Редактор: Закия Махитжанқызы


бауырым»  дей  алу  мәселесінде  бақыт  ғасырындағы  адамгершілікті  Ибн  Омар



Pdf көрінісі
бет213/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

бауырым»  дей  алу  мәселесінде  бақыт  ғасырындағы 

адамгершілікті  Ибн  Омар 

V

  мына  тамаша  сөздермен 



баян етеді:

«Біз сондай замандар көрдік. Ішімізден ешкім өзін 

алтын  мен  күміске  мұсылман  бауырынан  лайықты 

екенін  ойламайтын.  Қазіргі  сондай  кезеңдеміз,  дүние 

затын  мұсылман  бауырымыздан  көбірек  сүйеміз» 

(Хәйсәми, Х, 285)

.

Қоғамда  материя-руханият  тепе-теңдігінің  руханият-



қа  қарсы  бұзылып,  иман  махаббаты  тез  өшкен  және 

рухтарда  қатты  ренжулер  іске  асып  жатқан  уақыттар-

да  бұл  кесте  одан  да  жаман  жағдайға  бет  алады.  Кіші 

есептер  мен  дүниелік  пайдалар  үшін  қаншама  мүмин-

дер  арасында  келіспеушілік  пен  суықтық  орын  алады. 

Надандық  пен  менмендік,  сезім-талсыздық  кесірінен 

Ислам бауырластығы әлсіздікке ұшы-ратылуда.

Ал,  Хазіреті  Пайғамбар 

r

 

мүминдерге  бауырла-



рын өз жандарынан артық көріп, шынайы сүйіспеншілік 

күйін қалыптастыруды әмір етеді.

БАУЫРЛАСТЫҚ



316

Бірақ  сүйіспеншілік  құрғақ  сөзден  тұрмайды.  Ба-

уырыңның  дертіне  ортақ  болып,  қиындығын  бөліспей, 

кемшіліктерін кешіріп, өз ақыңнан бас тартпай шынайы 

мағынада сүйіспеншілік туралы әңгіме айта алмаймыз.

Сондықтан  дін  бауырластығы  іске  аспаған  тек 

сүйіспеншілік сөздермен емес, іс жүзінде және айрықша 

сүйіспеншілік көріністерімен орындала алады. Іс жүзін-

дегі  сүйіспеншілікке  қол  жеткізе  алған  кәміл  мүминдер 

Хазіреті  Пайғамбарға 

r

  бауыр  болу  сүйіншісіне  ие 



болады.

Бір күні Хазіреті Пайғамбар 

r

 

Мырзамыз:



«Бауырларымызды  көруді  өте  қалар  едім.  Олар-

ды қаншалықты сағындым!» – дейді.

Сахабалар:

«Біз  сенің  бауырларың  емеспіз  бе,  о,  Аллаһ 

Елшісі?!» – дейді.

Хазіреті Пайғамбар 

r

:



«Сендер менің асхабымсыңдар, бауырларымыз әзір-

ше келмегендер» – дейді 

(Мүслим, Тахарат, 39, Фадаил, 26)

.

Аллаһ  Елшісінің  сүйіспеншілігіне  және  «бауырла-



рым»  ілтипатына  лайық  бола  білуіміз  үшін  үмметінің 

дертіне  ортақ  болып,  дін  бауырларымыздың  қызметін-

де болуымыз қажет. Өйткені құлына қызмет – Аллаһқа 

қызмет, үмметіне қызмет – Хазіреті Пайғамбарымызға 

қызмет сияқты.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




317



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет