ҚОРЫТЫНДЫ Айша Ғалымбаеваның бақытты суретші екені ақиқат. Оның алдында өмірдің өзекті сюжеттерінің күштеп тізеге салуына көнбейтін мәңгілік тақырыптар мен идеялардың есігі айқара ашылған. Ғаламдық жаратылыстың өзі құдірет, құшағында жүріп сүйініп, тамашасына табынуға қу тірліктің кесірінен уақытың жете бермесе де табиғатқа жетер сұлулық жоқ, өмірдің өзі қызықты, ал, адамдар да бір есептен бұл өмірге тектен текке келмеген деп күй көкірекке ой түйетін әр пенде үшін Айшаның образдары әрқашан айшықты да тартымды.
Айша Ғалымбаеваның бұл өмірден алмаған сыйы, ардақталмаған атағы жоқ шығар. Алайда солардың арасындағы ең бастысы оның картиналарын тамашалаған көрерменнің көкірегінде күй болып шертілетін сұлулық пен қуаныш, адам жанына сондай іңкәр дүниені сыйлаған шығармашылықтың жасампаздық құдіреті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Айша Ғалымбаева – киносуретші және ұлттық костюм білгірі (oner.kz)