Қарым-қатынастың қызметтері (функциялары);
1. байланыстыру, практикалық қызметі. Қарым-қатынас бүл жерде
кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің
шарты болып табылады Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар
бірін-бірі түсінбеу салдарынан қүрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі
оқиға тегін емес.
2. қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде арақатынас
адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы
шарты болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында
оның мінез-қүлқы, іс-әрекеті, өмірге
көзқарастары үлкен адамдармен жасаған арақатынасына тәуелді
болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері
ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы
қимылдарына айналады. Мысалы, "ЗитаТита" үнді
кинофильмінде егіз қыздар әртүрлі ортада өскендіктен мінездері
бір-біріне ұқсамайды. Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой-
өрісі өспейді. Балалар үйінде өскен жасөспірімдердің ой-
өрістері өздерінің ата-аналарының бауырында өскен құрбыларынан
едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірі туған-туысқандарымен,
жақсы көрген адамдарымен қарым-қатынаста өтсе, психологиялық
қасиеттері адами сапаға жақынырақ болары анық. Бірақ осыған
байланысты еске алатын бір жайт: бала үлкендердің барлык.
насихаттарын, ойларын, көзқарастарын өз бойына тікелей құйып алатын
ыдыс емес! Бала мен ересек адамның арақатынасы тек үлкеннен кішіге
ететін білім, біліктілік, дағдылар емес, бұл - неғұрлым күрделі өзара
ықпалдау, өзара өзгеру, бірін-бірі байыту құбылысы. Бала басқаның
тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді түрде тез өткізіп қабылдайды.
3. растау қызметі. Басқалармен жасаған қарым-қатынас барысында :
адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге
мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз түлғасының құндылығын
басқа адамдар арқылы біледі. Адам - үшін ауыр жазаның бірі - жападан
жалғыз қалу, ешкіммен араласпау,
басқалардың назарынан тыс қалу. "Сен
жамансың", "Сенікі дүрыс емес" деп адамды жаман бағалаудың
өзінде оны қабылдап, бар екенін растап тұрудың
белгісі бар. Ал қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері
"Сен бұл жерде жоқсың", "Сен өмір сүрмейсің". Осы әдісті А.
Макаренко өз коммунасында жиі қолданатын еді кінәлі балаға басқалар
байкот жариялайтын. Растамау көп психикалық аурулардың, мысалы,
шизофренияның себепшісі. Нәресте, сәби әке-шешесінен "сен жақсы",
"сен біз үшін барсың" деген дәлелдерді естімесе, оның санасында қалған
іздер ердогендік психозға жол ашады. Күнделікті тіршілік адами
арақатынасқа, "растау терапиясына" толы: танысу мен сәлемдесу
рәсімдері, құшақтау мен ізет көрсету, т.б. Осының барлығы әр адамның
бар екендігін растайтын делел екені сөзсіз.
4. тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен
тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар
(тұлғалықтан іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап,
бірімен бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия,
ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың
әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де,
эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдык., рөлдік қарым-қатынастарға
өз әсерін тигізеді.
5. тұлға ішіндегі қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап
сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлға ішіндегі қарым-
қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі деуге болады.
Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам қарым-
қатынастың қызметін сақтап қалады.
Сонымен, біз қарым-қатынасдьң түрлерін, қызметтерін қарастырдық.
Қарым-қатынас психологиясында көбірек дәстүрлі мәселе —
тұлғааралық тікелей қарым-қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |