Әкімшілік бөлінісі
Облыста 11 қала бар: Абай, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск.
Кенттер: Ағадыр, Ақжал, Ақтас, Ақтау, Ақшатау, Атасу, Жоғарғы Қайрақты, Гүлшат, Дария, Долинка, Жәйрем, Жамбыл, Жарық (Сейфуллин), Жезді, Жезқазған, Изумрудный, Қайрақты, Қарабас, Қарағайлы, Қарсақпай, Киевка, Қоңырат, Қушоқы, Қызылжар, Мойынты, Молодёжный, Новодолинский, Осакаровка, Сарышаған, Саяқ, Токаревка, Топар, Ботақара, Шақан, Шашубай, Шұбаркөл, Южный.
Ауылдар — 273.
Қарағанды облысының аудандары
1. Бұқар жырау ауданы
2. Осакаров ауданы
3. Қарқаралы ауданы
4. Жаңаарқа ауданы
5. Абай ауданы
6. Шет ауданы
7. Нұра ауданы
8. Ақтоғай ауданы
9. Ұлытау ауданы
Қалалары
Облыстық қалалар:
1. Қарағанды
2. Теміртау
3. Жезқазған
4. Сәтбаев
5. Балқаш
6. Сараң
7. Шахтинск
8. Қаражал
9. Приозерск
Аудандық қалалар:
1. Абай
2. Қарақаралы
Табиғаты
Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |