Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет94/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Хазіреті Мәуләнә мұны былай деп түсіндіреді:

«Ібіліс  Хазіреті  Адамға  сәжде  етпей  Аллаһтың 

әміріне қарсы келгенде: 

"Менің  затым  оттан,  оныкі  балшықтан.  Жо-

ғары  болғанның  төмен  болғанға  сәжде  етуі  қалай 

жарасымды болмақ?!" дейді».

Міне,  ібіліс  Аллаһқа  әдепсіз  қарсылық  көрсеткені 

үшін  қарғысқа  ұшырады,  иләһи  құзырдан  қуылды. 

ӘДЕП  пен  НӘЗІКТІК




142

Сонымен  қатар  бетпақтық  көрсетіп,  өзін  жарат-

қанмен күреске түсті» 

(Фиһи мә фиһ, 156 б)

.

Әбу Әли әд-дәққақ былай дейді:

«Әдепті  тастау  иләһи  құзырдан  қуылуды  қа-

жет  етеді.  Әркім  патшаның  алдында  тәрбиесіздік 

көрсетсе  есікке,  есікте  әдепсіздік  көрсетсе  қораға 

жіберіледі».

Аталарымыз «Әдепті әдепсізден үйрен» деп, әдеп-

ке  мойынсұнбағандардың  жағдайынан  ғибрат  алуды 

насихаттаған.  Біз  де  шайтанның  жағдайынан  үлгі  алуға 

міндеттіміз.

Аллаһқа  деген  әдепті  лайықты  түрде  ұстана  білген 

құл  жағымсыз  әрекеттерден  аулақ  болады.  Сондықтан 

құлшылық  пен  жасаған  іс-әрекеттеріндегі  кемшіліктерін, 

қате  мен  бейқамдығын  байқайды.  Амалдарына  сенімді 

қарау сырқатына бой алдырмайды.

Ұмытпайық, қаншалықты көркем амалдарымыз бол-

са  да,  бәрі-бір  барлығы  теңізге  құйылған  бір  шелек  су 

сияқты.  Аллаһтың  берген  сыйларына  қарағанда  істеген 

барлық  құлшылықтарымыз  бен  қызметтерімізді  аз  деп 

білуіміз  керек.  Құлшылық  жауапкершілігімізді  қоғам-

дағы  деңгеймен  емес,  сахаба  мен  Аллаһтың  әулие  құл-

дарының  өнегелерімен  таразылауымыз  керек.  Өйткені 

Аллаһ  әңсарлар  және  мүһәжірлерді  бізге  үлгі  етіп 

көрсеткен.

Екіншіден, құл болу әдебін лайықты іске асырғандар 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



143



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет