Редактрлеудің құрал-саймандар панелі


Мәтінді қозғалысқа келтіру



бет7/13
Дата29.01.2023
өлшемі428,95 Kb.
#63605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
macromedia flash kurs

Мәтінді қозғалысқа келтіру


Flash технологиясында мәтінді қозғалысқа келтіруге болады. Flash – те блоктарды қозғалысқа келтіруге болмайды, сондықтан оны графикалық объектілерге түрлендіру керек.
Алдымен жаңа мәтін енгізіп, оның өлшемін барынша кішірейтіңіз. Мәтінді ортасына қарай туралаңыз:
Окно Выравнивание
Мәтінді графикалық объектілерге түрлендіріңіз:
Изменить – Разделить отдельно
Енді осы мәтінді қозғалысқа келтірейік.

  1. Тінтуірдің оң жақ батырмасымен уақыт шкаласының “40-кадрын” белгілеңіз.

  2. Пайда болған контекстік менюдің Кілттік кадрды қою, (Вставить ключевой кадр) командасын таңдаңыз.

  3. Изменить – Трансформация – Масштаб командасын орындаңыз. Маркерлердің көмегімен мәтін көлемін үш есе үлкейтіңіз.

  4. Выравнивание командасы арқылы ортасына қарай туралаңыз.

  5. На начало батырмасын басып, кадрдың басына ауысыңыз. Мәтінді ерекшелеңіз.

  6. Изменить – Создать двойное движение командасын орындаңыз.

  7. Жасалған анимацияны көру үшін Управление – Проиграть (Enter) командасын орындаңыз.

Практикалық тапсырма №2. Графикалық объектілердің анимациясы
Анимация бұл статикалық суреттердің тізбектеліп бірінен соң бірінің шығарылуы. Flash фильмі кадрларының шығарылу ретін көрсету үшін уақыт шкаласы пайдаланылады. Жаңа фильм құрғанда уақыт шкаласының барлық оң жақ бөлігі бос тіктөртбұрыштардан тұрады, ал курсор бірінші кадрда орналасады. Мұндағы бос тіктөрбұрыштар құрылатын фильмнің кадрларын бейнелейді. Бос Flash фильмінде ағымдағы кадрдың көрсеткіші тек бірінші кадрда ғана орналасады. Flash ортасында кадрлар уақытты сипаттау үшін пайдаланылады.
Фильмге кез келген мөлшердегі кадрларды қосуға болады. Кадрлардың жиілігі ескертусіз секундына 12 кадр, қарапайым Web жұмыстары үшін секундына 8 кадрды қолдануға болады. Кадрлар жиілігін көбейту фильм қозғалысын жылдамдатып, анимацияны шынайылыққа жақындатады. Ал жиілікті кеміту фильмді баяулатады, анимацияның күрделілігіне қарай діріл пайда болуы мүмкін.
Flash фильмнің өлшемін азайту үшін мүмкіндігінше кадрлар жиілігін төмендету қажет. Кадрда объект пайда болғаннан кейін бірінші кадрдың бос тіктөртбұрышы нүктесі бар тіктөртбұрышқа ауысады.
Мұндай кадр кілттік кадр деп аталады. Кілттік кадр барлық уақытта қандай да бір объектілерден немесе алдыңғы кадрларға қатысты осы объектілердің өзгерісінен тұрады. Кілттік кадрлардың тізбегін құра отырып, кез келген қиындықтағы анимациялық тізбек құруға болады. Кілттік кадрлар тізбегінен тұратын анимация кадрлық анимация деп аталады.
Әрбір кілттік кадр нүкте бойынша салынған күрделі объектілердің түрлендірулерінен тұратын болса, онда бұл кадрлық анимация анимацияның әмбебап түрі болып табылады. Оның жалғыз кемшілігі әрбір кадрды қолмен салуға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет