Ғылым және Қазақстандығылыми зерттеу Ресей 18 ғ. қолға алған Қазақстанды комплексті зерттеудің алғашқы талабы М. В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке территор-иясын экспедициялық зерттеуді және оның географиялық картасын жасауды ұйымдастырудың бастаушысы болды, қазақтардың тарихы, лингвистикасы, экономикасы, және этнографиясы бойынша ғылыми ізденістер жүргізілуіне мүмкіндік туғызады. 1769 ж. өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін П. С. Паллас басқарды. Оның жол – сапары Симбирск, Орынбор, Илецк, Орск, Жайық қалашығы – Гурьев, Уфа арқылы өтті. Бұл экспедицияның нәтижесі П. С. Паллас- тың « Ресей имеприясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат » деген үш бөлімнен тұратын еңбегі болды.
Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуінің ірі қорытындысы А. И.Левшиннің « Қырғыз – қазақтық немесе қырғыз – қайсақтық ор- далар мен далаларды суреттеу » деген үш бөлімдік кітабінің жарыққа шығарылуы болды. 19 ғ. екінші жартсында Түркістан өлкесін зерттеу- мен Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихын сүйетіндердің үйірмесі, сонда-ақ 1896 ж. ұйымдастырылған Ресей гео- графиялық қоғамының Түркістан бөлімшесі белсенді айналысты. 1877 ж. Ресейдің осы қоғамының Батыс-Сібір бөлімі, кейінірек оның Семей бөлімшесі құрылды. Осы бөлімшемен А. Құнанбаев байланыс жасап тұрды.
1856 ж. көктемінде Шығыстың болашақ зерттеушісі Ш. Уалиханов тың бұдан арғы тағдырын көп жағынан айқындаған айрықша мәнді оқиға болды. Ол мұның ғылыми талпыныстарын жоғары бағалап, шы- ғыстанудың маңызды проблемаларын зерттеуге бағыттаған аса көрне- кті ғалым, белгілі географ П. П. Семеновпен танысты. Сол жылы Ш. Уалиханов Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қрай Ыстықкөл көліне : дипломатиялық тавпсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедиция- ға қатысты.
19 ғ. екінші жартысы мен 20 ғ. басында қазақ қоғамының ғылыми өмірі С. Қ. Бабажановтың,Қ. Халидидің, М. Шормановтың, Ш. Құдай- бердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, және басқалард- ың шығармаларымен байыды. Қазан революциясына дейінгі Қазақст- анның ғылымы белгілі бір нәтижелерге жеткенімен, халықтың қалың бұқарасының өмірі мен тұрмысына ене алмады. Оның көптеген бағы- ттары жаңадан туу сатысында тұрды.