16
2 БАС ЖОСПАР
Басқарма - атқаратын жұмыс көлемі мен сапасына қарай филиалдың
бүкіл бөлімшелеріне жалпы басшылық жасайды.
Ұсақтап-құрғату цехы - шикізат материалдарын: фосфорит кесектерін,
кварцит, кокс, антрацит және тағы басқа құрамында көмірі бар шикізаттарды
түсіреді, қабылдайды, жинақтайды, ұсақтап, кептіреді.
Агломерат өндіру цехы - шикізат материалдарын шихталап, АКМ-312
агломерациялық машинанасында оларды кіріктіріп, агломерат алады; бұл
агломерат ұсақталып, суытылады, сұрыпталады; сосын дайындалған
агломерат сары фосфор цехына жөнелтіледі.
Сары фосфор өндіру цехы - шихта жасап, РКЗ-80 тәрізді
кендітермиялық пештерде олардан электрұқсату әдісімен сары фосфор
алады; феррофосфор мен түйіршіктелген қождарды ағытып-ағыздырады,
өңдейді; алынған фосфор өнімін әрі қарай өңдеп, тұтынушыларға өткеру
үшін сары фосфор қоймасына тасымалдап жеткізеді; феррофосфорды да
қоймаға тасымалдайды, ал түйіршіктелген қождарды думкарларға төгеді.
Термиялық фосфор қышқылын өндіру цехы – сары фосфорды оның
бестотығына дейін тотықтыру және гидратацияллау әдісімен термиялық
фосфор қышқылының дайын өнімін алады. Бұл қышқыл өнімін
тұтынушыларға теміржол цистерналарымен жөнелтеді, ал бір бөлігін НҮПФ
мен НГМФ өндіру үшін натрий үшполифосфаты цехына жеткізеді.
Сары фосфорды әрі қарай өңдеу цехы - сары фосфорды фосфор
шламынан арылтып, тауарлық сапаға жеткізеді, теміржол цистерналарын
жуып-шайып, тұтынушыларға жеткізу үшін оларды тауарлы фосформен
толтырады, фосфор шламын жағып, одан фосфор қышқылын алады.
Құрамында фосфоры бар ағынды суларды бейтараптандырып, тазалайды,
сода ертіндісі мен әктас сүтін дайындайды.
Натрий үшполифосфатын өндіру цехы – фосфор қышқылын кальций
содасымен бейтараптандыру әдісімен НҮПФ-ның дайын өнімін шығарады,
алынған ортофосфаттар ертіндісін сорғытып, қыздыру арқылы одан натрий
үшполифосфатын өндіреді.
Фосфор қышқылын зәрлі натрмен бейтараптандыру әдісімен алынатын
ортофосфаттар ертіндісін балқыту пешінде қыздырып, суытып, ұсақтау
арқылы гексаметафосфаттың дайын өнімін алады.
НҮПФ мен НГМФ-тын қаптар мен «Биг-Бег» контейнерлеріне салып,
буып-түйіп жинайды, тұтынушыларға жеткізу үшін теміржол вагондарына
тиейді..
Азот-оттегі-компрессорлау цехы - зауыт цехтарын газ тектес азотпен,
тығыздалған ауа, БӨА ауасымен, ауаны төменгі температурада
ректификациялау әдісімен алынатын газ тектес техникалық оттегімен
қамтамасыз етеді. Сұйық азот және сұйық оттегімен сырт тұтынушыларды да
жабдықтайды.
Технологиялық құрал-жабдықтар мен желдеткіш жүйелерін бір
орталықтан жөндеу цехы - цехтарда технологиялық құрал-жабдықтар мен
17
тозаңгазтұтқыш қондырғыларды жөндеумен, жылулықты сақтау және пеш
қабырғаларын кірпішті қорғаныш қалақтарымен өру, элоктрод қабықтарын
өсіру жұмыстарымен айналысады.
Механикалық-жөндеу цехы - жөндеу жұмыстарын жүргізіп, зауыт
цехтары үшін қажетті құрал-жабдықтар жасаумен айналысады. Цех: металл
кесіп, металл өңдейтін, ұсталық жұмыстарын жүргізетін станоктар паркімен,
электрдәнекерлеуші құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Құрылыс-жөндеу цехы - филиал цехтарында қалпына келтіретін
жөндеу жұмыстарын жүргізеді, ағаш бұйымдары мен қосалқы ағаш
құрылғыларын жасаумен, вагондарды жабдықтаумен, бетон ертінділерін
дайындаумен айналысады; құрылғылар мен құралжабдықтарды күйреуден
қорғап-сақтап қалу мақсатында: ылғалдан сақтандыру, шатыр жабу,
антикоррозиялық және химиялық қорғаныс шараларын жүзеге асырады.
Өлшеп-бақылау аспаптары мен автоматика, байланыс және АТҚ цехы -
өлшеп-бақылау аспаптары мен автоматика құралдарын жөндеп, зауыт
цехтарына қызмет көрсетеді; филиал цехтарын телефон және селекторлық
байланыс жүйелерімен қамтамасыз етеді; АБЖ жүйесін, заманауи ақпарат
технологияларын енгізумен айналысады, жалпыжүйелік және тар ауқымды
мәліметтер базасын жасап, олардың сақталуына қам жасайды, есептегіш
техникаларды жөндеп, күтімдік қызмет көрсетеді.
Сумен қамтамасыз ету және кәріз цехы - цехтар мен зауыт нысандарын
өнеркәсіптік, айналымды сулармен, ауызсуымен қамтамасыз етеді, кәріз және
тазартқыш құрылғылардың жұмыс істеуін қадағалайды.
Өнеркәсіптік бу қазандықтары мен жылу және газ жүйелері цехы -
зауыттың өндірістік қажеттіліктері үшін бу мен ыстық су дайындайды,
тұтынушы цехтарға табиғи газ жеткізеді
Электр қуатымен жабдықтайтын цех - электр қуатын қуат жүйелерінен
белгіленген электрлік жүктеме кестесі бойынша қабылдап алуды қамтамасыз
етеді, оны өңдеп, зауыттың технологиялық цехтарына бөліп беріп отырады.
Электрлік жөндеу цехы - барлық өндірістік цехтарға тиесілі және сары
фосфор өндіретін РКЗ-80 кентермиялық пештердің электрлі құрал-
жабдықтары мен машиналарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізіп
отырады.
Автокөлік цехы - өндіріс учаскелері мен ӘБП-н көлікпен қамтамасыз
етіп,
материалдық-техникалық
жабдықтау
жұмыстарын
жүргізуге
атсалысады.
Шаруашылық-тұрмыс цехы - филиал аумағындағы жерлерде
абаттандыру, көгеріштендіру жұмыстарын жүргізеді, цехтарға тиесілі
санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды жөндеп қызмет көрсетеді, кір
жуатын орында арнайы киімдер мен арнайы аяқкиімдерді жөндеуден
өткізеді, жуып-шайып, тазалайды.
ТБЗЖОБ цехы (техникалық бақылау мен зерттеу жұмыстарының
орталықтандырылған бөлімі) - өндірілетін өнім сапасының талап деңгейінен
көрінуін қамтамасыз етіп, түсіп жатқан шикізатқа бақылау жасайды,
18
технологиялық процестер мен дайындалған өнім сапасының нормативтік-
технологиялық құжаттарға сай болуын қадағалайды
Түйіршіктелген қож бен феррофосфорды тиеу цехы - түйіршіктелген
қожды құрғатып-сорғыту учаскесі мен қож жинайтын үйіндіден вагондарға
артады; феррофосфорды ұсақтап, буып-түйіп, вагондарға тиейді.
Әуе қызметі жөніндегі цех - заттектерін бөлетін орындардың ластағыш
заттар бөлуде белгіленген нормативтерді ұстануына, жұмыс орындарында
ауаның газбен бүлініп, тозаңдануына, олардың санитарлық-қорғаныс
аймақтарындағы ТКШ-не (тиесілі концентрациялық шегіне), ТГТҚ
(тозаңгазтұтқыш қондырғылар) жұмысы мен ағынды сулардың тиімді
тазартылуына мониторинг жүргізеді.
Емхана - кәсіби уланған, жарақаттанған, ауырған жағдайларда алғашқы
емалды көмектерін көрсетеді;
Әлеуметтік сала цехы - «Рассвет» балғындар сауықтыру лагерінің
ғимараттары мен құрылыстарын тиесілі дұрыс жағдайда ұстау; «Ақжар»,
«Сарыкемер» аңшылық қожалықтарында жануарлар мен өсімдіктер әлемін
қорғаумен, оларды жаңғыртып, көбейтіп отырумен айналысады.
Резиденция - «Қазфосфат» ЖШС келетін қонақтардың жайлы, жақсы
жатып-тұруын, бұл үшін қонақжай-шаруашылығы мен спорт кешендерін
тиесілі жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді.
Сары фосфорды әрі қарай өңдеу цехының бас жобасы 2.1-суретте
келтірілген.
2.1-сурет. Сары фосфорды өңдеу цехының бас жобасы
|