Реферат «Азаматтық құқық»



бет5/8
Дата02.12.2023
өлшемі42,65 Kb.
#131604
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Ортақ бірлескен меншік ортақ меншіктің бір түрі болып табылады, оған қатысушылар жалпы мүліктегі алдын ала айқындалмаған үлестеріне иелік етеді. Демек, үлестер, егер заңда өзгеше көзделмесе, тең деп танылады. Мұндай мүліктерді бөлу қатысушының бірі одан шыққанда немесе ортақ меншік тоқтатылғанда ғана жүзеге асады.
Заңда ортақ бірлескен меншіктің мынадай түрлері қаралған: 1) ерлізайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа қожалығының (фермер) ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік.
Заңда жаңа құқықтық қатынастардын, пайда болуына орай ортақ бірлескен меншіктің аясы кеңеюі мүмкіндігі ескертілген (АК-тің 209-бабының 2-тармағы). Сонымен Азаматтық кодексте нақты қарастырылмаған, бірак ортақ бірлескен меншік ережелеріне дөп келетін ортақ бірлескен меншіктің өзге де түрлері кездесуі мүмкін.
Азаматтық кодекстің 219-бабы, 1-тармағында ортақ бірлескен меншіктің түрлері келтірілгенімен тараптардың оны басқа құқықтық тәртіпте ауыстыруға келісуіне болады (АК-тің 219-бабының 3-тармағы).
Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ меншікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлык қатысушылардың қатысуы бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, азамат дербес кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланады, ал оның өзі жұбайлардың бірінің екіншісіне келісім беру аркылы жүзеге асады, әрине, егер заңда немесе келісімде, неке туралы шартта өзгеше көзделмесе ғана екендігі түсінікті ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңның 5-бабының 1-тармағы).
Егер барлық қатысушылардьщ келісімінен өзгеше туындамайтын болса, бірлескен меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәмілелер жасасуға құқылы. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған қатысушыны қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен мәміледегі екінші тарап бұл жөнінде білгені немесе көпе-көрінеу білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін. Нотариаттың куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәмілелер жасасу кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.
Егер Азаматтық кодексте немесе өзге де заң құжаттарында бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбесе, жоғарыда келтірілген ережелер иелену, пайдалану және билік етуге қолданылады (АК-тің 220бабының 4-тармағы).
Ортақ бірлескен меншікте үлес болмайды деп есептеледі, яғни ортақ меншіктің мұндай түрінде меншік иелерінің үлесі алдын ала айқындалмайды. Сондықтан да ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысын ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.[9,34-37] Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заң немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару негіздерінің тәртібі меншік үлесі жөніндегі ережемен белгіленеді, ейткені заңмен бірлескен меншіктін жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбеген және бірлескен меншікке қатысушылар қатынастарының мәнінен туындамайды.
3. Шаруа (фермер) қожалыгының ортақ меншігінің құқықтық ерекшеліктері. Шаруа (фермер) қожалығы дегеніміз бір шаңырақта бірлесіп еңбек етіп, ауыл шаруашылығына арналған жерді игеріп, одан өнім алуға, өңдеуге, пайдалануға байланысты іс-қимыл әрекеті болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкін: 1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы; 2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік қожалығы; 3) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасывда жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған (фермер) қожалығы ("Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңның 1-бабы).
Шаруа қожалығына отбасының барлық мүшелері, оның ішінде кәмелетке жасы толмаған балалары (сондай-ақ асырап алған ұл-қыздары), ата-аналары және шаруашылықты бірге жүргізетін жақын туыстары мүше бола алады.
Заңда бірлескен шаруашылық меншігі құқықтарының объектілері де анықталған. Оған өндіріс құрал-жабдыктары, жер учаскесі, егін, шаруашылық және басқа құрылыстар, өнім беретін және көлікке пайдаланатын малдар, мелиоративтік құрылыстар, құстар, ауылшаруашылығына арналған және басқа техникалар, көлік құралдары, басқа да керек-жарақтар жатады, оның бәрі де шаруа қожалығы мүшелерінің шаруашылық жүргізу үшін жалпы қаржы есебінен құралады.
Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің жалпы мүлкіне сондай-ақ жемісті, өнім мен табысты жатқызуға болады. Шаруашылық жүргізудің нәтижесінен алынған ол шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті мүлкі болып табылады. Бұл мүліктерді иелену, пайдалану шаруашылық мүшелері арасындағы келісім бойьшша жүзеге асады. Бірақ оның жұбайлардың бірлескен меншігінен айырмашылығы, шаруа (фермер) қожалығында шаруашылықты жүргізетін басшысы сайланады, ол жасы 18-ге толған кез келген азамат болуы керек. Шаруа қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен, мемлекетпен байланысты қожалықтың мүддесін бүлдіреді және заң тыйым салмайтын азаматтық-құқыктық келісімдерді жүзеге асырады.[10,41]
Шаруа қожалықтарының мүшелерінде ортақ бірлескен меншіктен басқа жұбайлардың бірлескен меншігі және шаруашылық мүшелерінің өзінің құқықтық тәртібіне бағынатын бөлек меншігі бола алады.
4. Азаматтық кодекстің 227-бабына сәйкес ортақ бірлескен меншіктің тұрғын үйдің жекешелендірілген тұргын үйге байланысты жаңа түрі пайда болды. Тұрғын үй және тұрғын үй кооперативтерінде жұбайлардың, отбасы мүшелерінің ортаға салған қаржы есебінен алған пәтерге ортақ меншік болады ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 58-бабы).
Ортақ бірлескен меншіктің мұндай түрі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" және басқа құжаттармен реттеледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының жайларында тұратын азаматтарды қалауы бойынша тұрғын жай жекешелендірілген соң оның ортақ бірлескен меншікке көшетіндігін заң қарастырған.
Сол үйде тұратын жұбайлар мен олардың балалары меншік иесі болып табылады. Жұбайлардың ата-аналары, сондай-ақ балалары меншік иесімен бірге тұрған жағдайда олардың меншік иесімен арадағы келісім арқылы танылуы мүмкін.
Үй иесінің отбасы мүшесі айрықша жағдайларда басқа адам да бола алады, бірақ ол меншік иесімен бірге тұрып, ортақ шаруашылықты бірлесе жүргізуі тиіс. Еңбекке жарамсыз азаматтар меншік иесімен тұрақты бірге тұрса, онда ол меншік иесі отбасының мүшесі болып есептеледі (Заңның 21-бабы).
1 Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Қазақ кеңес кәсіподағының 1989 жылғы 10 шілдедегі бекіткен азаматтардың пәтерлерін (үйлерін) жекеменшікке сату және оларды күтіп ұстау мен жөндеуге кететін шығындар туралы жалпы ереже жөніндегі қаулысы; 1996 жылдың 1-қаңтарына дейін қолданып келген 1991 жылы 22 маусымда қабылданып Қазақ КСР-нің "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңы; 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылданғап ҚРсы Президентінің "Жекешелендіру туралы" Заң күші бар Жарлығы; ҚР-сы Президентінің қаулысымен бекітілген 1991 жылғы 14 қыркүйектегі "Мемлекеттік меншіктегі жекешелелдірудегі купондық тұтқа туралы Ережесі"; ҚР-сы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 24 қаңтарда қабылданып, 1992 жылы 20 шілдеде өзгерістермен толықтырулар енгізілген "ҚР-дағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесі"; ҚР-сы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 3 ақпандағы "Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорын сатып алудағы меншік құқығын заңдастыру тәртібі туралы" және 1994 жылы 3 қаңтардан бастап қолданылып, 1995 жылы 11 қаңтарда өзгерістер енгізілген, "1992 жылы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулылары.
Кәмелетке жасы толмаған отбасы мүшесінің меншік құқығы ата-аналары үйді жекешелендіру жөніндегі шартты жасау нәтижесінде бұзылатын болса, онда оның мүддесіне ынталы ата-анасы немесе басқа адамдар тұрғын үйді жекешелендіру жөніндегі органға кәмелетке толмаған отбасы мүшесін шартқа қосуды сұрайды, немесе осындай талап-арызбен сотқа жүгінеді.[11,37]
Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес жекешелендірілген тұрғын жайдың меншік иесі болған азаматтар оны өз қалауынша иеленіп, пайдаланады және билік етеді. Бірақ бұл орайда басқа адамдар мен мемлекеттің заңды мүддесі бұзылмауға тиіс. Егер меншік иелері арасында иелену, пайдалану және билік етуге қатысты дау-дамай туып жатса, онда қатысушының кез келгені сотқа арыздана алады.
Тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі бойынша сатып алынған соң ол осы үйде тұратын азаматтардың ортақ меншігіне айналады. Ал оны қатысушылар арасында бөліске салу бұл үйдің меншік иесі тағайындалғаннан кейін мүмкін болады (ҚР-сы Жоғарғы Сотыныңн "Азаматтардың тұрғын үйін жекешелендіру бойынша заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" Пленумының қаулысы, 9-бап).
Егер үйдің меншік иесінің бірі өз үлесін сатқысы келсе, Азаматтық кодекстің 216-бабына сәйкес қалған меншік иелері өздерінің сатып алудың басым құқығынан бас тартады немесе бұл құқықты мерзімі өткенше жүзеге асырмай тұра тұрады.
5. Жай серіктестіктің ортақ меншігі. Кәсіпкерлік кызмет кезінде ортақ меншік өзіндік құқықтық ерекшеліктерге ие болады. Азаматтар, заңды тұлғалар заңды тұлға болмай-ақ бірлескен қызмет туралы шарт жасасады. Сөйтіп бірлескен меншікті пайдаланады. Демек, жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде құрылады екен. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді.
Шартқа қатысушылардың ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады (АК-тің 230бабының 2-тармағы). Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істерін жүргізу олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асады. Өзара келісім бойынша олар бірлескен кызметке басшылық етуді және ортақ істерді жүргізуді қатысушылардың біреуіне тапсыра алады, ал ол қатысушы бұл орайда шартқа өзге қатысушылар берген сенімхат негізінде әрекет етеді. Бірлескен қызметке жиналған мүлік әр қатысушының жеке балансында болады, ол өз кезегінде ортақ істі шартқа сәйкес жүргізеді. Бірлескен қызмет жөніндегі шартты орындауға байланысты операциялар өз алдына есепке алынып, қаржы есептерінің нәтижелері шығарылады. Ортақ істі жүргізетін қатысушы шартқа басқа қатысушыларды жасалып жатқан істің нәтижесімен, салық және басқа құжаттардың орындалуын хабарлап, ұсынады.
Бірлескен қызметтің нәтижесінде болған шығындар мен тапқан табысты бөлу шарт негізінде жүзеге асырылады.
Егер шартта мұндай тәртіп кезделмесе, ортақ шығындар мен залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен жабылады, ал жетпей жатқан сомалар олардың арасында осы мүліктегі үлестеріне қарай бөліп салынады (АКтің 231-бабы).
Азаматтық кодекс шартқа қатысушылардың мүлкіне ортақ үлесті меншік туралы нормаларды қарастырған (АК-тің 231-бабының 4-тармағы). Бұл меншікке катысушы басқа қатысушылардың келісімінсіз ортақ мүліктегі үлесіне билік етуге құқығы жок, бұл орайда ол тек ортақ қазанға түсіп, өзіне бөлінгеніне ғана билік ете алады. Жай серіктестікке қатысу құқығын өзгеге беру басқа қатысушылардың келісімімен ғана болады.[12,57]
Бірлескен қызмет туралы шартқа жай серіктестік шартына қатысушы өз қалауы бойынша бірлескен қызметке қатысудан бас тартуға құқылы.
Бірлескен қызметке катысушылардың қайсы біреуінің қатысудан бас тартуы салдарынан келтірілген залалдар, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, толық көлемде өндіріліп алынады (АК-тің 232-бабы).
6. Ортақ, бірлескен меншікті құрудың басқа да жағдайлары. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Азаматтық кодексте ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері болатыны айтылған
(АК-тің 219-бабының 2-тармағы). Соның бірі жай серіктестіктің түріне жататын — консорциум.
Консорциум — бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тең құқықты уақытша одақ (бірлестік) (АК-тің 233-бабы).
Консорциумға қатысушылар өздерінің шаруашылық дербестігін сақтап қалады және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметіне қатыса алады.
Консорциумға қатысушылар арасындағы қатынастар шарт негізінде құрылады. Консорциумды басқару консорциумға қатысушылардың консорциалдық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады. Консорциумға қатысушылар, консорциалдық келісімінде өзгеше, консорциум қызметіне байланысты міндетгемелер бойынша ортақ жауапты болады.
Консорциум өз қызметін, алдына қойған міңдеттерін орындағаннан кейін немесе оған қатысушылардың шешімі бойынша тоқтатылады.[13,30]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет