2.3 Қылмыстың құрамы: қылмыстың обьектісі; қылмыстың субьектісі;
қылмыстың обьектік жағы; қылмыстың субьектік жағы.
Қылмыстық кұқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының
жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы жəне нақты қылмыстың
кұрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес,
ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың
түсінігінен қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы
анықталады жəне өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының
белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы
нақты қылмысқа тəн белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ
əрбір
қылмыс
құрамында
барлық
қылмыстардың
кұрамына
тəн,
жиынтығында кылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни
кез-келген қылмыстар кұрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар.
Қылмыстық құқық теориясы əрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті
элементтерді:
қылмыстың
объектісін,
қылмыстың объективтік жəне
субъективтік жақтарын, субъектісін атап керсетеді. Осы белгілерге орай кез
келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге
бөлінеді.
Əрбір
қылмыс
құрамында оның объектісін, объективтік,
субъективтік жақтарын, жəне – субъектіні бейнелейтін белгілері міндетті
түрде болады. Осы элементтердің əрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі
болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуінің жоқ болуы
қылмыс құрамының, мүлде жəне қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ
екендігін көрсетеді. Қылмыстың құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс
құрамына тəн осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы
немесе
басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс кұрамының
элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы, қылмыстың субъективтік
жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субьективтік жағы деп
аталады.
Қылмыстың
объектісі
деп,
сол
қылмыстық
қиянаттың
неге
бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана
алғанын айтамыз. Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар
болып табылады. Қылмыстық кұқықта олар шартты түрде жалпы, топтық
жəне тікелей объект болып бөлінеді. Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын
қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың коғамға зиянды
іс-əрекеттің сипаты мен дəрежесін белгілеу үшін жəне оны саралау үшін
маңызы ерекше.
Қылмыстың сыртқы пішінің, көрінісін сипаттайтын белгілердің
жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Объективтік жағының
белгісіне ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі
— адамның əрекеті немесе əрекетсіздігі жатады. Қоғамға қауіпті əрекет
немесе
əрекетсіздіктің
нысандары
мен
түрлері
қылмыстық
заң
тұжырымдарында əр түрлі жəне жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру,
өмірді жою, қауіпті жағдайда қалдыру, т. б.). Біршама қылмыс құрамының
объективтік жағы əрекет немесе əрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы
жəне іс-əрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген
белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың объективтік жағын сипаттауда
оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тəсілдері
де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің
дəрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы
белгілерінің маңызы зор. Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне
қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген коғамға қауіпті
іс-əрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың
белгілеріне кінə, ниет жəне мақсат жатады. Кінə екі түрлі нысанда:
касақа-налық жəне абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс табады.
Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық), екінші
біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасақаналықпен
де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Кінəнің нысанының көпшілігі
қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген
жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы
анықталады. Кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне
қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдакорлық ниетпен
кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру. Қылмыс
құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда
кылмыстың жəне қылмыскердің, қауіптілік дəрежесін анықтау үшін жəне
жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық заң
бойынша қылмыстың субъектісі болып, қылмыстық жауаптылықка тартылуда
кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс
жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толған (14, 15-бап)
жеке адамдар жатады.
Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің жалпы белгілері
болып: жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады.
Кайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден
бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Əдетте, мұндай
қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың
шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек қана
мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал əскери қылмыстардын субъектісі
болып əскери кызметшілердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін
белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мəселелерін
шешуде жəне жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда
қылмыстық құқық теориясында қылмысытың кұрамының жалпы тусінігі,
қылмыс құрамының кажетті, міндетті белгілері жəне факультативті белгілері
болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын
ашуға, қылмысты іс-əрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыстың
құрамының кажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс
құрамында болатын белгілер. Ондай белгілердің кем дегенде біреуінің
болмауы қылмыс құрамының мүлде болмауының көрінісі болып табылады.
Мұндай белгілерге жататындар: əрекет немесе əрекетсіздік, кінəнің нысаны,
адамның есі дұрыстығы жəне оның белгілі жасқа толуы.
Қылмыс кұрамының факультативті нышандары дегеніміз бұл заң
шығарушының кейбір қылмыс кұрамдарын сипаттау үшін қолданатын
белгілері болып табылады. Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт,
қылмыс істеу тəсілі, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың заты, қылмыстың
арнаулы субъектісі, қылмыстың зардабы, себепті байланыс.
Егер факультативтік белгі сол немесе баска бір кұрамда атап көрсетілсе,
онда ол өзінің мəні жағынан осы құрамның кажетті, негізгі белгісіне айналып
кетеді. Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тəсілі
— мүлікті ашықтан ашық алу, осы кылмыстың белгісі. Егер факультативтік
белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға əсер
етпейді. Тек қана қылмыстық-құқылық жаза белгілегенде есепке алынады.
Мысалы, қызметшінің құжаттарды қолдан жасау қылмысын саралауда оның
қандай тəсілмен, қандай кұралмен істелгені есепке алынбайды (314-бап).
Бірақ қолданылған тəсіл, мақсат, жаза тағайындалғанда сөз жоқ ескеріледі.
Қылмыс құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты
сақтауда жəне оны нығайтудағы маңызы орасан зор.
Қылмысты дұрыс саралау үшін, нақты қылмыс құрамдарының белгілерін
тиісінше дұрыс түсіну кажет. Осындай əдіс қылмыс құрамының жалпы
белгілерін білуге жəрдемдеседі. Ал қылмыс кұрамының жалпы түсінігі нақты
қылмыс құрамын қатесіз табудың аса кажетті сатысы болып табылады.
|