл  мәлімдемесінен  кейін  мен  де 

ол намазды тастамадым» 

(Табарани, Әусат, ІІ, 68/1276)

.

Жәбир 

 айтады:


«Бір  күні  Пайғамбарымыз 

r

 



қолымнан  ұстап, 

мені  үйіне  алып  келді.  Бір  нан  бөлігін  алып  шықты  да 

үйдегілерден:

– Бұған қосатын бірдеңе бар ма? – деп сұрады.

Олар:

– Үйде сірке суынан басқа еш нәрсе жоқ – деді.



Аллаһ Расулы 

r

:



– Сірке суы қандай тамаша қоспа! – деді.

Аллаһ  Расулынан  r  бұл  сөзді  естіген  кезден  бері 

мен де сірке суын қатты ұнатамын» 

(Мүслим, Әшрибә, 167-

169)

.

Міне, Мұхаммеди махаббатқа толы жүректерде қа-



лау  мен  талғамдар  осылай  өзгеретін.  Бұл  жағдайдың  тағы 

бір мысалы – хадис ғалымы, мүжтәһид Имам Нәуәуи

Ол  да  Пайғамбарымызға  сондай  бір  ынталықпен  ілесуге 

тырысатын.  Ол  Аллаһ  Расулының 

r

  қарбызды  қалай 



жегенін  білмегені  үшін  Оның  ұстанымынан  тыс  әрекет 

істеуден қорқып, өмір бойы қарбыз жемеген. 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

38



39

Сондай-ақ Ол «һидаят күніне» ғашық, нұрлы жаңа 

туған  айдай  болған  Хақ  досы  Қожа  Ахмет  Яссауи 

Әлемдер Мырзасы 

r

 63 жасында мәңгі әлемге көшке-



ні  үшін  ол  да  осы  жастан  кейінгі  өмірін  жер  бетінде 

жүрмей, қайтыс болғанша 10 жыл қабір іспеттес жерде 

(қылуетте)  тәлім-тәрбие  ісін  жалғастырып,  өмірін  сол 

дәлізде жалғастырған.

Аллаһ  Елшісінің  азаншысы,  жәннат  бақшасының 

жаңғырық бұлбұлы Хазіреті Біләл 

 да Пайғамбары-



мыз  бақилық  болғаннан  кейін  Мәдинада  тұра  алмаған. 

Өмір  бойы  Пайғамбарымызға  қауышатын  күнін  інкәр 

сезіммен күтіп, өмір кешкен бұл Пайғамбар ғашығы 60-

тан  асқан  шағында  Дамаскіде  қайтыс  болды.  Қайтыс 

боларында:

–  Құдай  қаласа,  ертең  сүйікті  достарым  Хазіреті 

Мұхаммедпен 

r

, Оның жолдастарымен қауышамын» – 



дейді.

Әйелі:


–  Әттең!  Басыма  түскендерге!»  –  деп  жылап 

жатқанда, көңілі Пайғамбарға деген құштырлыққа толы 

Біләл:

–  Нендей  тамаша,  қандай  жақсы!»  –  деп,  қуанып 



жатты 

(Зәһәби, Сияр, ІІ,359)

.

Әлбетте, өмір Оған деген махаббат бағының ғашық 



бұлбұлы  ретінде  сүрілсе,  өлім  де  қауышу  шаттығындай 

той-мейрам болады.

ХАЗІРЕТІ  ПАЙҒАМБАРДЫ  ЖҮРЕКПЕН  ТАНУ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет