Реферат «Гемопоэз. Эмбрионалды және постэмбрионалды»


Эмбриондық кезеңдегі қанның жасалуы



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі17,07 Kb.
#132924
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
гемопоэз

2.2. Эмбриондық кезеңдегі қанның жасалуы
Эмбриондарды қан бастапқы кезде сарыуыз қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек майында және лимфа түзуші органдарда жасалады. Эмбриондық қан жасалу кезінде қанның түзілуі мен бірге тамырлар жүйесінің қалыптасуы жүреді. Бұл процес жүретін жерде мезенхиманы клеткалары топтанып пішінін өзгертіп жұмырланып қан аралшықтарына, қан тамырының бастамасына айналады. Аралшықтардың саны тез өседі, қысқа түтікшелерге айналады, олар кейін қосылып жалпы тамырлар жүйесін құрайды. Гемоцитобластылар шала жіктелген жасушалар, сондықтан олар даму процесі кезінде қанның кез келген жасушасына айнала алады. Эмбриондық қан жасалу кезінде қанның пішінді элементтерінің дамуы сарыуыз қапшығы қабырғасының тамырларында жүретін эритроциттердің түзілуінен басталады. Лейкоциттердің дамуы кейін жүреді, қан жасалу қызметі бауырға ауысқан кезде.
Эритроциттердің түзілуі гемоцитобластларда гемоглобиннің жиналуынан басталады. Гемоглобин жиналуының салдарынан цитоплазма базофильдігін жойып бірте – бірте қышқыл бояғыштармен боялатын, яғни оксофильді болады. Мұндай жасушаны алғашқы эритробласт деп атайды. Бөліну қабілетінен ажырамай көбейе береді. Цитоплазмасында гемоглобин мөлшері артып. Ядросы жойылып эритробласт алғашқы эритроцитке айналады. Бастапқы кезде қан жасушалары бауырда пайда болады. Бауыр тамырының эндотелийі біраз уақыт жаңа қан жасушаларын түзе алады, кейін тоқталады, оның рөлін тамырдан тыс қалыптасатын шала жіктелген мезенхималық элементтер гемоцитобластлар атқарады. Бауырда эпителиалдық бездік жасушалар дами бастаған кезде, ол асқорыту органына айналадыда, қанның жасалуы тоқталады. Осы кезден бастап қанның жасалуы сүйектің қызыл кемік майында, көк бауырда, лимфалық бездерде және басқа кейбір ретикулалық ұлпаның жиынтығында жүреді.
2.3. Ересек организмдегі қанның түзілуі
Постэмбриондық гемопоэз эритроциттер, гранулоциттер, тромбоциттер, агранулоциттер түзілетін мамандалған гемопоэтикалық ұлпаларда, миелиндік және Т –және В – лимфоциттер мен плазмоциттер жіктелетін лимфоидтық ұлпаларда жүреді. Гемоцитобластлардың бөлінуі кезінде кіші көлемді, цитоплазмасының базофилдігі айқын байқалатын жасушалар пайда болады. Бұл жасушаларды эритробластлар деп атайды. Олар көбейіп гемоглобин жинайды. Гемоглобиннің жиналуына байланысты рибосомалардың саны кеміп цитоплазманың базофильдігі азайып негізгі ғана емес қышқыл бояғыштармен бояла бастайды. Осыған байланысты эритробластларды полихроматофильдік эритробластлар деп атайды. Полихроматофильдік эритробластлар жедел көбейіп, бірте – бірте өлшемі кішірейіп, ең соңында цитоплазмасы оксифильді, үлкендігі эритроциттерге жуық оксифильдік эритробластлар немесе нормобластлар деп аталатын эритробластларға айналады. Бұл жасушалардың ядросы кішірейіп, солып плазмолемаға жақында цитоплазманың аздаған бөлігімен жасушадан шығып кетеді. Ядросынан айрылған оксифильді нормоцит ретикулоцит деп аталады. Гемоглобиннің жиналу процесі аяқталғаннан кейін ретикулоцит жетілген эритроцитке айналады. Ересек организмдерде эритропоэз мына схема бойынша жүреді: гемоцитобласт – проэритробласт , базофилді эритробласт — полихромотофилді эритробласт – оксифилді эритробласт – ретикулоцит – эритроцит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет