Реферат есеп б., дереккөз, қосымша



бет6/8
Дата28.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#131152
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Этникалық бірегейлену

Авторы және дерек көзі

Негізгі сипаттамалары

Oxford Dictionaries https://web.archive.org/web/20151117063449/http://www.oxforddictionaries.com/us/definition/american_english/national-identity

Ұлттық бірегейлік «ерекше дәстүрі, мәдениеті және тілі арқылы бейнеленген біртұтас ұлт» сезімі.



R. Emerson, From Empire to Nation

Ұлттық бірегейлік өзін ұлт ретінде сезінетін адамдар тобы.

R.D. Ashmore, L. Jussim, D. Wilder, eds., Social Identity, Intergroup Conflict, and Conflict Reduction

Ұлттық бірегейлік – адам бірегейлігінің бір немесе бірнеше мемлекетке, бір немесе бірнеше ұлтқа тиесілігін сезінуі (74-75 бб).

Y. Lee, Modern Education, Textbooks, and the Image of the Nation: Politics and Modernization and Nationalism in Korean Education

Ұлттық бірегейлік «айырмашылықты сезіну», «біз» және «олар» құбылыстарын тану ретінде қарастырылады (29 б.).

H. Kelman, Nationalism, Patriotism and National Identity: Social-Psychological Dimensions

Ұлттық бірегейлік ұлттың ұжымдық өнімі болып табылады (171–173 бб.).

E. Woods, R. Schertzer, E. Kaufmann, Ethno-national conflict and its management

Бірнеше этникалық топтар өмір сүретін елдерде этникалық және ұлттық бірегейлік қақтығысуы мүмкін (153–161 бб.).

J. Fearon, D.D. Laitin, Ordinary language
and external validity: specifying concepts in
the study of ethnicity

Этникалық бірегейлік отбасынан үлкен топ, оның мүшелігі ең алдымен шығу тегі бойынша және дәстүрлі түрде «табиғи тарихы» бар топ ретінде анықталады (20 б.).

J. Hutchinson, A.D. Smith, Ethnicity

Этникалық бірегейлік ортақ шығу тегі, ортақ тарихи жады, ортақ мәдениеттің Отанмен байланысы және ынтымақтастық сезімі туралы мифтер қалыптасқан адам популяциясы (6 б.).

Y.S. Phinney, Identity and Self-esteem

Үстем мәдениеттегі азшылықтың этникалық бірегейлігі өзгелер көзқарасымен тікелей байланысты (193-208 бб.).

Н.М. Лебедева, Социальная психология этнических миграций



Тұлғаның этникалық бірігейлігі бірегейленудің басқа түрлерімен салыстырғанда, дүниені ақпараттық құрылымдаудың ең көне және тұрақты түрлерінің бірі болып табылады (173 б.).

Осы сипаттамалар және айқындалған тұжырымдар негізінде екі ұғым арасындағы айырмашылықтарды анықтауды жөн санадық.


Ұлттық бірегейлік:

  1. Саяси және аумақтық бағыт. Ұлттық бірегейлік ең алдымен белгілі бір ұлттық мемлекетпен және саяси құрылыммен байланысты. Бұл көбінесе азаматтардың белгілі бір елдің саяси және құқықтық құрылымдарымен, азаматтығымен бірегейленуін қамтиды.

  2. Мәдени әралуандылық. Ұлттық бірегейлік мәдени әралуандылықтың кең ауқымын қамтуы мүмкін. Көптеген елдерде түрлі этникалық, тілдік және мәдени ортадағы адамдар өздерінің ортақ саяси көзқарастарына байланысты өздерін бір ұлттың мүшелері деп санауы ықтимал.

  3. Ортақ тарих пен нышандар. Ұлттық бірегейлік ортақ тарих, тарихи оқиғалар, ту, әнұран және ұлттық мерекелер секілді нышандармен байланысты. Бұл ортақ нышандар белгілі бір ұлтқа қатысты сезімді нығайтуға көмектеседі.

  4. Құқықтық мәртебе. Ұлттық бірегейлік құқықтық мәртебемен, азаматтық құқықтар мен міндеттермен тығыз байланысты. Ел азаматтарының әдетте азаматтыққа қатысты заңды байланыстары, міндеттері мен артықшылықтары болады.

Этникалық бірегейлік:

  1. Мәдени және бабалар бағыты. Этникалық бірегейлік мәдени, тілдік және бабалар байланыстарына негізделген. Ол көбінесе ортақ мәдени мұра, тіл, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді.

  2. Мемлекеттілікпен байланыстың жоқтығы. Этникалық бірегейлік ұлттық мемлекет, саяси құрылыммен байланысты емес. Этникалық топтар бірнеше елдерде, аймақтарда болуы мүмкін және олардың бірегейлігі саяси шекаралардан гөрі мәдени және тарихи факторларға негізделген.

  3. Тиістілік сезімі. Этникалық бірегейлік белгілі бір этникалық топ, қауымдастыққа қатыстылық сезімін береді. Тиістілік ортақ мәдени дәстүрлер, құндылықтар және сол этностың басқа адамдарымен туыстық сезімін қамтиды.

  4. Үнемі өзгеретін және көп қырлы. Этникалық бірегейлік өзгермелі және көп қырлы болуы мүмкін. Азаматтар түрлі этникалық топтармен бірегейленуі, түрлі шарттар мен тәжірибелерге негізделген этникалық бірегейлігін өзгеге бейімдеуі ықтимал.

  5. Заңдылығы аз. Ұлттық бірегейлік құқықтық мәртебемен тығыз байланысты болса, этникалық бірегейлік заңды және саяси құқықтармен байланысы азырақ. Мәселе мәдени тиесілілік пен ортақ мұра сезімі құбылысымен байланысты.

  6. Тарихи және мәдени маңызы. Этникалық бірегейлік тарихи тәжірибелер, көші-қон және мәдени дәстүрлерден тұрады. Сондай-ақ мәдени мақтаныш сезімі мен мәдени тәжірибелерді сақтауды қамтиды.

Қазіргі азаматтық қоғам мен демократиялық мемлекеттің қалыптасуына ерекше мән беретін ұлттық, либералдық және демократиялық бірегейлік тұжырымдамасы ұжымдық бірегейліктің танымал тәсілі болып табылады. Ұлттық бірегейліктің либералды түсініктерінің кейбір жақтаушылары ұлттық бірегейліктің қалыптасуы азаматтық қоғам құруға байланысты деп есептейді. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы этноұлтшылдық үндеулерге бой алдырған және өздерінің ата-баба ерекшеліктерін қайта ашқан көптеген этникалық топтардың ұлттық ұмтылысының күшеюінің куәсі болды. Этникалық топтар елдің құқықтық шекарасы оның этникалық құрамымен сәйкес келуі керек ұстанымы негізінде тәуелсіз мәртебе беруді талап ете бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық бірегейлік пен өсіп келе жатқан этникалық бірегейлік арасындағы бәсекелес қақтығыстардың күшеюіне әкеледі.
Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлік категорияларын талдау кезінде көзімізге бірінші түсетіні - ғалымдар арасында осы тұжырымдамаларға қатысты ғылыми көзқарастардың кеңдігі байқалады. Екінші байқалатыны – аталмыш ұғымдар түсіндірмелерінде әр автор пікірлерінде өзгелерден басқаша түбегейлі көзқарастар қалыптасқан. Осы себептерге байланысты, түсініктерге қатысты танымал және ықпалды тұжырымдамаларының пайда болуы, дамуы және қазіргі әлеуметтік-саяси контекстегі пікірлерді сыни талдадық.
Қорыта айтқанда, зерттеушілер әлемде болып жатқан оқиғаларды дұрыс түсіндіргісі келсе, саяси-әлеуметтік көзқарастар аясындағы ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлікті түсінудегі жоғарыда сипатталған мағыналық айырмашылықтарды ескеруі қажет. Қоғамдық және әлеуметтік ғылымдардағы ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлік арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты түсіну көптеген жылдар бойы жемісті зерттеу саласы болады деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет