Реферат философия пәні бойынша (пәннің атауы) Тақырып: Философия және өнер Қабылдады



бет2/3
Дата18.11.2022
өлшемі43,04 Kb.
#50975
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат

Негізгі бөлім


Эстетикалық өнер


Эстетикалық мәдениет— өзінің көпқабаттылығынмен сипатталатын күрделегі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшелетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде түрінде емес, жай ғана қайта өңдіріп қоюмен шектеледі. Мәдиеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.. Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субьекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеьерлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б . талап етуі мүмкін.
Тіпті музыкат немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажеттігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда , ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.
Фарабидің Ғылымдар классификациясын XI ғасырдың өзінде монах Гульдисал латын тіліне аударып, оны барлық Еуропа елдеріне танымал етті. Әбу-Насырдың музыкалық теориялық еңбегіне деген үлкен қызығушылық танытқан үлкен толқын XIX ғасырда басталды десе болады. Оның музыка саласына арнап жазған шығармаларына көптеген шығыстанушы- ғалымдар үлкен мән берді. Мысалы, Вилоттоның Араб музыкасы (1826) Косегартен, Ланд, Кизеветтер, Сальвадор-Даниэль секілді ғалымдардың еңбектерінен Фарабиге жасаған сілтемелерді көруге болады.
1974 жылы Лейденде Ланд Араб музыкасы деген атпен Музыканың улкен кітабының тарауларынан аударылған аударманы жарыққа шығарды. Сондай-ақ, Фараби музыкасы Ресейде де Танымал болған . П.П. Сокальский музыка теориясының жалпы эволюциясына тоқталып өткен.
XX ғ. Еуропада Фарабидің музыкалық еңбектерін қарастыру үшін арнайы зерттеулер жүргізіледі.
1930 жылы Музыканың улкен кітабын бірінші рет толық түрде Рудольф д Эрландже француз тіліне аударып, жарыққа шығарады
Фарабидің музыкалық мұрасын Кеңес Одағы ғалымдары ішінен В.М. Беляев, И.Раджабова, Т. Вызго, Д. Рашидова, А.Джумаев секілді ғаламдар зерттеген болатын. Ғұламаның музыкалық-теориялық көзқарасы ғылымның философия және математика салаларында еңбек етушілердің, атап айтсақ, А.К. Көбесов, О. Матякубов, А.Х. Қасымжановтың еңбектерінде орын тапқан.
Жоғарыда айтылған көптеген зерттеулерге қарамастан, Фарабидің музыкалық мұрасын түсінуде көптеген мәселелер әлі де болса қала бермек. Ең маңыздыларын атап айтсақ, Фарабидің музыкалық –теориялық шығармасының дұрыс интерпретациясын, аудармасын жасау үшін әр түрлі салаларда: теория және музыкалық эстетикасын; музыка ырғағын, жанрларын, формаларын, музыка органологиясын толық түсіну үшін арнайы зерттеулер жүргізу керек екенін айтып кетсек артық болмас.
Бүгінгі таңда рухани мәдени дүниетанымды қалыптастыратын нақтылы да терең философиялық маңызы бар міндет.Рухани дүние мен мәдени таным негіздерінің байланысы адам баласының жан дүние байлығының терең де сергек ,сезімтал болып қалыптасуына көмектеседі. Рухани мәдени қалыпты өмірге алып келуде халықтың рухани мұра үлгілері бірден-бір қажетті құрал ретінде қолданылады. Күй өнері және оның мәдениеттанулық ерекшеліктерін «күй», «қоңыр», «саз-сарын», «ырғақ» ұғымдары шеңберінде жан-жақты талдау арқылы қарастырғанда ғана анықтай аламыз. Осы аталған ұғымдардың ішінде әсіресе «саз-сарын», «ырғақ» арақатынастарының негізінде мәдени таным түсінігі қалыптасып, мәдениеттанулық өлшемдер анықталады. Күй өнерін мәдени-философиялық тұрғыдан талдай отырып қажетті таным-түсініктер мен ой-пікірлерді зерделей пайдаланғанда, қажетті түйін-тұжырымдар жасап белгілі нәтижеге қол жеткізуге болады. Күй өнерін мәдениеттанулық тұрғыдан зерттеудің бағыт-бағдарының маңызын есте ұстай отырып, оны халықтың рухани құндылық дүниесі ретінде құрастыру көзделінеді:
Біріншіден, халықтың өзімен өмір табалдырығын бірге аттаған мәдени-рухани дүниесі ретінде қарастырып, талай-талай асулардан шыңдала жеткен асыл қазынасы ретінде тану.
Екіншіден, өмірдің қилы-қилы кезеңдерінде тірек болған сүйеніші ретінде тану:
Үшіншіден; өмір суреттерін шынайы танытып бере алған өнері ретінде халық болмысына арқау болған құбылыс ретінде тану:
Төртіншіден, күй өнері мәдени-философиялық ойға, яғни халықтың таным түсініктеріне негіз болған үлгісі ретінде құрастыру көрсеіледі.
Күй-халықтың рухани өмірлік қажеттіліктерінің ерекше формасы. Күй өнері оны мәдениет-танулық ерекшелігі адам жанына ләззат беруімен ғана шектелмейтіндігіне де,ол адам болмысымен, өмірмен күндестігінде. Күй өнер ретінде адамдардың тұрмыс тіршілік қалыптарындағы қарым-қатынас құралы болуымен қатар әлеуметтік жағдайларды реттеушілікте қызметтері бар. Күй өнеріне байланысты айтылатын көзқарастар мәдени таным мәселесі күй сазының сезімдік табиғатына үңілдіредіде, ондағы айтпақ сырдың тереңіне бойлатылады. Сондықтан да күй рухани құндылық дүниесі ретінде жаныңды жай тапқызыдырар күмбірімен халыққа рух,жігер береді, әріділдік қасиеті қалыптастыратын құбылыс ретінде қымбат. Қандай жағдайда болмасын күй өнері –халықтың өткен өмір жолдарының шежіресі ретінде халықтың өмір сү.рі қалыптарына арқау бола білген құбылыс. Қазіргі кезде қазақ халқының өзін-өзі тану сияқты маңызды мәселелеріне, атап айтқанда мәдени, рухани байлығына мән берілмей отырғаны аян. Оған бүгінгі таңдағы халыптасып отырған ұлттық құндылықтар мен батыстан келген құндылықтардың ар-қатынасын айтуға болады. Сондықтан да бізге өзімізді ұлт ретінде сақтап қалу үрдісінде ертеден қалыптасқан озық үлгілі рухани,мәдени байлықтарымызды ұлттық құндылықтар ретінде танытыпқарастырған абзал. Қазіргі таңда ұлттық мәдени мұраларға ерекше ықылас қалыптастыруды алдымызда тұрған мақсат, міндет ретінде
түсініп,халықтың өзіндік қадір қасиетін танытатын түсініктер мен көзқарастарды қалыптастырып, халық болмысының құндылық негізін нығайту жауапкершілігі тұр. Әр уақытта халық қалыптастырған руханидүниеге негізделген мәдени мұрамен қаруланып соған арқа сүйеген дұрыс. Себебі бұл дүниенің шынайылығына деген сеніміміз мол.Сондықтан да күй өнері мәдени құндылық ретінде қымбат.
Дүние тіршілік,біртұтас ғарыштық жүйеге, ырғаққа бағынады. Тәңірінің жаратуымен биосфера –Жер планетасының генофонды бар, әрбір тірі, жанды, жансыз табиғаттың бір-бірімен құпия жалғасқан өз ұшы бар. Жалғасып, үйлесіп негізгі жүйені құрайды. Адам баласына керек дүниенің барлығы біртұтас жүйеге негізделген табиғи қызметімен орайласып жатады. Адамның табиғи өрісі –қоңырға, сол табиғаттағы өскендердің заңы бойынша анықталады.Сол табиғилық адам тіршілігіне ықпал етеді. Ал адамның да табиғат өрісіне, қоршаған ортасына әсері де зор. Ол табиғи өріске зиян келтірмейтіндей сол заңдылықтарды ұстана өмір сүргенде ғана үйлесімділік ырғағы орнығып, ұлы табиғат өрісі –қоңырдың табиғи айналымы қуаттады. Дүниенің күн нұрында өсіп өркендеуі, сылдыраған бұлағы, өзен суы барлығы күй өнерінде біртұтас дүние екені шертіледі, әрі оны поэзиядан бастап қуаттайды. Осыған орай халықтың саз өнері және оның тылсымдық қуат-қарымы жөнінде айтылған дүниелер аз емес, соның бірі «Қоңыр» ұғымымен байланысты . Қоңыр ұғымы тек бояц түрін ғана анықтамайды. «Қоңыр ұғымы дүние –тіршіліктің де қыр-сырын ұғындырып, оның мәдени-философиялық мәнінің терең екендігіне көз жеткізеді. Ақын Біләлов Оралтайдың қоңыр сөзіне қатысты концепциясы: «Ұлттық ділдің өзіндік жүйесі бар. Ол жүйе халықтың ұлттық рухани-энергетикалық-эгрогорлық өрісінің аясында пайда болады. Рухани-энергетикалық өріс халықтың ел болып, тарих сахнасына шығуына біраз бұрын халықтың аспандағы Иесі ( Көк Тәңірі) және басқа да иелерінің тарапынан жасалытын манифестация нәтижесінде және халықтың өз тарапынан жасалынатын манифестациядан пайда болады…
Ал түркі елдерінің, оның ішінде қазақтың рухани өрісі қоңыр»
Кез-келген халықтың тіршілік еткен ортасына лайықты қалыптастырған рухани-энергетикалық өрісі бар. Осы рухани өрісті қазақ халқы «қоңыр» деп атаған. Халық өз тарапынан қалыптастыратын энергетикалық өрісті күшейту үшін Тәңірлері мен киелердің тарапынан келетін өрістерін қуаттай отырып, жоғары күш иелері мен киелерімен байланыс бірлігін түзеп отырған. Сонда ғана адамдардың ниет, пиғылдары өзгеріске түсіп, киелі өрістің шапағаты молаяды. « Рухани өрісіміз, яғни қоңырымыз күшті болса, соғырлым ұлттық діліміз қуатты болмақ»,-дейді ғалым Нәжімеденов Жұмагелді. « Өлең өзінің мазмұндық құрылымына тән сазды, байсалды әуенді қажет етеді. Кең, шалқыма әуенді, әнді бұрынғы қазақтар қоңыр әндер немесе молқы ән деп атаған. Қоңыр әндер қазақ даласына өте көп тараған. Мұның сарқыншақ үлгілерін байтақ қазақ даласынан күні бүгінге дейін көруге болады. Сонамен қатар әуен талғампаздығы оның философиялық сипатымен қабаттас екен. Философиялық ойдың қара өлеңмен қойындасуында сыр жатыр. Философиялық зерде мен категолиялар жалпы халықтық тілден оқшаулана алмауына байланысты, философиялық ой қазақша атауға өте ұрымтал. Қазақ тілі философиялық атауларға бай, тек тұспа лын таба біл,» — дейді философ Ақатаев Сәбетқызы. Ғалым С. Ақатаев айтқандай қоңыр сөзінің қатысы тек ән мен күйге ғана емес, сонымен қатар кеңістігіне, тіршілігіне тағы басқаларға қатысы бар. Сондықтан да қазақ дүниетанымының бір тетігі ретінде «қоңыр» ұғымын алуға болады. Қоңыр ең алдымен халықтың тіршілік ету кеңістігі, өзін қоршаған әлемі, қоңыражай қалыпты мекені, соған лайықты іс-әрекеттер: ойлауы, сезінуі, қабылдауы. Географиялық орта дегеніміз –қоғамдық өмірмен тікелей байланысты түсіп, қарым-қатынас жасайтын, дамуына тікелей қажетті болып табылатын табиғат дүниесінің бір бөлігі. Біз тәнімізбен, жанымызбен географиялық ортаға байланыстымыз. деген философ Кішібеков Досмұхамедтің жасаған тұжырымдамасы, ой-пікіріміздің дұрыстығын дәлелдей түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет