Реферат №3 ӨСӨЖ "Күй жанрының фольклорлық арнасв жайындағы Қ. Жұбанов зерттеулері"



Pdf көрінісі
Дата19.05.2023
өлшемі41,13 Kb.
#94774
түріРеферат
Байланысты:
№3 ӨСӨЖ 2



Қ. Жұбанов атындағы университет
РЕФЕРАТ
№3 ӨСӨЖ
"Күй жанрының фольклорлық арнасв жайындағы Қ. Жұбанов зерттеулері"
Қазақтың күй сазын сөз еткенде, оның молдылығы мен көркемдігі жайлы «Санын сөз 
етсеңіз де, екі шектен ескен күй мақтауға тұрарлық қымбат дүниеміз», - деп А.Жұбанов 
айтқандай, күйлердің санын сөз етсек – сонау XX ғасырдың басындағы қазақтың ән күйіні 
жинаушы А.Затаевичтен бастап бүгінгі таңға деййін бір ғасырға жуық күй жинау 
тәжірибесінде нотаға түскен қазақ күйлері шамамен 4-5 мыңдай болып қалады. Солардың 
ішінде 5000-дейі ескі сарынды көне күйлер. Бұларды қазақтың халық күйлері деп атайды. 
Сонымен қоса, бұл күйлердің 200-ден астам аңыз – әңгімелері де бар. 2000-ға тарта 
күйлер халық сазгерлерінің шығармасы, яғни, авторлары белгілі күйлер Мың жарымдайы 
қазіргі заман күйлері, демек соңғы ғасырдың жемісі.
Алғаш рет қазақ күйлеріне жанрлық классификация берген белгілі ғалым 
Құдайберген Жұбанов болды. Оның «Қазақ музыкасынада күй жанрының пайда болуы 
жайлы» деген еңбегі 1936 жылы жарық көрді. «Осы еңбекте: «Бүгінгі күйлер әнсіз, 
эпосша тартылады. Оларға бөтен өлең еш нәрсе қосылмайды. Бұл әннен, дауыс қосып 
айтатын сөзден бөлініп, бөлектеп шыққан бір жанр. Бірақ алғашқы әзірде бұлай 
бөлектелмей жырмен екеуінің бір болуының жөні бар. Осы күнгі қазақтың күйлеріне 
ұқсас Иран, Азербайжан күйлеріне дауыс қосылып, ән шырқайды» делінеді. 
Бұл үзіндіде екі түрлі ғылыми терең түйінін аңғарамыз. 1-ші, Европа 
елдеріндегідей, өнердің синкреттік дәуірін шығыс елдері де басынан өткізгендігін, бұл 
адам баласының өрлеу жолындағы мәдениеттің белгілі бір белі, баспалдағы
халықтардың бәріне бірдей жалпы заң екендігін көреміз.
Екінші, қазақ халқы жазу – сызу, ғылымнан кенже қалған ел болса да, сөзі мен 
музыка өнерлері ерте дамыған, тіпті мәдениеті, жазу сызулары көне заманнан келе 


жатқан кейбір жақын шығыс елдерімен салыстырғанда, қазақ елінде музыка өнерін өте 
биікке көтерілгендігін меңзейді.
Ұлы жұртымыздың тарихына көз жүгіртсек, әр халық өз тарихын әр түрлі жолдармен 
белгілейтіні ерекше байқалады. Мысалы: арабтарда көне тарихын алып тас мүсіндерге 
түсірсе, қытайларда ескі жазу тәсілімен сақталған. Үнділерде би өнерінің тілімен 
бейнелесе, европалықтар зәулім храмдармен қорғандар салып қалдырған. Ал, қазақ 
халқы болса, өз тарихын аса бай ауыз әдебиетімен жырлап, саз өнерімен суреттелген. 
Соның бірі – күй. 
«Күй – көне жанр. Оның сан ғасырлық тарихы бар. Қалыптасқан дәстүрлері 
мен мектептері бар. Күй тілі – ана тілімен бірдей. Күй мазмұны халықтың өмір айнасы. 
Сондықтанда, күйдің түр-түсінен, тілінен, ұлттық сипатынан айырылып қалмайық деп
сонау XX ғасырдың 30-жылдары Құдайберген Жұбановтан бастап Ахмет Байтұрсынов, 
Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов т.б. қазақтың біртуар 
азаматтары қайта-қайта айтып та, жазып та кетті».
Белгілі филолог Құдайберген Жұбановтың айтуы бойынша XIV ғасырда Хазар теңізін 
мекендеген Қытай елінің (ол бүгінгі қытайлар емес, түрік елдері, біздің бір кездегі 
аталарымыз) 366 күйлерінің болуы, әннен, сөзден, бөлініп қазіргі Европа музыка 
мәдениетіндегідей симфониялық биікке көтерілуі – үлкен дәреже.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет