Реферат №1 «Нан пісіру,кондитерлік және макарон өндірісінің технологиялық жабдықтары»


Ұзынша келген макарон өнімдері өндірісінің технологиялық сызбасы



бет3/4
Дата11.10.2024
өлшемі366,98 Kb.
#147740
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
ГУЛНАЗ НАН МАКАРОН 2

1.2 Ұзынша келген макарон өнімдері өндірісінің технологиялық сызбасы


Кез келген макарон өнімінің түрін шығару әрдайым жоғарыда аталған кезеңдерден тұрады, бірақ шығарылатын өнімнің түрі, сонымен қатар фабрикадағы орнатылған жабдықтың түрі белгілі бір өнімді өндірудің технологиялық схемасын анықтайды.


Осы схема бойынша (1-сурет) кез келген диаметрдегі макарон ұзындығы 20 – 25 см көлемінде өндіріледі. Матрицадан сығымдалып шығатын (1) шикі макарон будағы жылжып тұратын столдың (2) көмегімен лотоктағы кассеттерге орнықтырылады да кесіледі. Көптеген кәсіпорындарда осы әрекет механикаландырылған тәсілде атқарылады, оны орнықтыру-кесу машинасы орындайды.
Шикі өнімдермен толықтырылған кассеттерді вагоншаларға немесе қоларбаларға салады да кептіру бөліміне жеткізеді. Мұнда калориферлерсіз кептіру шкафтары (4) орнықтырылған, оған әкеп өнімдермен толықтырылған кассеттер салынған вагоншалар қойылады, не болмаса кассеттерді қоларбалардан кептіру шкафына қолмен алып орналастырады.
Кептіру үрдісі кептіру аппаратындағы желдеткіштен жіберілген ауа ағынының кассеттерде толтырылған макарон өнімдері арқылы өтіп кептіреді. Кептіру аяқталғаннан кейін вагоншалардағы немесе қоларбалардағы дайын өнімдер орау бөліміне түседі, мұнда салқындатылып және сұрыпталғаннан кейін қолмен бөлшектеп орайды немесе үлкен тараларға үйіп салады. Бос касеттер сығымдау орнына қайталап жіберіледі және үрдіс қайтадан басталады.



1-сурет.Лотоктағы кассеттерде кептірілетін макарон өндіру схемасы

Ұзын макарон өнімдерін автоматтандырылған ағынды желіде іліп кептірудің өндірістік схемасы болады. Осы схема бойыншы біздің елімізде макарон өнімдерінің аздаған мөлшері ғана дайындалады. Алайда, желінің құрамындағы үздіксіз әрекет ететін машиналар мен агрегаттарда жүзеге асырылатын барлық технологиялық үрдістерді жоғары дәрежедегі механикаландыру мен автоматтандыру нәтижесінде жоғары сапалы макарон өнімдерін (макаронның ерекше түрі және салам тәріздес, вермишель мен лапша) өндіру елімізде кеңінен таралып отыр. Қазіргі кезде осы схема бойынша макарон өнеркәсібінде жұмыс істейтін итальяндық «Брайбанти» фирмасы және оған ұқсас Б6-ЛМГ, Б6-ЛМВ және ЛМБотандық желі қызмет атқарады.


Б6-ЛМВ желісінің схемасы 2 суретте берілген. Үзіліссіз қимылдайтын сығымдағыш (2) тік бұрышты матрица арқылы макарон будасын сығымдап шығарады, оларарнайы автоматтың (өздігінен кесетін) (1) көмегімен бастундарға ілінеді. Осы қалыпта олар кептіру орнына түседі. Алдымен осы макарон будасы алдын ала кептіру орнына (5) жеткізіледі, сөйтіп жартылай шикізаттан ылғал қарқындап шығарылады, содан кейін негізгі кептіру орнында (4) кептіріледі, мұнда олардан ылғал біртіндеп шығарылып кептіріледі.
Кептіру орындарында бастундар, бірнеше қатар орналасқан тасымалдағыштар көмегімен жылжытылып отырады. Кептірілген өнімдер тұрақтандырғышжинақтағышқа (5) келіп түседі, кейіннен машина (6) арқылы бастундардан шығарылып алынып орау орнына жіберіледі.
Толтырыла тиелген бастундар шынжырлы тасымалдағыш арқылы өздігінен кесуге беріледі. Негізінен өнімді қораптарға салу үшін желіні орамдау машинасымен жабдықтайды. Ұзын макарон өнімдерін автоматтандырылған ағынды желідегітағандарда алдын ала кептіру және цилиндрлі кассеттерде негізгі кептіруді жүргізудің схемасы. Осы схема бойынша «Бассано» француз фирмасының автоматтандырылған ағынды желісінде ұзын макарон өнімдерін әзірлейді.
Біздің елімізде осындай екі желі жұмыс істейді. Желіде макарон сығымдағышы, жаймалау машинасы, алдын ала және негізгі кептіру орны, тұрақтандырғышжинақтағыш және орамдау машинасы бар.
Осы схеманың басты артықшылығы – құрғақ қалдықтардың болмауы және бірдей ұзындықтағы біркелкі өнімдерді алуда. Бұған қол жеткізу үшін бірдей кесілген макарон өнімдерін алдын ала тағандарда кептіргеннен кейін ішінен айналып тұратын цилиндрлі кассеттерде негізгі кептіруді жүзеге асырады. Сөйтіп, өнімдер үздіксіз қимылдайтын цилиндрлі касеттерде кептіріледі,сондықтан да олар тік қалыпта кеуіп шығады.



2-сурет. Ұзын макарон өнімдерді шығаруға арналған автоматтандырылған Б6-ЛМВ желісі

Желінің автоматтандырылған жүйесі өндіріс өнімділігін арттырып,адам факторынан туындайтын қателіктерді азайтады.Бұл ұзын макарон өнімдерін жоғары сапада және экономикалық тұрғыдан тиімді өндіруге мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет