Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет20/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   293
Хазіреті Мәуләнә былай айтқан:

«Кел,  ей,  көңіл!  Нағыз  мейрам  –  Хазіреті 

Мұхаммедке  қауышу.  Өйткені,  әлемнің  шуағы  Ол 

мүбәрактың жамалының нұрынан».

Міне,  осы  нұрға  құштар  ғашық  үшін  өлім  бір  той 

шымылдығы мен бақытты қауышу сәті. Расул Әкрәм 

r

 



Мырзамыздың  өмір  жолдасы,  мүминдер  анасы  Хазіреті 

Айшаның 


c

 

мына жағдайы қаншалықты өнегелі:



Хазіреті  Пайғамбар 

r

  Мырзамыз  Ұлы  Досына 



Айша  анамыздың  бөлмесінде  қауышқан,  сол  жерге 

жерленген. Аллаһ Елшісінің r

 

жұбайы болу бақытына 



қол  жеткізген  Айша  анамыз  Мырзамыз 

r

 



қайтыс 

болғаннан  кейін  де  Оның  қабірі  жатқан  бұл  бөлмені 

тастамады.  Берік  шырақшыдай  киелі  қабірдің  жанында 

өмір сүре берді. Екі жыл үш айдан кейін әкесі Әбу Бәкір 

де 



 қайтыс болды. Ол да Пайғамбарымыздың жаны-



на жерленді. Оның қасында бір қабір үшін орын қалды. 

Хазіреті Айша 

c

 бұл жерді өзіне дайындаған болатын. 



Бірақ Хазіреті Омар 

 соңғы демінде сол жерге жер-



леу  үшін  Хазіреті  Айша  анамыздан  рұқсат  сұрағанда, 

теңдесі жоқ жомарттық абзалдылығын паш етіп, оған өз 

орнын береді.

Риуаятқа  сүйенсек,  Айша  анамыз  бақытқа  толы 

бөлмесінде тек Пайғамбарымыз бен әкесі Әбу Бәкірдің 

қабірлері бар кезде олардың жанында еркін әрекет ете-

тін. Бірақ Хазіреті Омар жерленгеннен кейін асқан ар-

ұят сезімінен араға перде тартып, бөлмесін екіге бөлдірген. 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

40



Міне,  өмір  бойы  Аллаһ  Елшісіне  жақын  болуды 

ең  үлкен  бақыт  деп  білген  бұл  мүбәрак  анамыздың 

қайтыс  боларынан  бұрын  жасаған  мына  екі  өсиеті 

Пайғамбарымызға 

r

 қауышу ынтызарлығының ерекше 



көрінісі:

1.  Қайтыс  болғанымда  әрлеу  іс-шараларын  жасап, 

жаназамды күттірмей түн уақыты болса да жерлеңдер.

2.  Жаназамды  қабірге  алып  барарда  табытымның 

шетіне құрғақ құрма бұтақтарын жағып алып барыңдар.

Арабтардың  бұрынғы  әдет-ғұрыптары  бойынша 

той  түні  келінді  күйеу  жігіттің  үйіне  алып  барарда  той 

кимешегінің  шетіне  құрғақ  құрма  бұтақтары  жағылады 

екен. Міне, Хазіреті Мәуләнәға Шәби Арус (той кеші) 

деген  шабытты  берген  Хазіреті  Айша  анамыздың  осы 

өсиеті болса керек...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет