Құрбанбай Қуандық. ПТ-15 апта
1.Білім алушылардың өздік жұмыстарының аудиторияда және аудиториядан тыс жұмыстарының түрлері, оны ұйымдастыру әдісі.
Білім алушылардың өздік жұмысы – білім алушы білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. БӨЖ орындау арқылы білім алушы оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
БӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖБӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (БӨЖ) сабақтардан тұрады
БӨЖ-дің түрлері және ұйымдастыру әдісі:
Реферат - бет А4, көлемі - 8-10 бет, шрифт №14. (терілгеннұсқа). Құрылымы: тақырыбы, жоспары, кіріспе,тақырып актуальдылығы және практикалық маңыздылығы, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша.
Тақырып бойынша конспект – арнайы БӨЖ-ге арналған дәптерде орындалады. Құрылымы: тақырып аты, актуальдылығы, практикалық маңызы, салыстырмалы талдау, пайдаланылған әдебиеттер. Қажет жағдайда сурет, диаграмма т.б. графикалық материалдар болуы тиіс.
Қосымша сұрақтарды конспектілеу және үй тапсырмасын орындау – арнайы БӨЖ-ге арналған дәптерде орындалады. Қолданылған әдебиеттер, ұқыптылық, логикалық шешім және баяндау тілі бағалауда ескеріледі.
Кестелер мен суреттер, диаграммалар, графиктер - арнайы БӨЖ-ге арналған дәптерде немесе А4 бетте немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кестеніңатауы, терминдер анықтамасы және салыстырмалы талдау. Барлық кесте, сурет, диаграмма және графикке міндетті түрде талдау жасалу қажет. Диаграмма мен суреттерді арнайы компьютерлік программамен салып дәптерге қосымша келтіруге болады.
Кроссворд - арнайы БӨЖ-ге арналған дәптерде немесе А4 бетте немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кроссвордтың тақырыбы, атауы, сұрақтар, жауаптар. Кем дегенде 15-20 жуық терминнен тұруы тиіс.
Глоссарий - арнайы БӨЖ-ге арналған дәптерде орындалады. Терминдердің анықтамасы жазылады. Жеке дәптер арнап алфавит тәртібімен немесе жүйелік тақырыптық бағытта орындауға болады.
2. Білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері және орындау әдістері.
Білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.
Білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары білім алушыда ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.
ҒЗЖ-ға қатысу білім алушыны кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.
Білім алушының ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлеріне:
- оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының кей мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу;
- ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар;
- оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын іс-тәжірибелерге қосу;
- берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстары;
- студенттердің ғылыми үйірмелері;
- белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтар немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер.
- студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін айтулы іс-шараларға қатыстырылуы (оқу орнындагі, ЖОО-дағы, аймақтық, республикалық, халықаралық).
3.Білім алушылардың білімін бағалау түрлері.
Бағалау түрлеріне дәстүрлі бағалау, критериалды бағалау, формативті бағалау жатады.
Дәстүрлі бағалау: -жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер; -бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады; -бағалау тек мұғалімнің билігінде; -оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады; -оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді); -тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі; -бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Білім алушыға да, ата-анаға белгілі критерийлер бойынша оқыту нәтижесін біліп отырады.
Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді. Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады.
4. Рейтинг жүйесінің негізгі прициптері және тест түріндегі бағалау әдістері.
Қазіргі таңда білімді тексеру мен бағалаудың рейтингтік жүйесі кең көлемде қолданыста, өйткені жүйе жоғарғы оқу орындарында меңгерілетін білімді жеке-даралық тексеру құрылымының негізін қалайды. Студенттердің білімін бақылаудың психологиялық жəне педагогикалық мəні студенттерге дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық ізденісіне, қабілетіне сенім білдіру, сонымен қатар бағдарламалық талаптарды нəтижелі етіп орындауға ынталандыру, сапалы еңбекке баулу болып табылады. Білімді бақылаудың рейтингтік жүйесіне Н.А. Васильева, В. Наделяев, Т.С. Куликова, Н.Ю. Коробова, С. Ершиков, В.Е. Сосенко, Г.Н. Юшко, Л.Г. Устинованың ізденістері арналған. Мұндай түбегейлі зерттеулерден қазақстандық əдіскер-ғалымдар да тыс қалған жоқ. Олар оқытудың нəтижелерін тексеруде əрбір студентке жекелеген тапсырмалар берудің барынша тиімді екенін өз еңбектерінде дəлелдеп отыр.
Оқу барысында берілген, оқытылған материалдардың қаншалықты игерілгенін білу үшін тест түрінде бағалау жүргізіледі. Тестте барынша ең керекті материалдарды сұрау жүзеге асырылады. Тесттік бағалау кезінде жауап нұсқалары беріледі. Осы жағынан бұл бағалау түрі толық білімді көрсетпейді. Себебі, тестті тапсырушылардың ықтималдық арқылы жоғары балл алу мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |