Редактрлеудің құрал-саймандар панелі



бет12/13
Дата29.01.2023
өлшемі428,95 Kb.
#63605
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қорытынды


Адам адам болып жаратылғаннан бері өзінің күнделікті атқаратын қызметін жеңілдетуге құштар. Жұмыстың сапалы, тынымды әрі жылдам орындалғанын қай адам болмасын қалайды. Мен үшін де осы курстық жұмысты жазып отырғанда «осының бәрін тергеннен көрі микрофонға айтып отырсам ғой, компьютер өзі терсе» деген сияқты арман-ой келді.
Қорыта келе Flash редакторында анимация жасаудың ыңғалайлылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Қолданғанда өте жеңіл, өте ыңғайлы және мүмкіндігі шексіз.
Қазіргі кезде кез-келген жарнаманы жасауда өте сәтті қызмет көрсетіп келе жатқан бұл редакторды қалай мақтасақ та жарасады. Себебі веторлық графиканың жадыдан өте аз орын алатынын ескеретінін білсек, онда интернет желісінде тез жүктелетін осы редакторды қай адам болмасын қолдануға тіпті мүдделі де болады.
Flash-пен жұмыс істеу кезінде көптеген терминдерді кездестіреміз, мысалға, тэг, атрибут, бет т.б. Сондықтан Flash-ті түсіну үшін осы терминологиямен таныс болайық..
Кез келген Flash фильмін құратын кезде объекті – бағытталған жолды қарастырамыз. Бұл дегеніміз, кез келген объект өзінше бір объект болып саналады, оның өзіне тән қасиеті және тек сол объектіге ғана қатысты болатын іс-әрекеттер болады. Мысалға, «мәтін» объектісі үшін, оның өлшемі, түсі, жазылу, көріну түрі болады. Оны көшіруге, өшіруге, қиюға, оларды гиперсілтемеге айналдыруға болады. Басқа объектілер туралы да дәл осылай айтуға болады. Объект деген түсініктеме, символ (Symbol) көп жағдайда терминімен сипатталады. Символ дегеніміз, объектінің, анықталған қасиеттері бар, шаблоны. Символ, символдар кітапханасында (Library) сақталып, бір фильмде бірнеше рет қолданыла алады.
Әрбір символдың жаңа көшірмесі символ дарасы (Instance) деп аталады. Бұл дараның қасиетіне қолданылған өзгеріс кезінде, кітапханадағы басқа да даралардың қасиеті автоматты түрде өзгереді.
Фильмде түрлі объектілер қолданылады. Әр элементтің іс- әрекетін сипаттау үшін, оларды әр қайсысын әр қабатқа (Layer) орналастырады. Flash құрушылары бұл қабатты түссіз қағазбен салыстырады. Осындай қағаздарды жинап сіз сахналық қойылым жасай аласыз. Қойылым (Scene) – Flash пен жұмыс істеуде кездесетін тағы бір термин.
Әрбір қойылым қандай да бір анықталған қабаттар байланысынан тұрады. Жай фильмдер үшін, бір қабаттан тұратын жай ғана қойылымнан жасайды. Күрделі фильмдер әр түрлі дайындалған қойылымдардан тұрады. Бір қойылымнан екіншіге өту уақыт диаграммасын емес, басқа механизмді пайдаланды. Әйтпесе олар, орналасқан реті бойынша ойнала береді. Фильм егер көрік пен тартымды күрделі құрылымдармен ерекшелеу керек болса, ActionScript пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет