Рефарат
Қан айналу
жүйесінің маңызы
Орындаған:Берікбай Береке
Тобы:1401-10
Қан айналу жүйесінің маңызы
Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі
тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.
Қанайналымның қызметі -тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);
терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);
қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);
гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау.
Қан тамырлары
Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Қан тамырлары:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға,
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға және
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.
Жүрек - Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан.
Электрокардиография
Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантмырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне инфаркт миокарда шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23—27 секунд.Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде - қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газдан тазартылады.