Шымкент, 2023
Жоспар:
1)Қан айналым жүйесі
2) Қан айналым жүйесінің құрамы мен құрылысы
3) Қан айналым жүйесінің қызметі
4) Қан айланым жүйесінің аурулары
Қанайналым жүйесі— денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады. Қан айналым жүйесінің құрылысы:
Қан айналым жүйесінің құрамы Қан тамырлары (лат.vasa sanguinea) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер. Қан тамырлары:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға,
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға және
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.
Қан айналу жүйесі тоқталмай, үнемі жүріп жататын зат алмасуын қамтамасыз етеді. Жүрек – қан айналу жүйесіндегі негізгі бөлім. Ол тоқтаусыз қызмет етіп, қан тамырларында қанның қозғалысын қамтамасыз етеді. Бір тәуліктің ішінде жүрек 5-6 мың литр қанды айдайды. Қанның тамырларда қозғалуына түрткі болатын энергия жүректің бұлшық еттерінің қызметіне байланысты өндіріледі.
Адамның жүрегі бұлшық еттен тұратын конус пішінді қуыс мүше. Ол салмағына, жынысына қарай бөлектенеді: ерлердің жүрегі (300 г) әйел жүрегінен (220 г) салмақтырақ. Жалпы ұзындығы – 12-14 см, ең жалпақ жері – 10-11 см. Жүрек оң және сол жақ бөлімдерден тұрады. Олардың әрқайсысында екі-екіден қуыстары бар: жүрекше және қарынша деп аталатын қуыстар.
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы – эпикард (грек. эпи – үстіңгі + кардиа – жүрек), ортаңғы – миокард (грек. миос – бұлшық ет + кардиа) және ішкі – эндокард (грек. эндос – ішкі + кардиа). Жүректің еті – миокард – ерекше құрылымды көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұрады. Оның қалыңдығы жүректің әр жерінде әртүрлі. Ең жұқа жері жүрекшенің қабырғасында 2-3 мм, ал ең қалың жері – сол жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдығы бұдан 3-4 есе артық.