2.1 Қылмыстық құқық материалдың құқықтық негізгі саласы ретінде.
Құқық саласы-өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық қатынастардың
ортақ болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен институттардың
бөлектенген тобы.Сондықтан оларды жіктеп,жеке дара дербес топтар-ға
біріктіру қажет.Құқық нормалары объективті түрде топталады,өйт-кені олар
бірінен-бірі өзі ықпал ететін қоғамдық қатынастардың айыр-машылығына
байланысты ерекшеленеді.Бір келкі қоғамдық қатынас-тарға ықпал ететін
институттардың жəне кейде мүмкін ,жеке норма-лардың да жиынтығы
құқықтық саласы деп аталады.
Мемлекеттік немесе Конституциялық құқық құқықтың жетекші саласы
болып
табылады.Бұған
мемлекеттің
құрылысын,органдар
қызметінің
принциптері
мен
міндеттерін,мемлекет
пен
адамның
құ-қықтарын,бостандықтары
мен
міндеттерін,өкіметтің
өкілді
органдары-ның сайлану тəртібін жəне тағы басқаларды реттейтін құқықтық
нормалар
мен
институттар
кіреді.Бұл
нормалар
Конституцияда
қорға-лып,бекітіледі.
Мемлекеттік құқық-құқықтың жетекші саласы,өйткені ол барлық мемлекеттік
жəне қоғамдық ұйымдастырудың негіздерін бекітеді.
Əкімшілік құқық мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру жəне
олардың атқарушы өкім ету қызметінің барысында пайда болатын қо-ғамдық
қатынастарды реттейді.
Қаржы құқығы-мемлекеттің қаржы қызметінің барысында қалыпта-сатын
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нориаларының жиынтығы.
Еңбек
құқығы-жұмысшылар
мен
қызметшілердің
қоғамдық
қатынас-тарын,əкімшілік пен кəсіподақ арасындағы қатынастарды,еңбек
дау-ларын қараудың,еңбекшілерді қартайған шақта жəне де ауыр-ған,мүгедек
болған немесе асыраушысынан айрылған жағдайда мате-риалдық қамтамасыз
ету тəртібін реттейді.
Азаматтық құқық- ауқымы жағынан ең үлкен құқық саласы,ол азаматтардың
арасындағы
жеке
қатынастарды:мемлекеттік,коопера-тивтік,қоғамдық
ұйымдардың,азаматтардың арасындағы мүлік туралы,сондай-ақ мүліктік емес
те қатынастарды реттейтіннормаларды қамтиды.
Шаруашылық құқық-шаруашылық қызметке басшылық жасаудың жəне оны
жүзеге асырудың тəртібін белгілейтін,сонымен бірге əр түрлі ұйымдардың
жəне олардың бөлімшелерінің арасында қалыптасатын шаруашылық
қатынастарды реттейтін жəне ұйымды əрі нəтижелі шаруашылық жүргізуді
қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар жиынтығы.
Отбасы құқығы-некеге тұрудың шарты мен тəртібін,оны тоқтату-дың
негіздерін,ерлі-зайыптылардың
ата-аналар
мен
балалардың
,асырап
алынғандарымен жəне басқа туыстардың арасындағы жеке жəне мүліктік
емес қатынастарды тəртіптейді.
Бұл саланың нормалары қорғаншы мен қамқоршы,азаматтық хал актілерін
тіркеу тəртібі сияқты мəселелерді қамтиды.
Жер құқығы-құқықтың саласы,оның міндеті қазіргі жəне келешек ұрпақтың
мүдделері үшін жерді ғылыми негізде,ұтымды жəне нəтижелі пайдалану мен
қорғауды реттеу,оны пайдаланудың тиімділі-гін арттыруға жағдайлар
жасау,жер пайдаланушы ретінде əр түрлі ұйымдар мен азаматтардың
құқықтарын қорғау,жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып
табылады.
Қылмыстық құқық-құқықтың дербес саласы,яғни Қазақстан Республикасы
заң шығарушы органдарының пайымдаған,қандай əрекеттердің қылмыс
болып табылатынын жəне оны жасағаны үшін қандай жазалар болуы мүмкін
екендігін белгілейтін заң нормаларының жүйесі.
Құқық негізі жөнінде əңгімелегенде бəрінен бұрын құқықтың пайда болуы
мен оның əрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы
əңгімеге арқау болады.Мұндай қозғаушы күштер мемлекет-тің құқық
шығармашылық ісі ,үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері жəне ең
соңында қоғамның материалдық жұмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді.Сондай бола тұрса
да құқық негіздері дегеніміз-қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде
бекітілген жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның
ерік-жігері.
Əдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді:
• Құқықтық əдеттер;
• Сот прецеденті үлгілері;
• Құқықтық келісім-шарттар;
• Нормативтік құқықтық актілер;
Негізінде
қазақ
даласында
құқықтық
əдет-ғұрыптар
қоғамдық
қатынас-тардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дəлел: «Қасым ханның қасқа жолы»(XV ғ.), «Есім ханның ескі
жолы»(XVI ғ.), Тəуке ханның «Жеті жарғысы»(XVIII ғ.).Сонымен қатар қазақ
қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық, құқықтық əдеттерін
дамытқан.
Сонымен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық əдеттер де
қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады.
Құқық рецеденті-жоғары мемлекет органдары (сот) қабылдаған нақты шешім.
Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақты өз еркімен жасалған, ресми
түрде бекітілген,мемлекет күшімен қамтамасыз етіле-тін келісім -шарт.
Нормативтік құқықтық актілер-құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде
қалыптасады.
Тəуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана норма-тивтік
актілер арқылы қалыптасуда.Құқықтың нəр алатын бастауы-Қазақстан
Республикасының Конституциясы.Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші
бар жəне Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.Одан
төмен
заңдар
ерекше
қатынастарды
рет-тейді.Одан
кейінгі
жай
заңдар.Конституцияға
өзгерістер мен қосымша-ларды Республикалық
референдум немесе парламент енгізеді.
Мемлекеттің дамуы-мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің,жеке меншіктің
пайда болуы нəтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс топқа бөлінуінің
туындысы.Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-əрекетінің нəтижесі
ретінде қалыптасатын,қоғам өмірін қалып-тастырудың нысаны мен оның
негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің
күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының ,дамуының бірнеше түрі бар:
1. Шығыс елдерінде (Иран,Индия,Қытай,Араб т.б.)мемлекеттің қалыптасуы
негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты.
Шығыс елдеріндегі мемлекеттің қалыптасу себептеріне:
-ірі ирригациялық жүйелерд жасау;
-оны
іске
асыру
үшін
құлдарды
,жұмысшыларды
жүйелі
түрде
топтас-тыру,біріктіру;
-барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады;
2.
Еуропалық
елдерде
мемлекет
жеке
меншіктің
шапшаң,күрделі
дамуы,қоғамдық тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Құқықтың дамуы–адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объек-тивтік
заңдылықтардың
бірі.Ол-əлеуметтік
нормалардың
қалыптасып,
қарым-қатынастарды
реттеп,басқаруы
жəне
əлеуметтік
нориалардың
(əдет-ғұрып,салт-дəстүр,мораль,діни нормалары) қоғамның даму про-цесінде
бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы.Сонымен қоғамда мемлекеттің өзі
қабылдаған,бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды:заң,заңға тəуелді
келісімдер,шарттық нормалар,заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды.Біріншіден,мемлекеттік қоғамдық меншік-ті
реттеу моральдық,діни нормаларға сүйенеді.Мысалы:Индияда Ману заңына
сүйенсе,мұсылман елдерінде-құран заңына сүйенеді.Екіншіден, жеке меншік
бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар
арқылы реттеп отырып басқарады.
Мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуы туралытеориялар:
1)Теологиялық
теория-мемлекет
пен
құқық
Алланың
əмірімен
қалып-тасып,дамып келеді деп түсіндіріледі.
2)Табиғи
теория-бұл
теорияны
жақтаушылардың
пайымдауынша,
мемлекетті,құрлықты ешкім ойлап тапқан жоқ,олар адаиның өзі сияқ-ты
табиғаттан бастау алып,əділеттілікке негізделген абсолюттік ұғым-дар деп
атайды.
3)Тарихи теория-осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан
бастау алып,тарихпен бірге жетілген дейді.
4)Патриархалдық теория-мемлекет адамдардың отбасы тəжірибесінен
қалыптасқан адамзаттардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсатта-рын
жүзеге асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
5)Психологиялық
теория-адамдардың
психологиялық
біріккен
көз-қарасы,іс-əрекеті,мінезі,тəртібі-бəрі келісіп,ұжымдық түрде келісуі.
Мемлекет-белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көнді-ріп
отыратын,бүкіл қоғам атынан ішкі жəне сыртқы саясатты жүзеге
асыратын,барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже қағидаларды
шығарып,қабылдайтын,халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси
ұйым.
Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
1. Мемлекеттік билік-ерекше көпшілік билігі,яғни халық билігі.
2. Мемлекеттің əкімшілік жүйеге бөлінеді,азаматтары,шекарасы белгіленген
əкімшілік-территориялық аумақта тұрады.
3. Ішкі жəне сыртқы саясатты жүргізуде тəуелсіз.
4. Билік жүргізетін органдардың болуы.Бұл органдарда тек қана басқару
қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
5. Заң шығару құқығы болады жəне заңдарды мемлекет аумағында
тұратындардың бұлжытпай орындауы.
6. Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын ұстауы жəне əлеуметтік
мəселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді:
1. басқару нысан 2.саяси режим 3.мемлекеттік құрылым нысаны
Басқару нысанына оның жоғарғы,орталық жəне жергілікті органдары-ның
құрылу жолдары,олардың қарым-қатынасының принциптері жəне оларды
сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттің басқару жолдарымонархия жəне республика деп екіге
бөлінеді.Монархияда жоғары билік бір адамның қолында болады жəне бұл
билік
мұрагерлікпен
беріледі.Мысалы:Англия,Бельгия,Норвегия,
Швеция,Жапония жəне Дания жатады.
Егер мемлекеттерде жоғарғы жəне төменгі органдардың бəрі сйлау-мен
белгілі бір мерзімге құрылатын болса,осындай мемлекеттік басқару формасы
республикалық деп аталады.Қазіргі кезде республи-каның екі формасы
көрсетіледі:президенттік (АҚШ,Франция,Ресей, Түркия,Қазақстан т.б.) жəне
парламенттік республикалар (Италия).
Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекеттік құрылымның нысаны
жатады.Бұл-мемлекеттің жергілікті əкімшілікке бөлінуі,сол бөлімдердің бір
–бірімен
қатынасы
жəне
мемлекет
пен
бөлімдердің
арасындағы
байланыстары.Мемлекеттер осы бойынша унитарлы, федеративтікжəне
конфедеративтік болып үшке бөлінеді.
Мемлекеттің нысанының соңғы элементі-саяси режим.Мемлекеттің саяси
режимін,оның
қолданатын
əдістерінен,азаматтарды
құқықтыры
мен
бостандықтарының дамуы жəне кепілдіктері,демократиялық институттарды
қолдануынан білуге болады.Саяси режим демократия-лық,демократияға
қарсы болған режимдер болып бөлінеді.
Мемлекеттердің қызметтері күрделі екі топқа бөлінеді:
Ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді:
1)Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:
-экономикалық;
-əлеуметтік;
-қаржы реттеу;
-мəдениет бағытындағы;
-экологиялық;
-құқықтық тəртіпті реттеу жатады.
2)Сыртқы қызметтеріне:
-шет мемлекеттермен екі жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту;
-мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып,жақсарту;
-мəдени жəне ғылыми –техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;
-дүниежүзілік ғаламдық мəселелерді реттеп,іске асыру;
-мемлекеттің қорғанысын,қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жəне т.б. жатқызуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |