15
минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз
ете алатын бірден бір ірі өндіріс орны болып табылады. Бұл фосфорит
шикізатын өткерер рынок пен оның тұтынушылары келешекте кімдер
болатындығын анықтап берді. Филиалда «Жастар» кенішінен шығатын
фосфорит кенін ұсақтаудың ең оңтайлы жүйесі енгізілген. Бұл тұйықталған
цикл бойынша жүретін ұсақтап-сұрыптау жұмыстары барысында
автокөліктік, эксковаторлық, бульдозорлық жұмыстар көлемін қысқартуға
мүмкіндік берді; «Шолақтау» өнеркәсіп алаңының қазандығы сұйық отыннан
анағұрлым үнемді әрі экологиялық тұрғыдан таза отын түріне–табиғи газды
пайдалануға көшірілді.«Шолақтау» ТКӨК құрылымына кіретін өндірістік
бөлімшелер аз емес:
Бұл - «Шолақтау» жерасты кеніші, ұсақтап-сұрыптау цехы, автокөлік
цехы, қуатпен қамтамасыз ету цехы, механикалық-жөндеу цехы, құрылыс-
жөндеу цехы, техникалық бақылау бөлімі, сатып алып-жабдықтау бөлімі
және ішкі режимді бақылау цехы. Бір-бірімен байланысты бұл
бөлімшелердің бәрі бірлесе, келісе отырып жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: