Қорытынды
Ғылым – адамзат үшін өте қажетті құндылық. Қоғамда ғылымды тарату жолында барынша күш салуымыз керек. Ғылым – шамшырақ. Міндет – осы шамшырақтың сәулесін барлық жерге түсіру. Біле білген адамға ғылым адамзаттың айналасында болып жатқан дүниелерді түсінуіне кедергі келтіретін, шынайы ақиқатты тануға бөгет тудыратын сауатсыздық пердесін жояды. Өйткені сауатсыздық адамды соқыр хайуанға дейін жеткізбек. Ғылым – әрбір адамның бақытты болуына кепілдік беріп, оларды адамдықтың биік шыңына бастай білсе ғана пайдалы. Негізінде, жаңа бір құбылысты зерделеген сайын өзіңнің білетініңнен білмейтінің көп екенін және оның шексіздікке созылатынын, одан сабақ алған адам ғана дұрыс ойлай алады, әрі оның ғылыми пайымдауы да жоғары болатыны сөзсіз. Ғылым-білім арқылы еңбекпен қол жеткізген мансап пен шен басқа бір жолдармен жеткен лауазымнан әлдеқайда жоғары, әрі ғұмыры да ұзақ.
Ғылым адамды жамандық атаулыдан алыс етіп, абырой биігіне апарып, зор бақытқа кенелтеді. Қандай да бір жоғары мақсатқа жетелемеген таным – жүрек пен ойға таңылған артық жүк сияқты.
Ғылым, білім, ізденіс –
Өз-өзіңді тануың.
Танымасаң өзіңді,
Не пайда оқып, жарығым?!
Түрік ақыны Жүніс Әміренің осы бір сөздері адамға ой салады.
«Көңіл – терең теңіз, білім – тереңінде жатқан інжу-маржан», – деп Ж.Баласағұн да білім мен ғылымның оңайлықпен адамға қонбайтынын, оған көңіл тұнықтығы керектігін айтып отыр.
Өмірде әр адамның қадірі мен қасиеті, бағасы айналысып жүрген ілімінің байлығы мен шамасына, қамтуына қарай өлшенеді. Ілім-білімді тек қана «өсек-аяң» аясынан асырмай пайдаланатындардың бағасы мен қадірі де сол шамалас. Ең нашар дос – надандық, ең адал дос – ғылым. Ғылыммен қаруланған жандар, соғұрлым биязы, мейірімді боп келеді. Өйткені ғылым биязылықпен ұштасса, түпсіз тұңғиыққа бойлайтыны анық. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,– деп бес нәрсеге асық болуға шақырған.
Жас уақытта ғылымға көңіл бөліп, тез үйренуге насихаттаған өлеңі талапшыл, терең ойлы, қанағатшыл, рақымшыл болуға шақырса, өсек, өтірік, еріншектік, бекер мал шашпақтық – ғылымның қас жауы екендігін баса көрсеткен.
Дереккөздер
https://tolqyn.kz/kogam/10483-ylyma-shtarly-zdenske-krlk.html
https://ulagat.com/2020/08/30/ғылым-не-береді/
https://www.opiq.kz/kit/62/chapter/2334
https://kk.unansea.com/ғылымның-этикасы-ғылыми-қызметтің/
Достарыңызбен бөлісу: |