Редактор: Закия Махитжанқызы


әдіспен  шариғатқа  сай  мақсатқа  жете  алынбайды



Pdf көрінісі
бет255/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

әдіспен  шариғатқа  сай  мақсатқа  жете  алынбайды. 

Бұл  да  Исламның  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі.  Хазіреті 

Пайғамбардың  23  жылдық  елшілік  өмірі  бұның  ең  үлкен 

дәлелі.  Хазіреті    Пайғамбар 

r

  Исламға  шақыру  үшін 



Аллаһтың кеңес бермеген ешбір әдістеріне жүгінбеген.

384


ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ


Бұның  ең  айқын  мысалдарының  бірі  Бәдір  шай-

қасында  көрсетілген.  Бәдір  шайқасында  мұсылмандар-

дың  саны  мүшріктердің  санының  үштен  біріндей  бол-

ған.  Хазіреті  Пайғамбар 

r

  Мырзамыз,  Хазіреті  Әли 



мен  Әбу  Лүбәбә 

V

  үшеуі  бір  түйеге  кезектесіп  мініп, 



дұшпанға қарсы аттанады. Мәдиналық екі мүшрік жол-

да әскерге жетіп алып, мұсылмандармен қатар соғысқы-

лары келгенін айтты.

Аллаһ Елшісі 

r

 

Мырзамыз:



«Сендер  бізбен  (жолға)  шықтыңдар  ма?»  –  деп 

сұрады.


Хұбәйб есімді мүшрік:

«Жоқ,  сен  біздің  қарындасымыздың  ұлысың  жә-

не  көршімізсің,  біз  қаумымызбен  олжа  үшін  сапарға 

шықтық»- дейді.

Хазіреті Пайғамбар 

r

:



«Сен Аллаһ пен Елшісіне иман еттің бе? (менің 

Аллаһ  Елшісі  екенімді  қабыл  еттің  бе?)»  –  деп 

сұрайды.


Хұбәйб:

«Жоқ»  –  деп  жауап  бергенде  Хазіреті  Пайғамбар 

r

:

«Олай болса кері орал! (Аллаһ бізге жетеді) бір 



мүшріктің жәрдеміне мұқтаж емеспіз!...» – дейді.

385


СҮЙІСПЕНШІЛІК  пен  ЖИІРКЕНІШТЕГІ  ШЫНАЙЫЛЫҚ


386

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

Хұбәйб қоймай:

«Қаумым  менің  шайқаста  қаншалықты  батыл  және 

дұшпанның  бауырын  жұлып  алатын  батыр  екенімді 

жақсы біледі. Мұсылман болмасам да, олжа үшін сенің 

жағыңда соғыссам болмай ма?» – дейді.

Хазіреті Пайғамбар 

r

:

«Жоқ,  алдымен  мұсылман  бол,  кейін  соғыс!»  – 



деп, жолына жүре береді.

Бір  уақыттан  кейін  Хұбәйб  тағы  келіп,  ұсынысын 

қайталады.  Бірақ  жауап  өзгермейді,  көп  мүшрік  әске-

ріне  қарсы  әскер  саны  аз  Хазіреті  Пайғамбардың  бұл 

тұрақтылығы  мен  сенімділігі  Хұбәйбке  терең  әсер  етті. 

Соңында  күшті  шабытпен  шаттана  отырып  мұсылман 

болғанын  жария  етті.  Бұған  қатты  қуанған  Хазіреті 

Пайғамбар 

r

:

«Міне,  енді  қалағаныңды  істе!»  –  дейді 



(Мүслим 

Жиһад, 150)

.

Қысқасы,  мұсылман  еместермен  қарым-қатынас-



тарда Аллаһтың үкімдерінен, Елшісінің сүннеті мен Ол 

дін  таратқанда  сергектік  танытқан  мәселелерде  жеңіл-

дік  бермеу  керек.  Бұл  мәселедегі  ең  кішкене  кемшілік-

тің иманды жаралайтынын ұмытпау керек. Өйткені аят 

кәримәларда былай делінген:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет