Атырау жоғары медициналық колледжі Реферат Анафилактикалық шок
Орындаған:Мақсотқызы А Тексерген:Орынбаева Р.О Анафилактикалық шок (АШ) – ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, жіті дамитын, өміргe қауіпті патологиялық үрдіс.
Қауіп-қатер факторлары: анамнезінде дәрілік аллергиясы бар, дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану, әcipece қайталау курсы кезінде, депо препараттарды пайдалану, дәрілермен ұзақ уақыт дерматомикоздың болуы (эпидермофитии), пенициллинге сенсибилизациясы бар.
Анафилактикалық шоктын клиникалық ағымы бойынша жіктелуі:
1. Қасқағымдағы ағымы – жіті басталатын, тез үдейтін АҚҚ төмендеуі, естен тану, тыныс жетіспеушілігінің үдеуімен жүреді. Қасқағымды шок ағымының ерекшелігі- шокқа қарсы қарқынды терапияга тұрақты болуы және терең коматозды жағдайға дейін тез өршуі. Өміргe маңызды мүшелердің зақымдалуына байланысты алғашқы минутта немесе сағатта өлімге әкеледі.
АШ қасқағымды тәрізді ағымының варианттары басты клиникалық синдромдарға байланысты: жіті тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ) және жіті қан тамыр жетіспсушілігі (ЖҚЖ).
АШ басты синдромы ЖТЖ әлсіздік кенеттен пайда болады және үдейді, кеудені қысқан тәрізді ауа жетіспеу ceзімі, мазалайтын жөтел, экспираторлы ентігу, бастын ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру ceзімі, қорқыныш сезімі болады. Tepінің кенеттен бозаруы мен цианозы, аузында көпіршіктep, тыныс шығару кезінде құрғақ сырылдар және қиындаған ысқырықты тыныспен байқалады, Бетте және дененің басқа бөліктерінде ангионсвротикалық iісінулep дамуы мүмкін. ЖТЖ үдеу анықталады және жіті бүйрек үсті безі жетіспеушілігінде өлімге әкелуі мүмкін.
ЖТЖ мен дамитын АШ кенеттен басталған әлсіздік, құлақта шу; арпа термен сипатталады. Tepi тyci бозғылт акроцианоз айқын, АҚҚ төмендеген, пульс жіп тәрізді, жүрек тондары кенеттен әлсіреген. Біpнeшe минуттан кейін есінсн тану, тырысулар болады. Жүрек -қан тамыр жепспеушілігінен өлімге ұшырауы мүмкін.
2. Рецидивті ағымы– клиникалық жағдайы жақсарған соң сағат немесе тәуліктен кейін қайта шоктың пайда болуымен сипатталады. Кейде қайта дамыған шок алдыңғысына қарағанда ауыр өтеді және емге тұрақты болады.
3. Абортивті ағымы-шоктың асфиксиялық варианты, науқастарда клиникалық симптомдар тез жойылады, көбінесе дәрілік препараттарды қабылдауды қажет етпейді.
АШ ағымының 5 варианттары; типті, гемодинамикалық, асфиксиялық, церебралды және абдоминалды.
Диагностика критериилері.
Шоктың жедел қатерлі ағымында шағымдары болмайды. Кенеттен есін жоғалтуымен басталып, журектің тоқтауы және клиникалық өлім болады.
Tиптi шок симптомдары: • тері жабындысының тyci өзгереді (тері қызаралы немесе бозғылдық, цианоз);
• әр түрлі экзантемалар;
• қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;
• суық тер;
• түшкіру, жөтел, қышу сезімі;
• жас ағу;
• күсу;
• аяқ-қолдың клоникалық тырысулары (кейде тырысулық құлау);
• қозғалыс бұзылыстары;
• «өлімнен қорқу»;
• epіксіз зәр, нәжіс, газ бөлінуі.
Жедел жәрдем:
– ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату;
– тыныс жолдарынын өткізгіштгін қалпына келтіру, таза ауаның келуін қамтамасыз ету.
– науқасты: аяғын көтерген күйде Тренделенбург қалпына келтіру, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін басын бүйірне қарату, асфиксия, құсық массаларымен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту;
– оттегімен емдеу; аллерген парентеральді енген жағдайда 0,1% адреналин ертндісімен 0,1 мл/жасына сәйкес мөлшерде 5,0 мл натрий хлориді изотониялық етіндісіне араластырып аллерген енген жерді; айналдыра eгiп шығады;
-аллерген енген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспаитын eтin, 30 минутка жгут салу ( әр 10 минут сайын жгутты бip-eкi минутқа босатып отыру қажет) ;
-көктамырды тауып 0,1% адреналин ерітіндісін 0.1 мл/жасына (0,01 – 0,02 мг/кг) сәйкес мөлшерде бipaқ, 1,0 мл -ден аспау керек;
-глюкокортиоидты гормондар енгізу преднизолон 5-10 мг/кг , әсері болмаса қайталау;
-антигистаминді дәрілер енгізу: 2% супрастин 0,1- 0,15 мл/жасына немесе 1 % димедрол ертінідісін 0,05 мл/кг көктамырға немесе бұлшық етке, бipaқ біp жасқа дейінгі балаларға 0,5 мл-ден, бip жастан асқан балаларға 1,0 мл, 1% дифенгидрамин epтіндіci 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген урдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті әсері!
– инфузионды терапия 0,9 % натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Кан тамырішілік көлемді қайта қалпына келтіру yшiн.
Алғашқы 10 минут ішінде гемодинамика тұрақтылығы жойылғанда шоктың ауырлығына байланысты қайталап коллоидты ертіндй (пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин енгіземіз. Инфузионды терапия жылдамдығы және көлемі АҚҚ жоғарылауымен, Орталық венозды қысым жоғарылауымен және науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады.
Симптоматикалық ем:
а) артериалды гипотензияда циркуляциядағы қан көлемі қабынуынан кейін- вазопрессорлы аминді, систолалық. АҚҚ >90 мм.с.6. келгенше көктамырға титрлеп енгізеді. Допамин көктамырға тамшылатып 4-10 мкг/кг/мин, 15-20 мкг/кг/мин жылдамдықпен (200мг допамина 400 мл 0,9% натрий хлориді нeмece 5% декстроза epтiндici) аспау керек – инфузионды минутына 2-11 тамшы жылдамдықпен енгізеді.
б) брадикардия дамыса 0,1% атропин ертндісі 0,5 мл тері астына, қажет болған жағдайда -осы мөлшерді 5-10 минуттан кейін қайталап енгіземіз;
в) бронхоспастикалық синдромда көктамырға 2,4 % аминофиллин ертіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден аспау керек) 20 мл изотоникалық ертінді» натрий хлоридіне еріту немесе ингаляциялық В2-адреномиметиктер -сальбутамол 2,5 – 5,0мг небулайзер арқылы енгізу.
г) цианоз, диспноэ не аускультацияда құрғақ сырылдар анықталғанда оттегі емі жасау; тыныс алу тоқтаған жағдайда өкпені жасанды желдету, көмей ісінуінде- трахеостомия жасау.