Реферат "Қылмыс заты" Орындаған: Жанғазықызы Ж. Тексерген: Самуратова А, Жоспар



Дата08.12.2022
өлшемі20,52 Kb.
#55745
түріРеферат
Байланысты:
Жанғазықызы Ж СРСП 2


Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университеті

Реферат
“Қылмыс заты”


Орындаған:Жанғазықызы Ж.
Тексерген:Самуратова А,

Жоспар

1-бөлім.Қылмыс заты …………………………………………………………………………3-бет
2-бөлім. Қол сұғушылықтың затын және оның белгілерін анықтау…………………………………………………………………………………………………..4-бет

Қылмыстың заты.


Қылмыстың заты ұғымы және оның маңыЗЫ
Қылмыстың заты дегеніміз- осы қылмыс объектісінің мазмұнына кіретін қылмыс жасау кезінде тікелей ықпалға ұшырайтын материалдық және рухани заттар.Мысалға автокөлік ұрлап кетсе, оның иесінің меншік қатынастары қылмыс объектісі де, автокөлік- қылмысзаты.
Қылмыстың заты қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.
Дегенмен де қылмыстың объектісінен оның затын ажырата білген жөн. Өйткені
біршама қылмыстар оның затына, бұйымына әсер етумен байлансты болады.
Қылмыстың затына әсер ету арқылы қылмыскер оны бүлдіру, жоюы немесе ОНЫҢ
жағдайын өзгертуі мүмкін. Мысалы, диверсия жасағанда әр түрлі
құрлыстар,кәсіпорындар жойылуы мумкін,ұрлықта зат меншік иесінің иелігінен
қылмыскердің иелігіне өтуі мүмкін.Қылмыс жасау барысында қылмыскердің
тікелей әскер етуіне тап болатын материалдық заттар, бұйымдар ҚЫЛМЫСТЫҢ
заты болып саналады. Қылмыстың затын оның объектісімен шатастыруға болмайды. Қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар, ал қылмысТЫҢ заты сыртқы
дүниедегі материалдық нәрселер,қылмыскер соған әсер ету арқыл тиісті
объектіге қол сұғуды жүзеге асырады, яғни қоғамдық қатынастарды бұзады.
Мысалы, бiреудiн автомашинасын Ұрлауда қылмыстын заты болып,
Автомашинаның өзі болады, ал объектiсi болып соған меншіктік құқығы саналады. Міне осы қоғамдық қатынастар (заты емес) қылмыстын объектiсi болып табылады. Қылмысты саралау үшін де қылмысты қол сұғу затынын манызы ерекше. Кейбір жағдайларда кылмыс затынын құны, бағасы қылмысты саралауға тiкелей әсер етеді. Мысалы, iрi мелшердегі, aca iрi мөлшердегі зиян ұрлықтың, мулікті ысырап етудiн дұрыс саралануына тікелей әсері бар. Кейбір жағдайларда қылмыс затының құрамының өзіне құсас қылмыстарды бiрiнен-бiрiн
ажыратуға, қылмысты әрекетті Қылмысты емес әрекеттен ажыратуғатiкелей әсер
етеді. Мысалы, атыс қаруын ұқыпсызсақтау қоғамдық қауiпсiздiкке қарсы ҚОЛ сұруды құрайды (253-бап). Ал аншылық мылтығын ұрлау меншікке қарсы қылмыс болып табылады. Қылмыс затынын мәнi, оның ерекшелiгi жазаның көлемiне де әсер етеді. Мысалы, Ұрланған мүліктің
көлемі оны саралауға, жаза келемiн белгілеуге әсер етеді. Құжаттарды колдан жасаганы ушiн жаза тағайындағандақұжаттың құндылығы еске алынады. Құжат аса кунды болса, соған орай жаза да катанырак болып белгiленедi. Қылмысты қол сұғушылықта қылмыс
заты әр түрлі күйге душар болады.
Біреудің меншігін қылмысты жолмен иемденсе, сол мүлік бастапқы түріне қала береді, өзінің материалдық құндылығын жоғалтпайды. Мысалы, ұрланған ақша бәз қалпында сақталуы мүмкін. Кейбір жағдайларда қылмыстың заты,мысалы,азық-түлік өнімдерінің түбірімен өзгеріске түсуі немесе жойылып кетуі,я болмаса ішіп-жемге ұшырауы мүмкін.
Қылмыстың барлығында қылмыс затын кездестіре бермейміз. Кейбiр қылмыстарда мемлекетке опасыздыҚ (165-бап), бұзақылық (257-бап), әйел зорлау (120-бап), қорлау (130-бап), қиянат жасау (307-бап) сияқты қылмыс құрамында қылмыстық қол сұғудың заты болмайды. Қылмыстың затын ҚЫЛМЫС істеудің құралынан ажырата білуіміз
керек.
Қылмыстың құралы дегеніміз қылмыскердің сол құрал арқылы затқа қол сұғып әсер етуін айтамыз.Мысалы,атылатын қару кісі өлтіруде, шабуыл жасап тонауда, қылмыстың құралы ретінде пайдаланылады. Бір зат бір қылмыста қылмыстың заты болса, екінщісінде қылмыс істеу құралы болып кетуі мүмкін. Мысалы, тапанша ұрлағанда ОЛ қылмыстың заты ретінде, ал оны шабуыл жасап пайдаланғанда ҚЫЛМЫСТЫҢ құралы болып саналады. Яғни, қылмыс
жасаудың құралы материалдык заттар болуы мүмкін (кісі өлтіруде - қару, ұрлықты автокөлік). Қылмыстың заты кей жағдайда занның өзінде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сатуды (206- бап) алайық. Заң бұл жерде ҚЫЛМЫСТЫҚ Қол сұғушылықтағы оның заты болатын нәрселерді банкноттар мен мәнеттер мемлекеттік бағалы қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы
қағаздар деп тізбектей көрсетіп отыр.Қылмыстық кодекстің 210-бабында кымбат металдардын, табиғи асыл тастардың немесе інжу-маржаннын заңсыз айналымы ушiн кылмыстык жауаптылық көрсетілген. Осы бапта да кылмыстың заты заңның мәтінінде ап-айқын аталып тұр. Кейбiр реттерде қылмыстың объектiсiне қол сұғу қоғамдық қатынастың субъектісіне әсер етуі арқылы өз көрiнiсiн табуы мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық қатынастың субьектісі болып жәбiрленушi танылады. Өйткені, жәбірленушіге әсер ету нәтижесінде соғанматериалдық, моральдык немесе баскадай зиян келтiрiлуi мумкiн. Мысалы,қорлауды алайық (131-бап).
Қорлау арқылы кінәлі адам негізгі объекті адамның жеке басына қол сұғу арқылы жәбірленушінің ар-намысы, қадір-қасиетіне әлепсіз түрде кемсіту арқылы оған моральдық зиян келтіреді. Қол сұғудың заты қылмыс құрамында жалғыз болуы мүмкін (мысалы, мулік қылмыстардағы материалдық заттар)бірақ сонымен қатар бірнеше қол сұғу заты бар құрамдарда болуы мумкін(мысалы, бандитизмнің барысында кол сұғушылықтың заты болыП материалдык заттар, мекемелердiң қызметі табылуы мумкін).Затқа әсер ету жолымен қоғамдық қатынастардың бұзылуы жағдайы барлық уақытта қол сұғылған зат шығынға ұшырайды дегенді білдірмейді.Мысалы,мүлікті ұрлау барысында қылмыскер затка залал келтірмей керiсiнше оның материалдық құндылығын сақтауға тырысады.Қол сұғушылықтың затын және оның белгілерін анықтаудың үлкен практикалык манызы бар:
а) қол сұғушылықтың затында болған өзгерістер қылмыс оқиғасының болғандығын дәлелдейді, себебі кез келген қылмыстың нәтижесі әдетте ҚОЛ сұғушылықтың затында болған өзгерістерден байқалады (мүліктің меншік иесінің иелігінен шығып кетуі, жәбірленушіге дене жарақатының келуі,лауазымды тұлғаның өзі жасауға тиісті іс-әрекеттерді жасамауы және т. б. )
б) қол сұғушылық затының сипаты қылмыстық іс-әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға қызмет етеді (мысалы тапсырыс берушінің материалынан суық қару жасау тыйым салынған әрекет болса, ал ұстаның өз материалынан ауыл шаруашылығыныҢ саймандарын жасауы қылмыс болып саналмайды).
в) қол сұғушылық затына келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері коп жағдайларда іс-әрекетті саралауға ықпалын тигізеді (мысалы, келтірілген залалдың мөлшеріне байланысты зан талан-таражды елеулі, ірі, аса ipi мөлшерде деп бөледі соған байланысты олар әртүрлі сараланып жазалауға ұшырайды);
г) қол сұғушылық затының белгілеріндегі айырмашылықтар кейбір аралас құрамды қылмыстарды ажыратуға мүмкіндік береді, себебі әртүрлі заттар әртүрлі қоғамдық қатынастардың элементі ретінде көрініс береді.Мысалы,лауазымды тұлғаның мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды жоғалтуы ҚК-тің 173 бабында қарастырылған қылмыс болып табылады ал мемлекеттік құпиялары жоқ заттар мен құжаттарды жоғалтуы тиісті жағдайларда 316 бапта қарастырылған салақтық болуы мумкін.
д) қол сұғушылықтың затында тиісті белгілердің болуы жауапкершілікті ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар болып табылуы мүмкін.Мысалы азаматтың төлқұжатын,жеке басының куәлігін немесе жеке басының басқа маңызды құжатын ұрлау ҚК-тің 324 бабының 1-ші бөлімімен сараланса, пайдакүнемдік мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесінде ресми құжаттарды, мөртаңбаларды, немесе мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру 324 баптың 2-бөлімімен саралануы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет