Редактрлеудің құрал-саймандар панелі


Практикалық тапсырма №3. Батырма құру және оны бағдарламалау



бет11/13
Дата29.01.2023
өлшемі428,95 Kb.
#63605
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
macromedia flash kurs

Практикалық тапсырма №3. Батырма құру және оны бағдарламалау


Бағдарлама іске қосылғаннан кейін қабаттың (Слой1) үстіне курсорды апарып, тінтуір батырмасының оң жағын басамыз. Ашылған мәтінмәндік мәзірден Свойства командасын таңдаймыз. Ашылған сұхбат терезеден қабаттың атын «Фон» деп өзгертеміз. Фон бетіне Файл – Импортировать командаларының көмегімен векторлық, растрлық бейнелерді, суреттерді тасымалдауға және орналастыруға болады.
Уақыт шкаласындағы Создать слой батырмасы көмегімен екінші қабат құрып, жоғарыдағы тәсіл арқылы оның атын «Батырма» деп өзгертеміз.
«Батырма» қабатына Саймандар тақтасындағы Инструменты тобынан Прямоугольник құралын және Цвета саймандар тобынан Цвет заливки палитрасынан боялатын түсті таңдап, Опции тобынан Бұрыш радиусын орнату құралын таңдаймыз. Сол кезде төмендегідей сұхбат терезе шығады:

Радиус бұрышының өрісіне 45 санын пернетақтадан енгізіп, экран бетіне батырма құрамыз.


Саймандар тақтасындағы Текст құралы арқылы, батырма бетіне Информатика сөзін жазамыз.
Мәтіннің типі объектілер инспекторы терезесінің көмегімен беріледі. Оны экранға шақыру үшін Окно – Свойства командасын орындау қажет. Нәтижесінде «Свойства» терезесі ашылады.
Мәтінмен жұмысты қамтамасыз ететін қасиеттер терезесі Стрелка құралын таңдап, құрған батырмамыздың үстінен екі рет үздіксіз шерту арқылы ерекшелеп белгілейміз, Изменить – Преобразовать в символ командасы немесе пернетақтадан F8 функционалдық батырмасы арқылы таңдалған графикалық объектіні символға түрлендіреміз. Сонда символдың аты мен типін көрсетуге болатын сұхбат терезе шығады. Аты деген өріске «Батырма», ал типін Кнопка етіп, OK батырмасын басамыз. Осы кезде біздің батырмамыз автоматты түрде Библиотекаға келеді.

Батырманың үстінен тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет үздіксіз басамыз, сол кезде уақыт шкаласының түрі суреттегідей болады, яғни төрт кадр пайда болады: Вверх, Над, Вниз, Нажатие.

Нажатие кадрына барып тінтуірдің оң жақ батырмасын басамыз, ашылған мәтінмәндік мәзірден Вставить ключевой кадр командасын таңдаймыз немесе пернетақтадан F6 функционалдық батырмасын басамыз.
Уақыт шкаласының жоғары жағындағы Сцена1 таңдап, Окно мәзірінен Компонент инспекторы командасын таңдаймыз немесе пернетақтадан Shift+F3 батырмаларын қатарынан басамыз. Ашылған
сұхбат терезеден Add Behavior батырмасын басып, Web – Go – Web-бетіне өту) командасын орындаймыз.
Осы кезде ашылған Go to URL (URL-адреске көшу) сұхбат терезесіндегі URL өрісіне URL-адресті, яғни, Word бағдарламасы арқылы дайындаған құжатымыздың типін htm етіп сақтап, оның адресін осы жолға жазамыз. Ал, ашылатын құжат жаңа терезеде ашылуы үшін төменгі Open in ашылмалы тізімдерінен «Blank» командасын таңдаймыз, сосын Ок батырмасын басамыз.
Егер өріске WEB-бетінің адресі немесе файл енгізілсе, онда бұл мәтін гиперсілтемеге айналады.
Осы әрекеттерді орындағаннан кейін, Управление – Тестировать сцену командасын орындаймыз. Бұл командалар тізбегі екпінді сахнаны SWF форматындағы фильм ретінде сақтап, бағдарламаны фильмді жүргізу режиміне көшіріп, фильмді ойнатуға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет