Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет26/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Хазіреті  Хасанның  Қағбаны  тауаф  етіп,  Мақамұ 

Ибраһимде  екі  рәкәат  намазын  оқығаннан  кейін  ішінен 

қайталаған  мына  жалбарынышы  құл  болу  әдебіне  тән 

тамаша мысал:



«Уа, Раббым! Сенің кішкене де әлсіз құлың есігіңе 

келді.  Аллаһым!  Әлсіз  қызметшің  есігіңе  келді.  О, 

Раббым!  Тіленшің  есігіңе  келді.  Сенің  жоқшылың 

есігіңе келді!»

Бұл жүректі жалындататын жалбарынысынан кейін 

ол  жерден  кеткен  Хазіреті  Хасан 

  жолда  бір  үзім 



нанмен қарындарын тойдырып жатқан кедей адамдарға 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




53

кездеседі.  Сәлем  береді.  Олар  да  Хазіреті  Хасанды 

құрғақ  наннан  тұратын  тағамдарына  шақырады.  Пай-

ғамбарымыздың немересі Хазіреті Хасан 

 кедейлер-



мен бірге отырады. Сосын:

«Бұл  нанның  сіздерге  садақа  ретінде  берілмегенін 

білсем,  сіздермен  бірге  жер  едім!  Қане,  жүріңіз!  Біздің 

үйге барайық!» – дейді.

Ол  кедейлердің  қарнын  тойдырғаннан  кейін  оларға 

киім  кидіреді,  қалталарына  біраз  мөлшер  ақша  салып, 

шығарып салады 

(Әбшиһи, әл-Мүстатраф, Бейрут, 1986, І, 31)

.

Міне,  шынайы  кішіпейілділік  мүминнің  Раббысы 



мен  жаратқандарына  деген  осындай  терең  сезімтал 

өмір  сүруін  қамтамасыз  ететін  жоғары  құлдық  әде-

бі.  Бұл  әдепті  тұлғалығына  әсем  түрде  нақыш  ете 

білгендер  әрбір  жағдай  мен  іс-әрекеттеріне  өте  назар 

аударып,  абай  болады.  Отыруларында,  тұруларында, 

киім-кешектерінде,  сөздерінде,  үнсіздіктерінде,  теке-

тірестерінде, жүрістерінде, қысқасы – әр бір халде бұл 

әдепті паш етумен болады.

Аллаһ Тағала былай деген:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет