Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет23/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   293
рухани тәрбиеден өту.

ХАҚ  дОСТАРЫ

Әрбір  өнер  мен  мағрифаттың  сіңірілуі  бір  бағыт 

көрсетушінің  арқасында  болғаны  сияқты  адамның  тұл-

ғалығы  мен  мінезіне  де  көркем  және  ең  тура  жолды 

көрсететін рухани тәрбие ұстаздары – «Хақ достары»

Өйткені олар –




48

- Діннің заһири (сыртқы кейіпі) мен батынын (ішкі 

кейіпін) лайықты түрде бірлестіре отырып, өз бойлары-

на дарытқан.

-  Зүһд  пен  тақуа  жолында  жүректері  кемелденіп, 

талай  сатылардан  өтіп,  іс-қимыл  кемелдігіне  қол  жет-

кізген.

- Түсіну қабілеттерін әр екі дүние көкжиегіне дейін 

кеңейтіп, иман ләззаты мен сезім тұңғиығына қауышқан.

-  Барша  ынталары  адамзатты  жаман  әдеттер  мен 

нәпсінің  қараңғы  алдауынан  құтқарып,  көркем  мінез-

құлыққа,  яғни  рухани  кемелдік  пен  нұрдың  көкжиегіне 

жеткізу болған ариф және салих, кәміл мүминдер.

Олардың көңіл әлемдері әр сәт Аллаһпен бірге бол-

ғандықтан үнемі Аллаһты еске салады. Олардың ізімен 

жүргендер  өмір  мен  өмірде  болып  тұратын  оқиғаларды 

ахірет терезесінен көру сыры мен мағрифатына жетеді.

Аллаһ  достарының  көңіл-күйлері  мен  іс-әрекеттері 

жалпы  айтқанда  Аллаһтың  қалауына  сай  келеді.  Хазіреті 

Пайғамбарымыз 

r

 Аллаһтың былай дегенін жеткізеді:



«... Құлымды сүйгенде Мен оның сөйлейтін тілі, 

ойлайтын  жүрегі,  еститін  құлағы,  көретін  көзі, 

ұстайтын  қолы  және  жүретін  аяғы  боламын...» 

(Бұхари, Риқақ,38. Мәжмәұзз-Зәуәид, ІІ, 248)

.

Хақ  достарының  мінез-құлқы  Құранның  іс  жүзін-



дегі түсініктемесі болып табылатын Хазіреті Пайғамбар 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




49

r

 Мырзамыздың көңіл дүниесінен ұшқынды шағылыс-



тар  тасиды.  «Пайғамбарлық  Күні»  Пайғамбарымыз-

дың  асқақ  сүннетін  асқан  ұқыптылықпен  өмірлерінде 

орындауға  тырысқан  Аллаһ  достары  нұрын  күннен 

алған  шуақ  сияқты  пайғамбарлық  мінез-құлықтардың 

көркем  үлгілерін  бейнелейтін  жарқын  айна  деңгейінде. 

Сондықтан олардың көңіл-күйі мен іс-әрекеттерін күшті 

сезімталдықпен  тамашалап,  махаббатпен  көңіл  ерле-

ріне  жармасқан  жандар  олардың  әлемінде  пайғамбари 

ахлақтың әсем көріністерін тамашалайды.

Раббымыз  әулие  құлдарына  ықылас  пен  шынайы-

лықтарына  қарай  өзгелердің  көңілдеріне  әсер  ету  билі-

гін сыйлаған. Өйткені олар алдымен өз өмірлерінде тура 

жүріп,  көңіл-күйлерімен,  іс-әрекеттерімен  айналасына 

ұшқын  шашады.  Исламның  асқақтығы  мен  нәзіктігін 

өз  бойларынан  паш  етеді.  Сол  үшін  ерекше  әсерлік 

берекетіне қол жеткізген.

Ал іске аспай, тек тілмен ғана айтылған сөздер мен 

шынайылықтан алыс көзбояушы істер сусыз өзендер іс-

петтес. Олар өмірдің қатты дауылы алдында арттарын-

да кішкене де бір із қалдырмай, тез арада жоқ болады.

Аллаһ  достарының  жүректерде  өшпес  нақыштар 

қалдырып,  жалғасуының  сыры  –  жоғары  ықыласы, 

шынайылық пен махаббаты.

Осы  тұрғыдан  тасаввуф  –  тек  дүниеден  қол  үзіп, 

Юнус Әмре айтқандай тек тәж бен шапан киіп, белгілі 

зікір-дұғалармен шектелу емес. Керісінше, өзегі жағынан 

КІШІПЕЙІЛДІЛІК



50

тасаввуф  өмір  мен  әлемде  көрсетілген  сан  жетпес  хикмет 

көріністерімен  рухани  тереңдеп,  Аллаһтың  разылығына 

бөлену жолында алға қарай жол жүре білу. Бұл да иләһи 

ұлылық  пен  құдірет  ағыстары  алдында  өзінің  ешнәрсе 

емес екенін ұғынып, әр бір демде «О, Раббым! Қандай 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет