142
Сонымен қатар бетпақтық көрсетіп, өзін жарат-
қанмен күреске түсті»
(Фиһи мә фиһ, 156 б)
.
Әбу Әли әд-дәққақ былай дейді:
«Әдепті тастау иләһи құзырдан қуылуды қа-
жет етеді. Әркім патшаның алдында тәрбиесіздік
көрсетсе есікке, есікте әдепсіздік көрсетсе қораға
жіберіледі».
Аталарымыз «Әдепті әдепсізден үйрен» деп, әдеп-
ке мойынсұнбағандардың жағдайынан ғибрат алуды
насихаттаған. Біз де шайтанның жағдайынан үлгі алуға
міндеттіміз.
Аллаһқа деген әдепті лайықты түрде ұстана білген
құл жағымсыз әрекеттерден аулақ болады. Сондықтан
құлшылық пен жасаған іс-әрекеттеріндегі кемшіліктерін,
қате мен бейқамдығын байқайды. Амалдарына сенімді
қарау сырқатына бой алдырмайды.
Ұмытпайық, қаншалықты көркем амалдарымыз бол-
са да, бәрі-бір барлығы теңізге құйылған бір шелек су
сияқты. Аллаһтың берген сыйларына қарағанда істеген
барлық құлшылықтарымыз бен қызметтерімізді аз деп
білуіміз керек. Құлшылық жауапкершілігімізді қоғам-
дағы деңгеймен емес, сахаба мен Аллаһтың әулие құл-
дарының өнегелерімен таразылауымыз керек. Өйткені
Аллаһ әңсарлар және мүһәжірлерді бізге үлгі етіп
көрсеткен.
Екіншіден, құл болу әдебін лайықты іске асырғандар
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ