Рефера т пәні: Құрмалас сөйлем синтаксисі Тақырыбы



Дата13.12.2022
өлшемі32,1 Kb.
#57102
Байланысты:
құрмалас сөйлем


Р Е Ф Е Р А Т
Пәні: Құрмалас сөйлем синтаксисі
Тақырыбы: Құрмалас сөйлем мүшесі болудың негізгі шарттары

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім


1.Құрмалас сөйлем обьектісі
2. Құрмалас сөйлем түрлері
3. Жай сөйлемдердің құрмаласуы

III.Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер



Лингвистика синтаксистің негізгі объектісін үш салаға бөледі: оның бірі- сөздер тіркесі, екіншісі - жай сөйлем синтаксисі, үшіншісі – құрмалас сөйлем синтаксисі.Бұл салалардың әрқайсысының өздеріне тән зерттеу объектілері бар.Солардың ішінде құрмалас сөйлемнің негізгі объектісі – жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өз ара ұласып бір бүтінге айналуы, сол арқылы күрделі ойды білдіру жолдары мен амал – тәсілдері. Бұл жағынан алғанда құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлем синтаксисінен мейлінше басқа: жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өз ара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып құрмалас сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сипаттары мен түрлерін тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі – ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің объектісі – ой тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі.Қазақ тілі білімі саласындағы ең кеш қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі- құрмалас сөйлем синтаксисі.Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілі грамматикасының басқа салалары жөнінде, оның ішінде жай сөйлем синтаксисі бойынша да онша терең, жан-жақты болғанымен біраз зерттеу еңбектері бар дейтін болсақ, құрмалас сөйлем синтаксисі туралы олай деуге болмайды.Төңкерістен бұрын шыққан грамматикалық еңбектердің барлыгында дерлік құрмалас сөйлем сентаксисі өз алдына жеке қаралған емес. Құрмалас сөйлем, бағыныңқы сөйлем деген атауларды олардың тек кейбіреулерінен ғана кездестіруге болады.; оның өзінде де құрмалас сөйлемнің сырын ашу мақсатымен емес, есімше, көсемше және етістіктің кейбір райларының синтаксистік қызметтерін баяндауға арналған жерлерде «етістіктің бұл түрі бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болады» дегендер тәріздес көлемде ғана кездеседі.Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерде арналып жазылған оқулықтардан, оқу программаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин практикалық тілде кездеспейді, грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада қолданылады. Бұл атау – құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем – екі я одан көп жай сөйлемдерден құралатын құранды категория.Атқаратын қоғамдық қызметі жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де (рас, бірі – жалаң бір ойды, екіншісі – жеке ойдан құралған құранды, күрделі) ойды білдіреді, ойды жарыққа шығару, оны басқаларға білдіру, сол арқылы қоғам мүшелерінің өз ара түсіну қызметін атқарады. Сөйлемнің бұл екі түрінің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрмаластары мен ішкі мазмұндарында болады.Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден ( сөздерден ) құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқaша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана (мүшелерге) жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді (мүшелерді) өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі – сөз, екіншісінің мүшесі – сөйлем. Бұл – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен құрылысы, құрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешелігі – олардың бірінің (жай сөйлемнің) жеке бір ғана ойды білдіріп, екіншісінің (құрмаластың) күрделі ойды білдіруінде.Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады.Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің жоғарыда айтылған еркешеліктерінен құрмалас сөйлем әрдайым көлемді болады да, жай сөйлем оған қарағанда көлмесіз болады деген қорытынды шықпасқа керек. Сөйлемнің құрмалас болуы я жай болуы оның көлеміне байланысты болмайды. Айтылмақшы ойдың ерешелігіне қарай бірде бірі көлемді болса, екіншіде екіншісі көлемді болып келе береді.
Бірақ құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады деген қарап, оны кез келген жай сөйлемдердің кездейсоқ тіркесе салған тобы деп түсінуге болмайды. Құрмалас сөйлем – компоненттері бір-бірімен органикалық байланыста, берік бірлікте тұратын және біріне-бірі бағынышты, өз ара шарттас болып келетін мағыналық күрделі бір бүтін. Оның құрамындағы компоненттер сөйлем деп аталғандарымен әдеттегі дербес жай сөйлемдер мен бір емес. Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да аяқталған ойды білдіретін, өз алдыларына бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер ол бірліктері бұзылса – ақ, олар өздерінің алғашқы мәндерін, құрмалас сөйлем құрамында тұрғандағы мәндерін жояды.Мысалы: Балапандар қанаттанғанша, дәуіт те қанаттанады.(С.Мұқанов) деген құрмалас сөйлем – осы тұрған қалпында екі бөлшектен құралған бір-бүтін. Оның бір жартысы балапандар қанаттанғанша болса, екінші жартысы - дәуіттің де қанаттанатындығы. Бұл екі жартының бірігіп бір бүтін болып тұрғандағы білдіретін мағынасы олардың жеке-жеке тұрғандарындағы мағыналарындай балапандардың немесе дәуіттің қанаттанатындығы жайында емес, солардың қанаттануларының бір мезгілдің ішінде болатындығы жайында. Ал, бұл екі комоненттің бірлігі бұзылатын болса, осы негізгі мағына жойылады. Сонымен бірге, әр компоненттің формалық және интонациялық ерекшеліктері де өзгереді. Дәл осы жөнінде профессор В.А.Богородцкийдің өзінің «орыс тілінің жалпы курсы» деген еңбегінде айтқан мына пікірі өте орынды. Ол кісі құрмалас сөйлем компоненттерінің өз ара байланысты бір бүтін екендіктерін айта келіп, сөздің морфологиялық бөлшектерінің сөзден тысқары өмір сүре алмайтыны, тек сөзбен бір ғана қолданылатыны сияқты, құрмалас сөйлемнің бөлшектерінде де дербестік болмайды, олар өз ара бірлесіп барып бір бүтін болып тұрады дегенді айтады. Жай сөйлем құрамына енген сөздердің бір-бірімен грамматикалық тығыз байланыста тұратыны сияқты, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер де өз ара байланысты болады. Тек сондай байланыстың арқасында ғана жай сөйлемдердің бастары бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір бүтін болып тұрады. Жай сөйлемдер арасындағы байланыс та сөйлем мүшелері арасындағы байланыста сияқты бірде теңдік қатынасқа негізделген салаласа байланыс болса, бірде біріне-бірі меңгерілу, бағыну негізіндегі сабақьтаса байланыс болады. Жай сөйлемдер байланысының бұлай әр түрлі болуы – оларды байланыстырушы дәнекерлердің, амал-тәсілдердің әр алуандылығында.
Құрмалас сөйлем құрамына енетін компоненттерді бір-бірімен сабақтастыра байланыстыратын ең құнарлы жолдың бірі – компонент баяндауышының тиянақсыз формада айтылуы.Қазақ тілінде басқа кейбір тілдерде кездесетіндей екі жай сөйлемді бір-біріне сабақтастыра байланыстарытан бағындырушы жалғаулық жоқ. Сондықтан жай сөйлемдерді өз ара сабақтастыра байланыстыру функциясын түгелдей компонент баяндауышының формасын атқарады. Әрине, тиянақсыз формада айтылатын кез келген сөз, кез келген форма жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметін атқара бермейді.Мұнда да қылыптасқан, көпшілікке танылған арнаулы формадағы сөздер ғана қолданылады.Ондай сөздер құрмалас құрамына енетін жай сөйлемнің баяндауышы қызметінде қолданылады да ол сөйлемді өзінің тиянақсыз формасы арқылы екінші сөйлемге тек формалық жағынан, кейде әрі формалық, әрі мағыналық жағынан бағындыра соған тәуелді ете байланыстырады және сол арқылы құрмалас сөйлем жасайды. Ондай формадағы сөздер тобына мыналар жатады:

  1. көсемше формалы етістіктер;

  2. есімше формалы етістіктер;

  3. шартты рай формалы етістіктер;

  4. етістіктің басқа да кейбір түрлері.

Құрмалас құрамына енетін жай сөлемдерді бір-бірімен байланыстыру функциясында қолданылғанда бұл аталған етістік түрлері әр алуан формалық құбылыстарда айтылады да сол құбылыстары арқылы компоненттердің мағыналық байланыстарына да белгілі әсерін тигізіп оны түрлендіреді.
Көсемше – етістіктің ең бір тиянақсыз категориясының бірі. Оның сөйлемдегі негізгі мағынасы мен функциясы басқа да етістік арқылы берілген әс-әрекеттің қалай болған амал тәсілін білдіру, яғни іс-әрекетті сындық, мезгілдік жағынан анықтау; оның болу, болмауының себеп–мақсаттарын білдіру. Көсемше етістіктердің тиянақсыз, басқа бір сөздерге сүйеншек болуының себебі де оның осы айтылған мағыналық ерекшелігіне байланысты.Көсемше етістіктердің мағыналары мен функциялары барлық жағдайда біркелкі болып отырмайды: ол бір жағдайда екінші бір етістік арқылы білінетін іс-әрекет, қимыл-қозғалыстың қалай болғанын сипаттап, үстеулік қызмет атқарып тұрса, екінші бір жағдайда әр түрлі көмекші сөздерге тіркесіп, іс-әрекетті білдіруші негізгі тұлға болып тұрады, ал кейде тіпті, бұлардың ешқайсысына ұқсамайтын мәнде қолданылатыны да болады.Көсемшелердің мағыналары мен синтаксистік қызметтеріндегі бұл тәріздес құбылыстар олардың сөйлемдегі қолданылу орнына, контекске байланысты.Қолданылу жағдайына, контекстке қарай көсемше негізгі екі түрлі синтаксистік қызмет атқарады: оның бірі – пысықтауыштық қызмет те, екіншісі – баяндауыштық қызмет. Осылармен қатар көсемшенің күрделі сөздер (етістіктер) құрамында тұрып, соңғы көмекші сөздің тұлғалық құбылыстарына қарай соның әуеніне еріп, басқа түрлі мүшелер құрастыны болады. Бірақ мұндай жағдайда шешуші мән көсемшеде болмайды, ол тіркесіп тұрған сөзде болады.Көсемшелер пысықтауыш мүше қызметінде қолданылғанда көбінесе, екінші бір етістікке тіркесе атылады да, сол етістіктін мағынасы арқылы білінетін іс-әрекет жай күйдің, қимыл-қозғалыстың болу амалын, қашан болған мезгілін, немесе болу-болмау мақсат – себептерін білідіреді. Мұндай функцияда қолданылған көсемшеден кейін, егер ол бірыңғай болып келмесе, ешқандай кідіріс, интонациялық тоқталыс болмайды. Олар өздері пысықтайтын мүшемен бір ырғақта, кідіріссіз бір-ақ айтылып кетеді. Бұл жағдайлар пысықтауыш болып тұрған көсемшені баяндауыш функциясындағы көсемшеден бөліп тануға біраз септігін тиігізеді. Көсемшелер ішінде сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы қызметінде жиі қолданылатын да және өзі баяндаушы болып келген компонентті тиянақты компоненттен неше алуан мағыналық қатынаста құрмаластыратыны да –ып, -іп, - п жұрнақты түрі. Тағы бір ескеретін нәрсе, баяндауышы келер шақтық (-қалы, -ғалы, -келі, -гелі жұранқты), ауыспалы шақтық (-а,-е, -и жұрнақты) көсемшелерден болған бағыныңқы компонент әрдайым кейінгі тиянақты компонентке мағыналық жағынан да ,тұлғалық жағынан да бағына, соның бір мүшесіне меңгеріле байланысады да, жай сөйлемдегі қалыпты пысықтауыш тәрізденіп тұрады. Ал, өткен шақтық көсемше (-ып,-іп,-п жұрнақты) олай емес: ол өзі баяндауышы болып келген компонентті кейінгі тиянақты компонентке мағыналық жағынан меңгерте де, меңгерілтпей, теңдік қатынаста да құрмаластырады.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру үшін есімшелер де көсемшелер сияқты құрмалас сөйлемнің бағыныңқы жай сөйлемнің баняндауышы функциясында қолданылады. Бірақ есімшелер мен көсемшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру жолы бірдей емес. Егер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрған көсемшелер басқа бір қосымша тәсілдердің, формалардың көмегінсіз-ақ жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясын да тікелей өзі атқаратын болса,, есімшелерде бұл қасиет жоқ. Олар атау тұлғада, бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышы да бола алмайды, жай сөйлемдерді құрмаластыра да алмайды. Есімшелер жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында қолданылғанда, әр алуан тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формаларда айтылады. Сөйтіп, жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру міндетін есімше формаларының өздері атқармайды, оларға жалғанатын түрлі қосымшалар, тіркесе айтылатын түрлі шылаулық сөздер атқарады.Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында есімшелерлің барлық түрлері де қолданылады, бірақ құрмалас сөйлем жасауда есімше түрлерінің атқаратын қызмет дәрежесі де, формалық, мағыналық құбылыстарға байы да - -қан, -ған, -кен, -ген жұрнақты түры.енді соған талдау жасайық.Есімшенің –қан, -ған, -кен, -ген жұрнақты түрі шақтық мағынасына қарай тюркологиялық әдебиеттердің кейбіреулерінде осы шақтық деп аталса, екінші біреулерінде өткен шықтық есімше деп аталады. Ал тіл білімінде осының соңғы атауы, өткен шақтық есімше деген атауы, қалыптасты.Өткен шақтық есімше көне түркі жазулары ескерткіштерінде дәл қазіргі формадағыдай болмағанымен кездеседі, бірақ жай сөйлемдерді сабақтастыра құрмаластыру функциясында жатыс жалғаулы түрі болмаса, басқалары кездеспейді деуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:





  1. Құрмалас сөйлем обьектісі- https://engime.org/

  2. Құрмалас сөйлем түрлері- https://engime.org/

  3. Жай сөйлемдердің құрмаласуы- https://engime.org/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет