Реферат ХІХ ғасыр әдебиетінің қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп,теориялық негізделуі



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі70,7 Kb.
#65976
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
19 ғасыр срс


ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




РЕФЕРАТ
ХІХ ғасыр әдебиетінің қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп,теориялық негізделуі


Орындаған:Балтабай Аружан Ержанқызы
Тобы: ҚТӘ-201
Қабылдаған:Бисенбаев Пазылбек Қуанбайұлы

Алматы 2023 ж
ЖОСПАР:

I КІРІСПЕ............................................................................................................................

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ.............................................................................................................



  1. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

  2. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әдебиеттану ғылымында зерттелуі



III ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


I КІРІСПЕ
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды. Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың советтік дәуіріне аяқ басқан алғашқы ширегін қамтитын ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті кезеңі үш дәуірге сұрыпталып қарастырылмақшы. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет те, үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет деп желіленді. Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі негізінен қазақ ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген тұсы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет