кЕМШІЛІк дүНИЕдЕ ЕМЕС,
ОҒАН АЛдАНҒАНдА
Аллаһ Тағала нәпсі ұнатқан дүниеқұмарлықты негі-
зінде сынақ мақсатында алдымызға шығарған. Бұл құ-
марлықтарға алдану қармаққа түскен балыққа ұқсай-
ды. Балық көрген жеміне алданады, бірақ жем ілінген
жасырын ілгекті көрмейді. Міне, негізгі өмірдің ахірет
өмірі екенін ұмытқандар дүние тұзақтарынан құтыла
алмайды.
Қанша аяқтар тайған, қанша қалаулар шашыраған
иләһи сындардан аман өте білу дүниеқұмарлық істердің
ішкі бейнесін көре алуға және ондағы «сынақ сырын»
сезе білуге байланысты. Бұл парасаттылыққа ие болу
үшін қаржы мен шәһуәт, атақ сияқты дүниенің тартым-
ды тұзақтарына қарсы мұқиятты болып, әр жағдайда
ахірет амандығын таңдай білу шарт.
Раббымыз бұл мәселеде біздерді былайша ескер-
теді:
اَيْنُّدلا َةاَي َحْلا َنوُرِثْؤُت ْلَب
ىَقْبَأَو ٌرْي َخ ُةَر ِخ ْلآاَو
431
Достарыңызбен бөлісу: |