1. құралын таңдаңыз.
Курсорды кадр алаңына әкеліп, мәтіндік блоктың енін беріңіз. тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып, курсорды көлденең бағытта жылжытыңыз. Нәтижесінде ені шектеулі мәтіндік блок құрылады.
Мәтін енгізіңіз. Енгізілген мәтін оң жақ шекараға жеткенде курсор автоматы түрде жаңа жолға көшеді. Бұдан блоктың ені өзгермейді.
Қажетіне қарай мәтіндік блоктың енін өзгертуге болады. Ол үшін маркерді көлденеңінен оңға немесе солға қарай жылжытыңыз. Нәтижесінде блок ішіндегі мәтіннің орналасуы өзгереді.
Мәтінді графикалық объектіге түрлендіру
Мәтінге Flash технологиясындағы векторлық графиканың мүмкіндіктерін қолдану үшін оны әдеттегі графикалық объектіге түрлендіру қажет.
1. құралымен мәтінді ерекшелеңіз.
2. Изменить – Разделить отдельно командасын орындаңыз. Мәтіннің әрбір символы графикалық объектіге түрленіп, бәрі де ерекшеленеді.
Мұндай Flash объектілеріне бояу ретінде растрлық бейнелерді пайдалануға болады.