Реферат факультеті : география және табиғатты пайдалану Кафедрасы: кадастр және жерге орналастыру



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата16.05.2023
өлшемі421,85 Kb.
#93307
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Купжасарова Алина кадастр срс

Негізгі бөлім 
 
Геодезиялық жұмыстар
Пландық-картографиялық материал жерге орналастыру объектісін 
жазықтық (горизонталь) және вертикаль (биіктіктік) жақтарынан сипаттайды 
және белгілі дәлдіктегі әртүрлі жобаларды, оларға техно-жұмыс сызбаларын 
құру үшін, арнайы зерттеулер (топырақтық, геоботаникалық, мелиоративтік 
геологиялық және басқа) жүргізуде, суландыру және құрғату жүйелерін 
жобалауда және ауыл шаруашылық қызмет көрсету объектілерінің 
орналастыру орнын анықтау үшін; сондай-ақ, жерді рекультивациялауды, 
жыралардың еңістігін көлбеулету және тегістеуді жобалауда және басқа жер 
бетін өзгерту және өндіріс қажеттілігіне келтіруге бағытталған жұмыстарда 
қолдануға жарамды болу тиіс.
Бұл мәліметтерді алудың негізгі әдістері мен тәсілдері геодезия 
ғылымымен зерттелетін әртүрлі геодезиялық өлшеулерді жүргізу.
Геодезия – жер бетін өлшеу жайында ғылым, оның мақсаты жердің 
формасы мен көлемін зерттеу, пландар, карталар, профильдер құру және 
жергілікті жерлерде басқа да инженерлік мәселелерді шешу. Геодезия 
әдістері мен тәсілдерін жерге орналастырушылар, топырақ танушылар мен 
геоботаниктер, мелиораторлар мен құрылысшылар, агрономдар мен жеміс-
көкөнісшілер, 
орманшылар 
мен 
гидротехниктер 
және 
басқа 
халықшаруашығы мамандары қолданады. 
Геодезия инженерлік ғылым ретінде математика, астрономия, физикаға 
сүйенеді, география мен геология, топырақтану мен геоморфология, өсімдік 
тану мен геоботаника, жерге орналастыру мен жерді мелиорациялаумен және 
басқа салалық ғылымдармен және ғылыми пәндермен тығыз байланысы бар. 
Жердің формасын және мөлшерін халық шаруашылығы қажеттіліктері 
үшін, әсіресе ауылшаруашылығы үшін геодезия арқылы зерттеу, келесі 
сұрақтардың шешілуін талап етеді: жер беті элементтерін, оның құрам 
бөліктерін арнайы геодезиялық аспаптар мен құралдар арқылы өлшеуді, 
өлшеу нәтижелерін өңдеу және оларды бір жүйеге келтіруді; өлшеу 
нәтижелерін рәсімдеу және оларды планға, картаға және басқа графикалық 
құжаттарға түсіруді. Аталған жұмыстарды геодезия арқылы орындауда 
нүктенің орналасқан орнының проекциясын, бойлығын, ендігін және т.б. 
анықтау қажет. Жер бетін бейнелеу тәсілдеріне карталар, пландар, 
профильдер жатады. Координаттар жүйесінің тірек пункттері ретінде 
триангуляция, полигонометрия пункттері немесе іргелес орналасқан жер 
пайдаланудың 
шекаралық 
нүктелері 
алынады. 
Халық 


шаруашылығы картографиядан ғылымның , техниканың жетістіктерін және 
оларды графикалық іске асыру жолдарын пайдалана отырып құбылыстарды 
жан-жақты, әртүрлі бейнелеуді талап етеді. Жер, су, энергетикалық, еңбек 
және басқа ресурстар, еңбекті ұйымдастыру және ауылшаруашылық 
өнімдерін алу жүйелері арнайы ауылшаруашылық карталарында нақты 
бейнеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет