Кадастрда қолданылатын геодезиялық жұмыстар
Кадастрға
қажет
геодезиялық
жұмыстар.Геодезиялық
жұмыстар
жүргізудің негізгі принциптері. Өлшеулер қаншалықты үқыптылықпен
жүргізіліп, қолданылатын аспаптар қаншама жетілдірілген болса да,
өлшеулердің азды-көпті қателері кетіп отырады. Оған кез-келген шаманы
бірнеше рет өлшеген кезде, оңай жеткізуге болады. Бастапқы нүктелерден
алыстаған сайын, өлшеудің дәлдігі азайып, қателіктер көбейе береді.
Өлшеудің дәлдігін тек қатенің абсолюттік не салыстырмалы шамаларына
қарап қана жобалауға болады. Қателердің ұлғайып-азаюын, дәлдігін арттыра
түсу үшін, елімізде өлшеу жұмыстарын сезімтал аспаптар арқылы қажетті
дәлдікке сай белгілі әдістермен шебер өлшеуші адамдар жүргізеді.
Геодезиялық жұмыстарды ғылыми түрде жүргізу төмендегі принциптердің
міндетті түрде орындалуын қажет етеді: 1. Геодезиялық тірек торларын
"жалпыдан жалқыға көшу" деген принциппен әрі қарай дамыту, яғни
алдымен
геодезиялық
бастапқы
торлары
құрылады,
олардың
координаталары жоғары дәлдікпен табылады да, олар әрі қарай жиілетеді. 2.
Өлшеу, есептеу және графиктік жұмыстардың әрбір кезеңдерін міндетті
түрде тексере отырып, бастапқы өлшеулер нәтижесінің дәлдігіне көз
жетпейінше,
кейінгі
өлшеулерге
кіріспеу. Инженерлік-геодезиялық
зерттеулердің нәтижесі құрылыс жұмыстары жүргізілетін аудандағы жердің
табиғаты туралы ақпарат болып табылады.