Бауырластық құқығында ой-өрісіміз өте кең бо-
луы керек. Бауырластықтағы дәрежеміз жүрек толық-
тығымыздың да деңгейін көрсетеді. Бұған қарай:
1. Жағдайы жақсы мүминнің өзіне жүгінген қиын
жағдайдағы дін бауырына көмекші болуы бауырлас-
тықтың бірінші дәрежесі.
Аят кәримәда:
307
БАУЫРЛАСТЫҚ
308
«Аллаһтың саған дарытқан бақ-дәулетімен ахі-
реттік тұрақ тіле. дүниедегі несібеңді де ұмытып
қалма. Аллаһтың саған жақсылық бұйырғанын-
дай сен де (басқаларға) жақсылық істе. Жер жүзіне
бүлікшілік тілеме. Аллаһ анығында бұзақыларды
сүймейді» делінген
(Қасас, 77)
.
2. Бауырластықтың екінші дәрежесі:
«...Сен оларды жүздерінен танисың...»
(Бақара,
273)
аятының сырына жетіп, мұқтаж жағдайдағы ба-
уырыңның сұрауын күтпей тұрып мүшкілін шеше білу.
Бұл аят жоғары ұят пен арлылықтан мұқтаждарын
айтудан аулақ дін бауырларымызды жүздерінен тани
білетін жүрек ерекшелігіне жетуімізді баяндайды. Бұл да
үлкен бауырластықтың ой-өрісі.
Османлы мемлекетінің мұсылман елі жасаған қала
аралық жол бойындағы керуен сарай мен қонақ үйлер-
ге келген жолаушылардың алдына оның кім екеніне
қарамай тағам қойғызылып, барлық жолаушы бұл жер-
де үш күнге дейін тегін қала алатын. Кетер кезде аяқ
киімдері ескі болса, жаңасы берілетін.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
َسنَت َلاَو َةَر ِخ ْلآا َراَّدلا ُ َّللا َكاَتآ اَميِف ِغَتْباَو
َكْيَلِإ ُ َّللا َن َس ْحَأ اَمَك ن ِس ْحَأَو اَيْنُّدلا َنِم َكَبي ِصَن
َنيِد ِسْفُمْلا ُّب ِحُي َلا َ َّللا َّنِإ ِضْرَ ْلأا يِف َدا َسَفْلا ِغْبَت َلاَو
ْمُهاَمي ِسِب مُهُفِرْعَت
309
Байлар абақтыларды аралап, қарызын өтей алмай
қамалғандарды құтқаратын.
Ауқатты мүминдер, әсіресе, қасиетті Рамазанда дү-
кендерді аралап, қарыз дәптерлерінен кез келген бетті
ашқызып, қарыз иесін білмесе де, қарыздарын өтейтін,
садақа сандықтарындағыдай берген алғанды, алған бер-
генді көрмей, тек Аллаһ разылығы үшін теңдесі жоқ дін
бауырластығы іске асатын.
Міне, осы бауырластық сезімінің жемісі ретінде
Османлы мемлекетінде уақф/қайырымдылық қорла-
ры қоғамды мейірім мен шапқатқа бөлеген. Османлы
мемлекетінде 26 мыңнан аса уақфтың құрылғаны ата-
ларымыздың бұл мәселедегі діни қызметі мен ізгілігін
көрсетуі жағынан өте ғибратты.
Бұлардың ішінде Бәзми Әлем уәлиде Сұлтан-
ның Шамда құрған уақфы назар аудартады. Ол құрған
уақф/қор үй қызметшілері сындырған не зиян келтір-
ген заттардың құнын төлейтін. Бұл сол қызметшілердің
абыройын ренжітпеу үшін болатын.
Аталарымыздың ғасырлар бұрын иман ұшқынымен
көрсеткен дін бауырластығына деген сезімталдығы бүгінгі
пайдакүнем қоғамдардың қиялдары да жете алмайтын-
дай деңгейде.
3. Бауырластықтың үшінші дәрежесі – жақсы-
лыққа жету, яғни өзі үшін сүйіп қалаған істерін бауыры
үшін де қалай білу, бауырын өзінен бөлек көрмеу.
БАУЫРЛАСТЫҚ
310
Расында Аллаһ Елшісі
r
:
«Өз жаны үшін қалаған нәрсені дін бауыры үшін
де қаламаған адам шынайы мүмин бола алмайды»
деген
(Бұхари, Иман, 7)
.
Бұл ізгілік дәрежесінің ең әсем мысалдарының
бірін Хазіреті Осман
паш еткен. Мәдинада су
тапшы болған кезде Осман
үлкен құн өтеп, Рума
құдығын сатып алып, мұсылмандардың игілігіне уақф/
қор деп атады. Риуаятқа сүйенсек, өзі де бұл құдықтан
су алу үшін басқа мүминдермен бірге кезекке тұратын.
Османлы халифатында дін бауырын ойлау кемел-
дігі мен сезімталдығы жоғары нәзіктік пен сыпайылық,
жұмсақтық қалыптастырғаны сонша, бір үйде нау-
қас болса, ол үйдің терезесіне қызыл гүл қойылатын.
Сонда сатушылар, тіпті көшеде ойнап жүрген балалар
да ол жерден тыныш өту керектігін ұғынып, науқасты
мазалайтын іс-қимылдар жасамайтын.
4. Дін бауырластығының ең жоғары дәрежесі –
исар. Исар дәрежесіндегі мүмин бауырын өз жанынан
артық көреді, өз ақысын оған аудара біледі және оны
өзінен жоғары тұтады. Қажет болса, өз мақрұмдығына
разы болып, дін бауырының қажетін өз мұқтажынан
бұрын ойлай біледі. Міне, осы сыддықтардың, мүтта-
қилардың, салихтардың мәртебесі мен Аллаһ үшін бір-
бірін сүюдің шыңы.
Достарыңызбен бөлісу: |