432
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
Ғалымдар бұл өсиетті былай түсіндерген:
«... Дүние бастан-аяқ менің қол астымда болатын.
Сансыз қазыналарға ие болдым. Бірақ дүние нығметтері
қалушы емес. Міне, көріп отырғандай мазарға қолым
бос бара жатырмын! Дүние мүлкі дүниеде қалады.
Сендер ахіретте пайдасы тиетін істерге ден қойыңдар!...»
Аллаһ Расулы
r
бізге, үмметіне мына даналыққа
толы насихатын айтқан:
«... Сендерге бес қасиетті өсиет етемін. Аллаһ
олар арқылы сендердің жақсылық қасиеттеріңді
кемеліне жеткізсін:
Жей алмайтын нәрселеріңді жинамаңдар,
Ішінде тұра алмайтын ғимараттар тұрғызбаң-
дар,
Ертең тастап кететін нәрселерің үшін басқа-
лармен дауласпаңдар,
Оған қауышып, құзырына жиналатын Аллаһтан
қорқыңдар,
Баратын және онда мәңгі қалатын жер үшін
дайындық жасаңдар»
(Әли әл-Мүттақи, Кәнзүл-Ұммәл, №
1363)
.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – ақтық демін
тапсырарда алданып қалғанын аңғарып, дүниені кінәлау
пайда бермейді. Адам дүние нығметтерінің арқасынан
433
қуып жүріп, иман мен ізгілік өміріне кірмегені үшін тек
өзіне ғана зиян еткені. Бітпес қалаулар, өткінші әуестер
және фәни ләззаттар үшін шексіз болашақты құртып алу
нендей өкінішті. Дүниеде өлімнен қашатын бір мезгіл
немесе жер жоқ, қабірде де кері оралар мүмкіндік жоқ
және де қияметтің азабынан жасырынар пана да жоқ
екенін жақсы білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: