Реферат " Менің өлкем-жұмақ мекен!" Қарағанды облысы Орындаған: Дупмно-22-3к тобы Ғазиз Ақниет Қарағанды 2023 жыл



бет1/6
Дата27.09.2023
өлшемі51,75 Kb.
#110969
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Менің өлкем-жұмақ мекен Қарағанды реферат Ақниет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

РЕФЕРАТ
Менің өлкем-жұмақ мекен!”


Қарағанды облысы

Орындаған: ДуПМНО-22-3к тобы


Ғазиз Ақниет
Қарағанды 2023 жыл
Жоспар:

  • Жалпы мәлімет сипаттама (Қарағанды облысы)

  • Тарихы

  • Саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы

  • Ұлттық-мәдени орталықтары

  • Әкімшілік бөлінісі

  • Табиғаты

  • Табиғи-климаттық жағдайы

  • Өзендері мен көлдері

  • Экономикасы

  • Туризм

  • Флорасы мен фаунасы


Жалпы сипаттама
Қарағанды облысы – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Жер аумағы- 239,0 мың км2. Тұрғыны- 1 134 753 адам, орташа тығыздығы-1 км2-ге 4,7 адамнан келеді (2023).
Қарағанды облысының халқы 2023 жылдың басына 1134,8 мың адамды құрады. Мұндағы қала халқының үлесі ауыл тұрғындарынан әлдеқайда жоғары: 81,3%, ауыл тұрғындары - 18,7%.
Этникалық құрамына келетін болсақ, Қарағанды облысы халқының басым бөлігін қазақтар құрайды, олардың үлесі – 49,4%. Орыс ұлты 37,5%-дық көрсеткішпен екінші орында тұр, үшінші орында - украиндықтар, үлесі - 2,8%. Төртінші орында – немістер, Қарағанды облысындағы олардың үлесі - 2,5%.
Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Абай облысы, батысында Ұлытау облысы, оңтүстігінде Жамбыл, оңтүстік-шығысында Алматы, Жетісу, солтүстік-батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 7 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлінеді. 9 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталық – Қарағанды қаласы.

Тарихы
Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды.
ҚОАК-тің Қарағанды облысы бойынша Ұйымдық комитетінің төрағасы, өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бюросының мүшесі Абдолла Асылбеков болды. Осы өңірдің тумасы, сол замандағы қоғамдық құбылыстардың, өзгерістердің ұйытқысы, ұлттық басшылық құрамның көрнекті өкілі Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков облыстық кеңес атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Бірақ ол 1937 жылдың зобалаңына ұшырап, нақақтан нақақ ауыр жазаға кесілді.
1938 жылдың қыркүйегінде Қарағандыда екі жылдық мұғалімдер институтының құрылды. Ол кейін педагогикалық институттың, бұдан соң қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің негізін қалаған облыстағы тұңғыш жоғары оқу орны болды. Бұл уақытта қала тұрғындарының саны 162 мың адамға ұлғайып, бүгінгі орталық бөлігіндегі ғимараттар мен үйлердің салынуы басталды.
1939 жылы құрамынан Ақмола облысы бөлініп шығып, әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйелене түсті.
1943 жылы Қарағандыда облыстар арасынан алғаш рет өткізілген әйгілі ақындар айтысы болды. Облыстың барлық қалаларына, аудан орталықтарына, ірі кәсіпорындарына радио арқылы тыңдатылған бұл айтыста атақты халық ақындары Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков, Жолдыкей Нұрмағамбетов, Нартай Бекежанов,Ғабдиман Игенсартов, Нұрлыбек Баймұратов, Көшен Елеуовтер жыр додасын қыздырды.
1944 жылдың 31 желтоқсанында Теміртаудағы Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пешінің қатарға қосылып, қазақстандық тұңғыш болат алынды.
1947 жылы 12 миллион 565 мың тонна көмір өндіріліп, Қарағанды Одақтағы үшінші отын ошағы ретінде танылды. Қазақ металлургия зауытында екінші мартен пеші іске қосылып, экономиканың нығаюы басталды.
1949 жылдың 16-21 маусым аралығында қалада «Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеп, игеру проблемалары» жөніндегі Қазақ КСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясы өткізілуі аймақ ғылымының дамуына тың қозғау салды. Геология басқармасы құрылып, жаңа кен көздерін іздестіріп табу істерін кең ауқымды жүргізу жолға қойылды.
1949 жылдың 29 тамызында Семей полигонында тұңғыш атом бомбасының сыналуы облыс тарихындағы қаралы таңба болып қалды. Төрт жылдан кейін Дегелең тауы тұсында сутегі қаруы жарылып, Егіндібұлақ аймағы өңірі тұрғындарына тағы ауыр зардап әкелді. 1949-1962 жылдары бір кездегі әсем өңірдің ашық аспанында дүлей қарудың 266 жарылысы жасалды. Содан кейінгі уақытта да сынақтар тоқталмай, дала 300 рет ғаламат жарылыстардан сілкінді.
1950 жылдың 17 қазанында облыстағы екінші жоғары оқу орны — Қарағанды медициналық институты ашылды. Аймақтың өз білікті дәрігерлерін көптеп даярлауына мүмкіндік туды.
Облыс елуінші жылдары тек өнеркәсібі дамуымен ерекшеленбей сондай-ақ ауыл шаруашылығын да өркендетті. 1956-1957 жылдары аймақта ірі қара саны — 36,5 мың, қой мен ешкі 358,7 мың басқа жетті. Сонымен қатар бұл кезеңде тұрғын үй құрылысы кең қанат жайды. Облыс бойынша 1958 жылы 1957 жылмен салыстырғанда осы мақсатқа жұмсалған қаржы мөлшері 13 пайызға өсіп, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 28 пайызға артты.
1953 жылдың қыркүйегінде облыстағы үшінші жоғары оқу орны Қарағанды тау-кен институты (қазіргі мемлекеттік техникалық университет) тұңғыш рет студенттер қабылдады. Бұл жылы Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» және Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романдары қарағандылық оқырмандардың қолына тиді.
Қарағандының түбіндегі Жауыртау етегінде туып-өскен Ғабиден Мұстафин бұдан соң аймақ өткендегісін баяндаған «Дауылдан кейін» және «Көз көрген» кітаптарын жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет