Қазақ спорт және туризм академиясы
Р Е Ф Е Р А Т
Спорттық жүзудің техникасы
Қабылдаған: Колбекова Алия
Орындаған: Тұрсынбек Думан
Алматы, 2022 жыл
Спорттық жүзу. Түрлі мінезді жарыстардағы арақшықтық пен түрден құралады. Арнайы ережелерді анықтаумен сипатталады. Жарыстар үлгі қалыпқа сәйкес (25 және 50м) арақашықтығы 50 м-ден 1500 -ге дйінгі хауыздарда өткізіледі, содай-ақ ашық қоймаларда түрлі қашықтықта жүзу тәсілдері қолданылады. Өзіндік тәсілдері саластырғанда, жарыстарда спорттық (дұрыс) жүзу тәсілдер қолданылады. Осы тәсілдің артық жері үлкен жылдамдыққа ие болуы.
Ойындық жүзу. Судағы әр түрлі бейнелерді, елгезек ойындар және ойын-сауықтарды құрайды. Оқыту кезінде және жас жүзушілер жаттығуларында осындай жүзу пайдаланылады. Ойындар үлкен эмоция тудырады, балалардың белсенділігін жоғарылатады, бастамаға себепші болады, серікітестік сезімге тәрбиелейді және т.б.
Қолданбалы жүзу. Суға батқандарды құтқару, ұзындыққа және тереңдікке сүңгу, сонымен бірге судағы бөгеттерді өту әдістерін құрайды.
Мәнерлеп (көркем)жүзу. Суда түрлі фигураларды құру үшін, акробатикалық және гимнастикалық айла-шарғыны қолданып, хореаграфиялық элементтерден құрастырылған түрлі қимылдар жиынтығын құрайды. Мәнерлеп жүзу топтық және жек-дара болуы
мүмкін.Біздің елде жүзумен түрлі жастағы адамдар шұғылданады. Алайда,адамдардың арасындағы көбінесе суда жүзуді меңгертіндері мен жарыстарға қатысатындары балалар. Жүзудің ең басты мағынасы- дене сауықтыру. Ол ішкі мүшелердің қызметін күшейтеді: дем алуды жиілендіреді, жүректің жиырылу жиілігін арттырады, қан тамырларының күйін өзгертеді, заттек алмасуын нығайтады. Оның су, ауаға қарағанда жылу өткізетіндігі және жылу сыйымдылығы үлкен,тығыздығы едәуір, нәтижесінде адам денесінің бетіндегі жылу беру және су қысымы кенеттен өсуімен түсіндіріледі. Жүзу күш түсіру жаттығуы болып келеді, сондықтан жас өспірімдердің дене бітімінің өсуіне ықпалын тигізеді. Жүзу кезінде адам шартты жартылай салмақсыздықта және көлденең қалыпта болады, сол себептен омыртқа уақытша қарапайым гравитациялық жүктемелерден босайды. Жүзу барлық ағзалардың, әіресе жүрек қан- тамыр және дем алу жүйесін жақсартады. Қарқынды жүзу кезінде баланың жүрек жиырылу жиілігі 34 рет өседі, және минутына 150-200 рет соғуға дейін жетеді. Жүзу кезінде спортшы түрлі тәсілмен дем алу ырғағын қозғалу ырғағына бейімдейді: ал суда қозғалыстың әр кезеңінде бір рет қуатты дем алып, және бір рет дем шығарады. Жүзу орталық жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді: артық қозғыштықты және тітіркенуді шығарады, өз күшіне сенімділікті арттырады. Осының бәрі судың әсері және күш түсіру жаттығуы бала ағзасына игілікті әрекет етеді. Жүзу балалардың және жас өспірімдердің ағзасын шынықтырады. Сыртқы ортадағы температураның жиі ауысуы ағзаны қорғау реакциясын нығайтады. Нәтижесінде ағзаның суық тию сырқатына қарсылығы күшейеді. Алғашқы кездегі үйренгендегі жүзу дағдысы бүкіл өмір бойы сақталады, осыны есте сақтау керек. Жүзуді білу әр адамға қажет,әіресе (көпір салу құрылысы, платиналар, балық аулау шаруашлығы және т.б.)шектесетін, мамандықты таңдаған адамдарға қажет. Жақсы жүзе білу, судағы бөгеттерден өту, сондай-ақ қолда болатын құралдарды қолдана білу барлық әскери қызметшілерге де ортақ. Сонымен жүзу күш жұмсау жаттығуы болғандықтан, адам ағзасын нығайтатын және үйлесімді дамытатын, оның қозғалғыштық мүмкіншілігі мен сапалық қозғалыстар қатарын жақсартуына және күн сайын өмір сүруіне қажет. Сол себепті жүзу кеңестік жүйесінің негізгі дене тәрбиесінің құралы болып табылады.
Судың қасиеті.
Адам қимыл жасаған жағдайда суда жүзудің техникалық негізіне көшуде, алдымен судың түрлі қасиеттерімен таныс болуы қажет. Су физикалық дене болғандықтан оның салмағы бар. Судың салмағы адамның салмағына қарағанда шамамен 840 рет ауыр.Судың бөлшектері зор қимыл-қозғалыста және едәуір салмақта болады. Сол себепті су үлкен инерцияны иемденеді. Тартынысты күшті дамыту үшін, жүзушінің денесін алға қарай жылжытып, есулік үдету қозғалысты орындау қажет. Су - жүзушінің денесіне едәуір қысым түсіреді. Сондықтан денеде кедергілік қозғалыс пайда болады. Қысымның үлкендігі бату тереңдігіне байланысты. Адамның суда жылжуы сұйықтық қасиетінің дененің қозғалысына қарсылық еткендігімен қалыптасқан. Бұл қарсылық қол бетінің есуінде, судың реакция күйінде аяқ пен бүкіл денеде пайда болады. Сонымен, жүзуші суда болғанда қолмен, аяғымен, бүкіл денесімен сүйене алады және қайта әсерленген күш әрекетін қоздырады. Судағы батқан денеге өрлеу күші әрекет етеді. Судың негізгі қасиеті - оның толқынды тудыру қасиеті. Осы қасиет ауырлық күшке, тұтқырлыққа және елгезек болуға негізделген. Жүзушінің қозғалысы кезінде судың бетінде пайда болатын толқынның көлемі жүзушінің техникалық дайындылығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |